Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


– тақырып. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы



бет53/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

9 – тақырып. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.
Дәріс жоспары
1.Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.
2.Кінә қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде.
3.Кінә мазмұнындағы интеллектуалды және ерікті компоненттердің арақатынасы кінә нысандарын ажырату жіктері ретінде.
Дәріс тезистері
Қылмыстың субъективтік жағы - адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланыс жоғының көрінісі. Ол кінә, ниет, мақсат арқылы сипатталады.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілерінің барлығы бір мағына бермейді. Қасақаналық немесе абайсыздық барлық қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгілері. Ниет пен мақсат кейбір құрамдар үшін міндетті, ал кейбір құрамдар үшін факультативті белгілері болады.
Субъективтік жағының мәні қылмысты саралау үшін ұқсас құрамдарды ажырату, жауапкершілікті жекелеу үшін қажет болып табылады.
Заңда кінәлінің жалпы түсінігі берілмеген. Заң шығарушы кінәнің психологиялық, әлеуметтік, қылмыстық құқықтық түсінігін оның формалары арқылы береді. Кінәнің формалық айырмашылығы тұлғаның жасап жатқан іс әрекетіне түсіну деңгейі және зардаптарды көре білуден және кінәлінің еркінен тұрады.
ҚК 19 б 3 бкінәнің 2 формасы көрсетілген: қасақана және абайсыздық. Кінәнің әр формасы психиканың қызметінің интеллектуалдық және еріктік элементтерден тұрады.
Кінәнің мәні:

  1. Ол қылмыстық жауапкершіліктің субъективті негізі болады

  2. Оның формалары ниет және мақсат объективтік белгілерімен ұқсас қылмыстарды ажыратуға жол ашады.

  3. Оның формалары, ниет және мақсаты қылмыстың және қылмыскердің қоғамға қауіптілік деңгейін және сипатын, қылмысты жіктеуге және жауапкершіліктің деңгейіне әсер ету туралы анықтауға әсер етеді.

Объективті айыптау іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке кінәсіз де тартуға жол береді. ҚК 19 б 2 б бойынша объективті айыптауға яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
Жанама қасақаналық адам зардаптың болуын тілегенмен оның болуына саналы немесе немқұрайлы түрде жол беру дегеніміз кінәлінің есінде жетуге тырысқан басқа мақсаттар тұрады. Сол мақсаттарға жету процесінде сол зардаптар келеді. (Мысалы банкті тонаудан кейін қылмыскерлер сол жерді кедергісіз тастап кету үшін қоршағандарға оқ жаудырады, яғни қылмыскерлер біреуді жарақаттау мүмкіндігін немесе өлтіруіне саналы түрде жол береді немесе немқұрайлы қарайды.
Жанама қасақаналы іс-әрекеттер келтірілген зардаптарына байланысты, мысалы, егер тура жақын жерден оқ ату барысында қару мүлт кетсе онда оның іс-әрекетін адам өлтіруге оқталу деп қаралу керек. Ал егер кінәлі бір топ адамға атса оның әрекетін келтірілген зардапқа байланысты саралау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет