Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»



бет67/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Қажетті қорғаныс
Қажетті қорғаныс – озбырлық жасаушыға зиян келтіру жолымен қоғамдық қаупі бар озбырлықтардан заңға сәйкес заңды қорғану.
Қорғану егер ол озбырлыққа және одан қорғануға қатысты бірқатар қоғамдық талаптарға жауап беретін болса, қажетті, қылмыстық жауапкершілікке әкелмейтін деп танылады.
Озбырлық:

  1. қоғам үшін қауіпті;

  2. орын алған;

  3. шынайы болуы тиіс.

Жеке тұлғаның мүдделеріне, қоғамдық мүдделерге, мемлекет мүдделеріне қоғамдық қауіпті озбырлық орны алуы тиіс. Озбырлық, заңның айтуынша, қауіпті, бірақ міндетті түрде қылмыстық болмауы тиіс. Мысал үшін есі дұрыс емес адамның немесе қылмыстық жауапкершілік пайда болатын жасқа жетпеген тұлғаның шабуылы қылмыстық деп қарастырыла алмайды, бірақ қауіпті сипатқа ие осындай адамдардың шабуылына қарсы қажетті қорғануға жол беріледі.
Заңды, заңға сәйкес әрекеттерге (мысалы сот орындаушысының әрекеттеріне қарсы) қажетті қорғанысқа жол берілмейді.
Озбырлықтың болуы уақыт ішіндегі қажетті қорғанудың шектерін анықтайды. Қажетті қорғану құқығы озбырлық әлі орын алмаған, бірақ оның шынайы қаупі бар кезде, ол анық, міндетті түрде болатын кезде пайда болады. Қатердің шынайылығы туралы нақты фактіге қатысты болған нәрсенің барлық жағдайларын талдаудың негізінде тұжырым жасауға болады. Дайындалып жатқан немесе күтілетін озбырлыққа қарсы қажетті қорғануға жол берілмейді. Егер озбырлық аяқталса: оған тойтарыс берілсе, ерікті түрде тоқталса, қажетті қорғану құқығы жойылады. Өзін-өзі қорғау актісі аяқталған озбырлық жасау актісінен кейін болған, бірақ істің жағдайлары бойынша қорғанушы үшін озбырлық жасаудың аяқталу кезеңі анық болмаған жағдайда қажетті қорғану қалпы орнын тапқан деп есептеліне алмайды.
Озбырлық қиялда көрінген емес, шынайы (реалды) болуы керек.
Жасалу қаупі болмаған, көрінген, яғни шынайы болмаған озбырлыққа қарсы қажетті қорғануға жол берілмейді. Сол себепті қиялдағы шындығында жоқ озбырлыққа қарсы «қорғанушы» тұлғаның әрекеттерін қажетті қорғану деп қарастыруға болмайды. Мұндай жағдайларда жорамал қорғану орын алды. Жорамал қорғану кезінде қажетті қорғануға тән барлық жағдайлар жоқ болады, бірақ та тұлғаның ой-қиялында олар бар және ең алдымен тұлға қауіпті озбырлық бар деп санайды. Жорамал қорғану – бұл іс жүзіндегі қатенің түрі, және жорамал қорғаныс кезіндегі тұлғаның жауапкершілігі туралы мәселе осындай қатенің кінәнің түріне әсерінің ережелері бойынша шешілуі тиіс. Мұндай жағдайларда, оқиғаның бүкіл жағдайлары қорғану құралдарын қолданған тұлғаға шынайы озбырлық орын алды деп санауға жеткілікті негіздер берген, ол өз тұжырымының қателігін түсінбеген кезде істің жағдайларына қарай тұлға не абайсыз әрекеттері үшін жауап беруі мүмкін, не қылмыстық жауапкершілікке мүлдем тартылмайды.
Егер тұлға жорамал қорғану кезінде жәбірленушіге шынайы озбырлық жағдайларында мүмкін болатын зиянның шектерінен анық артық зиян келтірсе, ол қажетті қорғану шектерінен асып кеткені үшін жауапкершілікке тартылады.
Қорғауға жататын қажетті қорғаныстың талаптары:

  1. қажетті қорғану жолымен жеке, қоғамдық, мемлекеттік мүдделерді қорғауға болады;

  2. қорғау озбырлық жасаушыға зиян келтіру жолымен жүзеге асырылады;

  3. қорғану қажеттілік шектерінен аспауы керек.

Қажетті қорғаныстың шектерінен асып кетуді заң қорғаудың озбырлықтың сипаты мен қауіптілігіне сәйкессіздігі деп таниды, оның нәтижесінде озбырлық жасаушыға озбырлықтың алдын алу немесе тоқтату қажеттілігінен айқын туындамайтын зиян келтіріледі. Анық сәйкессіздік дегеніміз - озбырлықтың алдын алу немесе тоқтату үшін ауыр зиян келтірілетін кезде қорғаудың озбырлықтың сипаты мен дәрежесіне анық, күмән тудырмайтын қауырт сәйкессіздігі (ҚК 32-б. 3-бөл.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет