Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет65/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Жақын арадағы 
даму аймағы 
(ЖАДА) 
Л.С. Выготский енгізген ұғым; «баланың өз бетінше орындай 
алатынын дағды, қабілеттерімен анықталатын нақты білім деңгейі 
мен оның әзірше өз бетінше орындай алмайтын, бірақ ересектердің 
немесе құрдастарының көмегімен жете алатын әлеуетті даму 
деңгейінің арасындағы аралық» дегенді білдіреді. 
Ақпарат
Қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстар, олардың 
өлшемдері, қасиеттері мен күйлері туралы мәліметтер.
Ақпараттық 
сауаттылық 
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ақпаратты тиімді 
және сын тұрғысынан іріктеп, талдау және құра білу, сонымен қатар 
сол технологиялардың құрамдас бөліктері мен функцияларын білу. 
Бірлескен оқу 
Бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар 
арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқу 
үдерісіне қатысушы әрбір тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті 
мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып 
белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім 


алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында 
өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. 
Ынтымақтасқан оқу топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы 
ымыраға, келісімге қол жеткізуіне негізделеді. 
Ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар 
балалар 
Денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша 
қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу 
бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет 
ететін балалар. 
Сындарлы оқыту 
теориясы 
Оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері 
немесе сыныпта түрлі дереккөздерден (педагогтен, оқулықтан, 
құрбыларынан) алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген 
тұжырымға негізделген теория.
Оқытудағы бұл тәсіл оқыту зерделеу, эксперимент, жетекшілік ету 
арқылы жүргізілетін зерттеу, тапсырмаларды шешу, ойлану сияқты 
белсенді зерттеулер көмегімен түсініктер мен дағдыларды 
қалыптастыру арқылы құрылу керек деген идеяға негізделген. 
Оқыту мен оқуда сындарлы тәсілді қолдану балалардың ұғым-
түсініктерді терең түсіну қабілетін дамытып, балаларға өздерінің 
алған білімдерін оқудан тыс жерде қолдана білуге жағдай жасайды. 
Креативтілік 
Тұлғаның дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан 
айрықша, жаңа бірегей идеяларды қабылдауға және ұсынуға 
дайындығымен ерекшеленетін және дарындылық құрамында 
қарастырылатын шығармашылық қабілеті, сондай-ақ проблемаларды 
басқалардан өзгеше қарастырып, оларды ерекше тәсілдермен шешу 
қабілеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет