Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-30.2 Топырақ өңдеудің топырақ қорғау тәсілі және оның құнарлылығы



бет33/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2

28-30.2 Топырақ өңдеудің топырақ қорғау тәсілі және оның құнарлылығы.

Қазақстанда, сибирь мен Оңтүстік Уральдың далалы аудандарында дәнді дақылдарды баптап өсіру үшін пар танаптары мен күзде полоскорезбен өңделген танаптарды егіс алдында өңдеудің зор маңызы бар.Бүкіл осы климаттық аймақ үшін біржылдық арам шөптің ішіндегі ең зияндыыс қарасұлы болып табылады.Ғылыми мекемелердің зерттеулері совхоздар мен колхоздардың прақтикалық тәжірибесі алдындағы өңдеуді дұрыс және уақтылы жүргізген жағдайда қарасұлының көгін едәуір мөлшерде құртуға және егіннің онымен ластануын шұғыл азайтуға,ал бір сыпыра реттерде толық дерлік жоюға болатынын айқын дәлелдейді.жаздық бидайдың тұқымын себуден бұрын танапты егіс алдында өңдеу керек,оны негізінен қарасұлы жаппай көктеп шыққаннан кеәін жүргізген жөн.Соның өзінде жаздық бидай мен басқа да дәнді дақылдардың тұқымын сол аудан үшін ең қолайлы агротехникалық мерзімде себу қажет.(4-таблица)


4-кесте
Қарасұлы басқан танапата егіс алдында өңдеудің және тұқым себудің мерзімдеріне байланысты жаздық бидайдың шығымдылығы және егістің қарасұлымен ластануы



Егіс алдындағы культивация менсебу мезімі

Өнім(1 гектардан ц)

Қарасұлымен ластануы
(1м2-дегі сабағының саны)

1961 ж

1962ж

Орташа 2 жылғы

1961ж

1962ж

Орташа 2жылғы

2 май
15 май
22 май

5,5
11,6
15,0

16,9
10,4
10,6

6,2
11,0
12,8

55
65
22

272
114
23

213
89
22

4-таблицада келтірілген деректерден көрініп отырғандай,қарасұлы басқан танапта тұқымды ең қолайлы мерзімде -22 майда сепкенде егіннің шығымдылығы ерте сепкендігімен 2-3 есе жоғары болды,ал егістің қарасұлымен ластануы орта есеппен 2 жыл ішінде 10 еес кеміді.Жаздық бидайдан гөрі өсу дәуірі неғұрлым қысқа жемдік дақылдарды –сұлы мен арпаны егу алдынан өңдегенде қарасұлы неғұрлым ойдағыдай және неғұрлым көбірек жойылады;сұлы мен арпаны егудің ең қолайлы мерзімі 25-30 майға дөп келеді.


Егіс алдынан өңдеудің тереңдігі,барлық жерде қолданылып жүргеніндей,тұқымның тасталған тереңдігінен әрі болмауы тиіс,өйткені құрғақшылық жағдайда топырақтың егіс алдында өңдеумен қопсытылған бүкіл қабаты тұқым сепкенге дейін кеуіп кетіп,себілген дақылдың сирек кетуіне соқтыруы мүмкін.Егіс алдында өңдеу үшін қолда бар құралдардан ең тайыз деңгейге лайықты отырып,КПП-2,2 және КПЭ-3,8 культиватор-плоскорездерін пайдалануға болады.Алайда аталған құралдардың өңдеу тереңдігін 7-8 см етіп тиянақтау қиынға соғады.Сондықтан олардың нақ сол танапта тұқым СЗС-9 немесе СЗС-2,1 аңыздық сеялкасымен себілетін болса ғана,егіс алдында өңдеу үшін қолдануға болады.Топырақты КПЭ-3,8 культиваторымен өңделгеннен кейін егістіктің беті едәуір жалданып қалады,оны тегістеу жұмысын арам шөптердің қалғанын қоса құртатын КШ-3,6 штангалы культиваторымен атқаруға болады.
Қазақстанның солтүстік облыстары мен Сибирьдің далалы аудандарында арпа мен сұлыны әдетте майдың аяғында егеді.Мұнда қарасұлының жаппай көктеуі мен аталған дақылдарды себудің арасындағы алшақтық жиі ретте 15-20 күнге созылады.Бұл арам шөптер тым көп болған жағдайда топырақтың үстіңгі қабатын қаулап келе жатқан қарасұлы қатты кептіріп жіберуі мүмкін.Сондықтан бұл арам шөптің көгін құрту үшін аралық өңдеу жүргізу қажет.Аралық өңдеумен топырақ кептіріа алудан сақтау үшін оның соңынан егістікті іле-шала бұдырлы-буылтық катокпен бастырып өткен мақұл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет