Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
Зертханалық жұмыс № 11
Тақырыбы: Топырақ ауасы құрамын анықтау
Сабақтың мақсаты: Талдау үшін конструкциясы әртүрлі газ анализаторларды қолдану.
Сабақтың әдісі: Талдау үшін конструкциясы әртүрлі газ анализаторларды қолданады онда топырақ ауасының басты бөлігі сіңірілген ерітіндіге біртіндеп сіңіріліп,одан кейін көлемдік өлшеу тәсілімен есептелінеді.
Сабақтың құрал-жабдықтары: пираталлол А-ның сілтілі ерітіндісі, калий сілтісі, жалпақ колба, бюретка, резеңке қап, термометр, әйнекті түтікше.
Сабақтың барысы: Көмір қышқыл газын сіңіру үшін калий сілтісі, ал оттегі үшін пираталлол А-ның сілтілі ерітіндісі қолданылады.
Ерітіндіні дайындау. 24 г пироталлал А түбі жалпақ колбаға салып,160 мл 21 пайыз калий ерітіндісін құйып,оны тығыз жауып пироталл А ерітіндісі ерігенше шайқайды. Алынған сілтілі ерітінді пироталлды бөлме температурасына дейін суытады.
Газ анализатор АФИ.Аспап сиымдылығы 100м келетін бюреткадан 1, көмірқышқыл газын және оттегіні сіңіретін екі сіңіргіш құтыдан, арынды склянкадан 4 бөлшектейтін тарауыштан 5, үш жолды краннан 6, резеңке қаптан 7 тұрады. Өлшейтін бюретка әйнекті цилиндрде орналасқан,ол сумен толтырылған.Оған термометр және әйнекті түтікше түсірілген,ол резеңкелі грушамен байланыстырылған.
Аспапты дайындау.
1.Қысымды склянканы жұмысшы орынға рпнықтырып,оны ығыстыратын ерітіндімен толтырады,қысымды склянкада оның деңгейі бюретканың нөл деңгейімен үш жолды кранның ашық,яғни атмосферамен байланысты жағдайына сәйкес келуі керек.Қысымды склянканың осы тұрақталған жағдайын нөлдік жағдай деп атайды.
2.Сіңіргіш түтікшені арнайы ерітіндімен толтырады-сіңірілетіндерді және оны жұмыс жағдайына келтіреді.Ол үшін қысымды склянканы көтереді және газ анализатордың бюреткасын ығыстырушы ерітіндімен үш жолды кранның атмосферамен байланыс,яғни ашық жағдайына толтырады.Бюретканы толтырып болғаннан кейін үш жолды кранды жабады.Одан кейін құтыны сілтілі ерітінділі сіңіргіштік кранын ашады және біртіндеп қысымды склянканы жибереді,құтының қылтүтікшелі бөлігіндегі ішкі сіңіргішті құтыға сілтілі ерітіндіні көтереді.Дәл осы ретпен екінші сіңіргіш құтыдағы ауа сіңіргішті дайындайды.
3.Газ анализатордың бюреткасын ығыстырушы ерітіндімен толтырады,үш жолды кранды жабады.Қысымдық склянканы нөлдік деңгейге келтіреді.
Топырақ ауасының сынабын алу.Оны газды плиткаға диаметрі 3 мм келетін қола түтікке алады,оны топыраққа арнайы бурлар орнату арқылы алады.Стационарлық зерттеулерде орнатылған түтікшелермен жұмыс істейді.Топырақ ауасын беткі жағдайда алған кезде арнайы иене бурларды пайдаланады.
Газды пипетканы жәшікке орнатады.Олардың төменгі жағы бір бірімен және ығыстырушы ерітіндімен толтырылған,қысымды склянкамен жалғасқан
Газды пипетканы кезекпен ерітіндімен және топырақ ауасымен толтырады.
Сурет 5. Топырақ ауасын мына ретпен алады.
1.Қысымды склянканы 1 көтереді және бірінші пипетканы 2 ығыстырушы ерітіндімен толтырады.Қысымды склянканы жәшіктің түбіне түсіреді.
2.Қола түтікпен 3 бурик арқылы топыраққа белгіленген тереңдікке орнатады.Түтікше айналасындағы топырақты ептеп тығыздайды. Бурикті түтікшеден шығарады және түтікшені шланг 4 арқылы ығыстырушы ерітіндімен толтырылған газды плиткаға қосады.
3.Пипетканың жоғарғы,одан кейін төменгі кранын ашады. Ерітінді қысымды склянка ағып түседі, пипетканы ауамен толтырады.Өйткені қосатын шлангамен қола түтікше ауамен толтырылған.Бірінші кезекте қосатын арналарды шаюға жеткілікті ауа көлемін пипеткаға жинайды.
4.Пипеткадан шлангты алады және оны қысып бекітеді немесе әйнекті қалпақпен жабады.Қысымды склянканы көтереді,алынған ауа сынабы ығыстырылады.
5.Газ пипеткасындағы қосатын арналарды үрлегеннен кейін оны тағы да ығыстыратын ерітіндімен толтырады, қола түтікшені толығымен топырақ ауасымен толтырады,оны қосады.
Топырақ гумусы немесе қарашірінді топырақтың минералды каллоидты бөлігіментығыз байланысқан, оны қандай да бір механикалық тәсілмен ажыратуға болмайды.
Сурет 6. Топырақ гумусы
Химиялық құрамы бойынша гумус жоғары молекулалық органикалық қоспа,фульво және гуминдік қышқылдар түрінде олардың тұздары және топырақтың минералдық бөлігімен бірінші кешенді түрде кездеседі.Бұл топтағы заттарды гумустық заттар деп атайды.Топырақтың минералды құрамына олардың мөлшері барлық органикалық заттар қорының 85-90пайызын құрайды.
Топырақта жеке гумустан бөлек басқа да органикалық заттар кіреді.1.ыдырамаған өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары.2.әртүрлі деңгейде ыдыраған органикалық қалдықтар олар жартылай немесе түгелдей өзінің бастапқы мүсінін жоғалтқан.3.органикалық қалдықтардың ыдыраған өнімдері,яғни көміртектер,протейндер ,смолалар т.б.4.микроорганизмдер плазмалары және оның автолиза өнімдері.
Сурет 7. Топырақ гумусы
Жеке гумустық заттар өте тұрақты,сондықтан топырақ түзілу үрдісі кезінде біршама мөлшерде жинақталады.
Әртүрлі топырақтарда гумустың мөлшері көп ауытқиды.Топырақ кескінінің тік бағыттағы гумустық сандық көрсеткіші,оның пайда болу көрсеткіштерінің бірі.Соған байланысты оның типі типшесі,және басқа төменгі бөлікшелері анықталады. Бүгінгі таңда зертханалық сабақтарға топырақтағы гумусты анықтау Кноп – Сабанин және Тюрин бойынша органикалық заттарды сулы тәсілмен күйдіру арқылы анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |