9-10.2. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері
Топырақ өңдеу үрдісінде ауыл шаруашылық құрал жабдықтарының әсер етуіне байланысты топырақ едәуір өзгерістерге ұшырайды да, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімділігіне ықпал етеді.
Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне байланыстылығы, иленгіштігі, ісінуі, жабысқақтығы, сығылуы, тығыздығы және жетілуі жатады.
Топырақтың байланыстылығы – топырақ бөлшектерінің механикалық күштердің ажыратылуына кедергі жасайтын топырақ қабілеті. Ол топырақ бөлшектерінің арасындағы байланысу күштерінен туындайды, мұндай ерекше үлкен рөлді коллоидты бөлшектер атқарады. Топырақтардың байланыстылығы оның ылғалдылығы мен механикалық құрамына тәуелді. Мысалы, балшықты топырақтарда ылғалдылықтың жоғарылауынан байланыстылығы азаяды да, олар жаңа қасиет – иленгіштікке ие болады. Балшықты топырақ құрғақ күйде жоғарғы байланыстылыққа ие.
Құмдауыт топырақтар, керісінше, ылғалы жоғарылағанда біраз байланыстылыққа ие болады. ауыр балшықты, саздақ топырақтарда қарашірік байланыстылықты кемітеді, ал жеңіл құмдақтарда – жоғарылатады. Кейбірлерде сіңірілген натрий катионы байланыстылықты қатты жоғарылатады; иллювиалды-кейбірлі горизонт құрғақ; иилювиалды-кебірлі горизонт құрғақ жағдайда тас сияқты қатып қалады да, күрекпен қазуға келмейді. Структуралы топырақтар әдетте қопсыған болады.
Топырақтың байланыстылығы оның үзілуге, мыжылуға, майысуға кедергісінің мәнін өлшеумен анықталады және 1см2-граммен өрнектеледі. Мысалы қаратопырақтың байланыстылығы 12-16% ылғалдылық кезінде сығылуы қарсылық мәні бойынша 1080г/см2-ге жетеді, 21-23% ылғалдылық кезінде-61,8г/см2.Ылғалдылық өскен сайын балшықты қаратопырақтың байланыстылығы барлық көрсеткіштері бойынша төмендейді. Топырақтың байланыстылығы өңдеу сапасы мен машиналарға, өңдеуші қондырғыларға, жекелей алғанда соқаға кедергі келтіреді.
Топырақтың иленгіштігі – деп ылғалды жағдайда иленуі мен оған берілген форманы сақтау қабілеттілігі. Бұл қасиетке тек саздақ және балшықты топырақтар, аздап – құмдақ топырақтар ие, құмдауыт топырақтар иленгіш емес. Құрғақ жағдайда топырақтың иленгіштік қасиеті болмайды. Топырақтың иленгіштік дәрежесі оның механикалық құрамына, ең бастысы лайлы тұнба құрамына тәуелді.
Топырақтардың иленгіштігі ылғалдылықтың белгілі бір аралығында байқалады. Ылғалдылықтың жоғарғы (топырақ аға бастайды) және төменгі (жіпше тәріздес оралуы тоқтай бастайды) ылғалдылық арасындағы айырмашылық иленгіштігі бар топырақтардағы иленгіштік саны 17-ден көп, саздақтарда 17-7; құмдақтарда 7-0; құмдарда – 0.
Топырақтың жабысқақтығы деп ылғалды жағдайда топырақтың өңдеу жабдықтарының бетіне жабысу қабілеттілігін айтады. Жабысқақтық топырақтың механикалық құрамы мен структурасына тәуелді. Ауыр балшықты топырақтардың жабысу қабілеттілігі жоғары, жеңілдерде – құмдауыт, құмдақтарда төмендігімен ерекшеленеді. Структурасыз топырақтардың жабысқақтығы структуралыларға қарағанда 2 есе жоғары.
Құрғақ топырақтарда жабысқақтық қасиет жоқ. Топырақтың ылғалдылығы жоғарылаған сайын оның жабысқақтығы да жоғарылайды, топырақтардың жабысқақтығы шамамен суға 90 дейін толық қанығуына дейін жоғарылайды, ал одан кейін азая бастайды да, топырақ ағатын күйге ауысады.
Жабысқақтық мәні өңдеу құралдарынан топырақты бөліп алу үшін керек болатын күшпен, 1 см2 граммен өлшенеді. Ауыр батпақты топырақтарда бұл мән 300-350 г/см2 жетеді.
Жабысқақтық топырақты өңдеуде үлкен кері әсерін тигізеді. Құралдарға топырақтың жабысуы нәтижесінде тарту кедергісі ұлғаяды, топырақты өңдеу қиындап, егістік сапасы төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |