Сабақтың мазмұны:
Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл күрделі, әртүрлі саяси институттар тарамдарының жиынтығы, әлеуметтік-саяси қауымдастықтар, өзара қатынастарымен қимылдарының формалары арқылы саяси билік жүзеге асады.
Саяси жүйенің құрылымы (жүйешелері):
институциональдық жүйеше
нормативтік жүйеше
функциональдық жүйеше
коммуникативтік жүйеше
мәдени жүйеше
идеологиялық
Қоғамның саяси жүйесінің институциональдық жүйешесі – бұл институттар жиынтығы (мекемелер, ұйымдар) саяси биліктің қызметімен байланысты. Оған кіретіндер
мемлекет (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары)
саяси инфрақұрылым (саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдармен қозғалыстар, лоббистік топтар)
бұқаралық информациялық құралдар (көгілдір экран, радио, баспасөз)
діни мекемелер
Достарыңызбен бөлісу: |