Cеминар №10. Саяси партиялар және партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар және ұйымдар: қызмет ету ерекшеліктері
Сабақтың жоспары:
Саяси партия мәнi, белгiлерi, қызметi.
Саяси партия типологиясы.
Партиялық жүйелердiң мәнi.
ҚР көппартиялық жүйенiң қалыптасуы.
Сабақтың мазмұны:
Саяси партия (латын тілінен аударғанда "бөлшек","топ"дегенді білдіреді) ол әлеуметтік топ пен қауымның мүддесін білдіретін және идеологиялық бірлікпен байланысатын,саяси билікті қолдайтын ең белсенді және ұйымдасқан бөлшек.
Партиялардың негізгі белгілері:
• адамдардың бірлескен әрекеттерінің жеткілікті уақыт ұзақтылығы.
• белгілі бір идеологияны ұстанушы.
• бірлестіктің еріктілігі.
• мемлекеттік билікті жаулап алу мақсаты мен жүзеге асырылуы.
• белгілі бір қоғамдардың және тобының саясаттағы мүддесін білдіруі мен тұрақтандыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |