археологиялық тұрғыдан кезеңдерге бөлу қалыптасты : тас,
қола және темір ғасыры. Палеолит /
грек. ежелгі тас / 12 мың жыл бұрын, мезолит -
9мың жыл бұрын, неолит – 6 мың жыл бұрын. (Мәдениет орналасқан жері
бойынша да аталады, мысалы, Солт. Франциядағы Шель қаласының атымен
аталуы және т.б.)
Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетін кезеңдерге бөлу проблемасында
материалдық және рухани мәдениеттерді негізге алған жүйені ХІХ ғасырдың
70-жылдары Л.Морган ұсынды. Ғалым ежелгі мәдениеттерді қазіргі американдық
үндістер мәдениетімен салыстырады. Осыған сәйкес алғашқы қауымдық
мәдениетті үш кезеңге бөледі:
жабайылық, варварлық және өркениет . Жабайылық
кезеңінде ерте рулық құрылыс/палеолит, мезолит/ садақ пен жебені ойлап
табуымен аяқталады. Варварлық кезеңде керамикалық бұйым жасау, егіншілік пен
мал шаруашылығы дамыған. Ал өркениет сатысында қола металлургиясы, жазу
және мемлекеттер пайда болған.
2.
Миф және оның алғашқы адамдардың өміріндегі рөлі. Мифологиялық сананың
ерекшеліктері.
Діни
мейрамдар
мен
алғашқы
діндердің
феномені:
анимизм,сиқыршылық,фетишизм, тотемизм, шамандық.
Миф және оның алғашқы адамдардың өміріндегі рөлі. Мифологиялық сана дін, өнер, ғылымның негізі болды. Әлемге көзқарас,
адамның тегі,
табиғат
құбылыстары туралы
мифте қалыптасты.