Кезеңдер санын (n) анықтау
Мысалы, компания орталық демалыс паркiнде соғыс ардагерлерiне ескерткiш
орнату үшiн $ 70000 жинауға тиiстi. Егер ағымдағы (2011) жылдың басында
компания $47811 10%-дың жылдық пайыздық ставкамен депозитке салатын
болса, $70000 жинақтау үшiн оған қанша жыл керек?
Бұл жағдайда үш негiзгi өзгермелi шама (болашақ құн, ағымдағы құн)
пайыздық ставка белгiлi болғандықтан, белгiсiз кезеңдер санын ағымдағы
құнның немесе болашақ құнның формуласын пайдалана отырып
төмендегiдей анықтауға болады.
Болашақ құнның формуласы
Келтiрiлген (ағымдағы) құнның формуласы
FV=PV*(1+r)n=PV*FVFn,10%
70000= 47811* (FVFn, 10%)
FVFn,10%=$70000/$47811=1.46410
PV=FV*(PVFn,10%)
$47811=$70000*(PVFn,10%)
PVFn610%=$47811/$70000=0,68301
Болашақ құн факторын (1,46410) пайдаланамыз яғни, дисконттау кестесiндегi
10%
бағанадан осы факторды 4-шi кезең қатарынан табамыз. Сөйтiп, 10%-
дық жылдық пайыздық ставкамен салынған 47811 доллардан 70000 доллар
алу үшiн 4 жыл қажет екендiгi анықталады.
Ағымдағы (келтiрiлген) құн факторын (0,68301) пайдаланып, оның да 10%
бағаның 4-шi кезең қатарында екендiгiн анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |