сомасына 7320 «Қаржыландырылған жалдау ройынша пайыздарды төлеу
шығыстары» шоты дебеттелініп 4160 «Төленуге тиісті ұзақ мерзімді
сыйақылар» шоты кредиттелiнедi
Тиiстi қаражат сомасы әрбiр есептi кезеңде жалға берушiге аударылған
кезде 4150 шоты – жалға алынған мүлiктiң құнын өтеуге қатысты сомаға,
4160
шоты – сый ақы төлеу бойынша шығыстар сомасына дебеттелiнедi
және «Ақша қаражаттары» бөлiмшесінiң шоттары кредиттелiнедi.
Қаржыландырылған жалдау шарты бойынша жалдаушы жалға алынған
активтiң тозуын есептеудi жүзеге асырады. Жалға алынған активтiң
кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң қай салада пайдаланылатындығына
байланысты есептелген тозу сомасына мына шоттар дебеттелiнедi: 8410–
егер негiзгi құралдар өндiрiс саласында пайдаланылатын болса, 7110- егер
негiзгi құралдар сатып-өткiзу процессiне пайдаланылатын болса, 7210- егер
негiзгi құралдар жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк басқару мақсаттарына
пайдаланылатын болса және 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы»
шотының тиiстi аралық шоттары кредиттелiнедi.
Қаржыландырылған жалдау операцияларының есебін
төмендегi мысал
арқылы қарастырып көрейiк.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасында құрал – жабдықты
жалдау бойынша төмендегi келiсiм-шарт жасалынды: Құрал жабдық 5 жыл
мерзiмге жалға алынды; жалдық төлем бойынша есептеулер әрбiр жылдың
аяғында жүзеге асырылады; жалдаудың бас кезiнде жабдықтың ағымдағы
құны – 220000 теңгенi, бастапқы құны – 230000теңгенi, жинақталған
амортизация сомасы-10000теңгенi құады; жалдаушы қарастырылған
проценттiк ставка 8 пайызды құрайды; жалдау мерзiмiнiң аяғында
жабдықтың дисконтталған құны – 250000 теңгеге тең болады; жалдау
мерзiмiнiң басында анықталған жабдықтың кепiлдiк берiлген қалдық құны
20000 теңгенi құрайды; жалдау мерзiмiнiң соңында жабдықтың жалға
берушiге қайтарылуы көзделедi; жалға алушының есеп саясатында тозуды
бiрқалыпты әдiс бойынша есептеу қарастырылған. Төмендегi кестеде екi
жақты келiсiм шарт қарастырылған.
Шарттар бойынша жалдық төлемдердiң және сый-ақылардың сомасын
анықтаймыз:
Кезең
Жабылмаған
жалдық
мiндеттеме-
лер
Ең
төменгi
жалдық
төлемдер
Қарастырыл-
ған пайыздық
ставка бойын-
ша сый-ақы –
8%
Жалдық мiндет-
темелердi жою
үшiн жасалынған
төлемдер
(бағана3-бағана4)
Есептелген
амортизация
сомасы
1-
шi жылы
2-
шi жылы
3-
шiжылы
4-
шi жылы
5-
шi жылы
200000
166000
129280
89622
46792
50000
50000
50000
50000
50000
16000
13280
10342
7170
3208
34000
36720
39658
42830
46792
40000
40000
40000
40000
40000
Барлығы:
250000
50000
200000
200000
44
Келiсiм шартқа сәйкес жалға алынған мүлiк үшiн жалдаушы кепiлдендiрген
250000 теңге ең төменгi жалдық төлем сомасы жыл сайын 50000теңге
мөлшерде төленедi.
Бұл операциялар бойынша жалға алушының бухгалтерлiк есебiнде төмендегi
бухгалтерлiк жазулар орындалады:
Реттiк
номерi
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы
теңге
Шоттар
кореспонденциясы
ДТ
КТ
1
2
3
4
5
1.
Бес жыл мерзiмге жалға алынған құрал жабдық
қабылданды:
-
құрал-жабдықтың келiсiм бағасына
220000
2410
жалға
алынған
негізгі
құрал-
жабдық
аралық
шоты
4150
2.
Жалдау келiсiм-шарты бойынша сый-ақы
(процент) есептеледi:
5000
7320
4160
3.
Жалға берушiге жалдық төлем сомасы
аударылды
200000
4150
1030
4.
Жалға алынған құрал-жабдық үшiн сый-ақы
(жалдық процент) сомасы жалға берушiге
аударылды:
50000
4160
1030
5.
Жалға алынған құрал-жабдық бойынша
жалдаудың барлық кезеңiне амортизация
есептелдi
200000
8410
2420
6.
Жалға алынған құрал-жабдық жалға берушiге
қайтарылды:
-
есептелiнген амортизация сомасына
-
кепiлдендiрiлмеген қалдық құн сомасына
200000
20000
2420
4150
2410
2410
Достарыңызбен бөлісу: