Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды



Pdf көрінісі
бет58/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva

          
Әділетті  құн
 
деген  -  өзара  келіскен  жақтардың  арасында  ағымдағы 
операция кезінде қаржылық құрал айырбастала алатын сома. 
 
         
Амортизацияланған  құн  – 
дисконттың      немесе  үстеменің 
(сыйақының)  амортизациясын  есепке  ала  отырып  бағалы  қағаздар  сатылып 
алынған сома.  
 
Жойылғанға (жабылғанға) дейін ұсталынатын бағалы  
қағаздардың есебі 
 
 
Тек  қарыздық  бағалы  қағаздар  ғана  жойылғанға  (жабылғанға)  дейін 
ұсталынатын  бағалы  қағаз  ретінде    қарастырыла  алады.  Себебі  үлестік 
бағалы қағаздардың жабылу (жойылу) мерзімі болмайды.  
Жабылғанға  (жойылғанға)  дейін  ұсталынатын  бағалы  қағаздар 
амортизацияланушы құнымен
 
көрсетіледі. 
 
Кәсіпорын  нарықтық  пайыздық  ставканы  бақылай  алмайтын 
болғандықтан,  облигацияны  шығарып  сату  мерзіміне  олардың  номиналдық 
және  нарықтық  ставкаларының  арасында  айырмашылықтар  туындайды. 
Соның  нәтижесінде,  облигацияның  шығарып  сатылған  құны  оның 
номиналдық құнына барлық уақытта тең бола бермейді. 
 
Бағалы  қағаздарға    салынған  инвестициялардың  сатып  алу  құны  мен 
жабылу (қайтару) құнының арасындағы айырманы (сатып алу кезінде пайда 
болған  жеңілдік  немесе  сый  ақы)  инвестор  иелену  мерзімі  ішінде 
амортизациялайды.  Егер  сатылып  алынған  бағалы  қағаздар  (мемлекеттік 
облигациялар,  тағы  сол  сияқты    бағалы  қағаздар)  бойынша  номиналдық 
пайыздық  ставкалар  нарықтық  пайыздық  ставкалардан  жоғары  болса,  онда 
бағалы қағаздар бойынша табысты әрбір есептеген кезде сатып алу құны мен 
номиналдық құнның арасындағы айырма сома пайыздық табысты азайтады. 
Ал  егер  де,  сатылып  алынған  бағалы  қағаздар  (мемлекеттік  облигациялар, 
т.б.)  бойынша  номиналдық  пайыздық  ставкалар  нарықтық  пайыздық 
ставкадан  төмен  болса,  онда  бағалы  қағаздар  бойынша  табысты  әрбір 
есептеген  кезде  сатып  алу  құны  мен  номиналдық  құн  арасындағы  айырма 
сома пайыздық табысқа қосымша есептелінеді.  
65 
 


 
Бағалы  қағаздар  (облигацияларға)  салынған  инвестиция  бойынша 
жеңілдіктер мен сый ақыларды (үстемені) есептен шығарудың екі әдісі бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет