Әділетті құнның корректировкалануы – саудалық бағалы қағаздар портфелі (2010
жыл)
Саудалық қарыздық бағалы қағаздар портфелі:
31 желтоқсан 2010 жыл
Инвестициялар
Өзіндік құн
Ағымдағы құн
Бөлінбеген пайда
(зиян)
«Арман» компаниясының
10%-
дық облигациялары
43860
51500
7640
«Жеңіс» компаниясының
11% -
дық облигациялары
184230
175200
(9030)
«Бірлік» компаниясының
8%-
дық
86360
91500
5140
Инвестициялық
портфельдің жиынтығы
314450
318200
3750
Бағалы қағаздар құнының
әділетті құнға дейін
корректировкалануы -
Дебет
3750
«Самал» корпорациясындағы саудалық бағалы қағаздар портфелінің
жалпы құны 314450 теңгені құрайды. Жалпы бөлінбеген пайданың сомасы –
12780 (7640 + 5140) теңге, ал жалпы бөлінбеген зиянның сомасы – 9030 теңге
болды.
Бұл инвестордың саудалық бағалы қағаздарға иелік етуден 3750 (12780
–
9030) теңге таза пайда тапқандығын көрсетеді. Саудалық бағалы
қағаздардың әділетті құны олардың сатып алу құнынан 3750 теңгеге артық
болып отыр.
2010
жылғы 31 желтоқсанда «Самал» корпорациясында саудалық
бағалы қағаздардың құнын әділетті құнға жеткізу үшін төмендегі
корректировкалаушы бухгалтерлік жазу орындалады.
31 желтоқсан 2010 жыл
Дт Кт
1120 «Сауда жасауға арналған қысқа мерзімді активтер» 3750
6150 «Қаржылық құралдардың әділетті
құнының өзгеруінен алынған табыстар 3750
75
Жоғарыдағы бухгалтерлік жазудан кейін корпорацияның бухгалтерлік
балансында саудалық бағалы қағаздарға салынған инвестициялар ағымдағы
құны (әділетті құны) бойынша көрсетіледі.