Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі. Бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүргізеді. Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу қиындықтарын бірінші болып анықтайды (егер ерекше білім беру қажеттіліктерін мектепке дейінгі жаста ПМПК анықтамаған болса). Оның міндеті – өзбетінше қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін, оқушының қалыптасып жатқан білімдерінде олқылықтарын анықтау. Осы алынған ақпарат негізінде мұғалім оқушының сыныптағы оқу барысына қолдауды ұйымдастырады (жекелік тәсіл).
Мұғалімнің оқушыны қолдау тәсілдері:
оқытудың вариативтік арнайы әдістерін қолдану;
сабақта жеке оқу материалдарын қолдану;
оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту;
бақылау материалдарын өзгерту;
сыныптағы оқу орнын белгілеу және бейімдеу;
Егер оқушыда мұғалімнің жекелік көмегіне қарамастан бір немесе бірнеше пән бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары сақталса, онда мұғалім мектептік психологиялық-педагогикалық қызметінен көмек сұрап, 7- форманы толтырады (А-қосымшасы).