.Астманың өршу кезінде қанда эозинофилияның болуы, атопиялық түрінде ІgЕ деңгейінің жоғарылауы анықталады.
Қақырықта астма "үштігі" — Куршман шиыршықтары (ұсақ бронхтардың кілегейлік таңбалары), Шарко-Лейден кристалдары (эозинофильдердің ыдырауы нәтижесінен пайда болатын заттар) жөне көп мөлшердегі эозинофильдер табылуы мүмкін.
Бронхтардың өтімділігінің нашарлауын көрсететін спирографиялык, көрсеткіштер:
1) өкпенің тездетілген тіршілік сыйымдылығының (ӨТТС) төмендеуі;
2) тез шығарылған тыныстың алғашқы 1 секундтық көлемінің (ТШТК1) азаюы; ТШТК1 — бронхтық обструкцияның денгейін ең нақты анықтайтын көрсеткіш;
3) Тиффно индексінің төмендеуі (ТШТК1/ӨТС), әдетте ол 75% төмен; бронхтық обструкцияда ӨТТС қарағанда, ТШТК1, басым төмендейді, сондықтан бронхтық астмада Тиффно индексі міндетті түрде төмендейді;
4) өкпенің қалдық көлемі аса жоғарылауы (кейде 100%);
5) трахея-бронхтық дискинезия болған жағдайда спирограммалық қисықтың төмендеу бойының иректелуі (Колбет-Зисс белгісі).