"Олар Аллаһтың елшісіне қарсы болып, соғысқа бармай қалғандарына мәз болды. Олар Аллаһ жолында малдарымен, жандарымен соғысуды жек көреді. Олар "мына ыстықта соғысқа шықпаңдар" деді. Оларға былай де: "Тозақ оты мұнан да ыстық, бірақ олар барар жерін білсе етті ". (Тәубе, 81)
Тәубе сүресінің 49-аяты да сол мезетте түскен:
"Олардың бәз біреулері "Маған соғысқа қатыспауға рұқсат бер, мені бүлікке, босқа әуреге салма" дейді. Байқаңдар, олар онсыз да әуреге батқандар. Әлбетте, тозақ кәпірлерді толық қамтиды". Анау деп, мынау деп жоқты-барды сылтауратқан сексенге жуық
мунафиқтар жорыққа шықпауға рұқсат алды. Олардың пайғамбарға
айтқандары ылғи-шылғи өтірік. Ол да Алланың уахиымен аян болды:
389
"Сенен рұқсат сұрап қиылғандар Аллаһқа және ақырет күніне