230
Өйткені бес уақыт намаздарында Қағбаны бетке алу туған жерге деген
сағынышты басар ма еді, кім білсін?
Тағы бір себеп, яһудилердің:
"Мұхаммед пен оның сахабалары біз көрсеткенше құбыланың қайда
екенін де білмейтін", - деген тиіп-қашты сыпсыңдары да арқаларына аяздай
батқан. Аллаһ Елшісі құбыланы өзгерту үшін уаһидің түсуін, Жебірейіл
періштенің келуін күтіп, Қағбаны құбыла етуді тілеп Аллаһқа жалбарына
түскен.
Күндердің күні Жәбірейіл келіп, Аллаһ Расулы оған көңіліндегі ниетін
білдіреді. Сонда періштенің айтқан ақылы мынау:
"Мен де сен сияқты құлмын. Сен Жаратқан Аллаһқа сиынып, содан
сұра. Не тілегің болса Раббыңнан тіле!"
Осы кездесуден соң Хазіреті Расулаллаһ Құдыстағы Ақса мешітіне
жүзін бұрып намазға тұрған сәтте басын көтеріп, көкке ұзақ көз тігетін, дұға
ететін. Ақыры Мәдинаға хижреттің он жетінші айында құбыланың Харам
мешітіне, яғни Қағбаға қарай өзгертілгендігі жөнінде көктен аят түсті. Онда
былай делінеді:
"(Уа, Расулым! Уаһидың келуін күтіп) көкке көз тіккеніңді көрдік.
Сондықтан сенің жүзіңді көңілің разы боларлық құбылаға бұрамыз.
Қазір жүзіңді Харам мешітіне қарай бұр. (Уа, муминдер!) Сіздер де қай
жерде болсаңыздар да, (намазда) беттеріңді сол мешітке қарай
бұрыңдар!"
(Бақара сүресі, 144-аят). Осы уаһи түскен тұста Аллаһ Расулы
мешітте бесін намазын оқытып жатқан. Алғашқы екі рәкәт тәмәмдалып,
соңғы екеуі қалған. Сол мезетте пайғамбарымыз ақырындап Қағбаға қарай
бұрылды. Жамағат та имаммен бірге сол бағытқа бұрылды.
Достарыңызбен бөлісу: