286
Пайғамбарымыз: "Мәдинаға барған соң, ең құрметті әрі игілер, ең
бейшара әрі дәрменсіздерді қуып шығады",- депті.
Үсәййід ибн Худайыр:
"Уа, Расулаллаһ! Сен қаласаң, оны Мәдинадан айдап шығасың. Әлсіз,
бейшараның нақ өзі-сол. Әзіз әрі құрметті -Сенсің.
Аллаһ сені бізге әкелген тұста қауымы оны билеуші сайлап, тәж
әзірлеп жатқан еді. Ол сұлтандық билікті сен тартып алды деп ойлайды",-
деді.
Пайғамбарымыз сахабалардың қаңқу сөзге еріп алаңдамауы үшін аяқ
астынан жолға шығуға шешім қабылдаған-ды. Бір күн, бір түн тоқтамай
жүріп, шаршап, ыстықтан ығыр бола бастағанда барып тынығуға рұқсат
етілді. Ұйқысыз жол жүріп әбден қалжыраған сарбаздар түскен жерде жатып
тыныққанды мақұл көрді. Сөйтіп Аллаһ Елшісі алып-қашпа әңгіменің, өсек-
аяңның таралуына тосқауыл қойды.
Мұсылмандар армиясы «Бәка» деген жерге келгенде алай-түлей дауыл
соғады. Мужаһидтер үрейленіп қалады. Олардың ойы сол жерге жақын
Ғатафан тайпасы шабуылдап келе ме деген қатер еді. Өйткені онымен
арадағы келісімнің де мерзімі біткен.
Пайғамбарымыз: "Қорықпаңдар! Сіздерге дәл қазір ешкімнен зиян
келмейді. Бұл дауыл кәпірлерден азулы біреуінің өлгенінің ишарасы",- деді.
Шындығында мужаһидтер Мәдинаға келген соң дәл сол дауыл ескен
сағатта яһуди басшыларының бірі Рифа'а ибн Зәйдтің өлгенін естиді. Ол
пайғамбарымыз бен мұсылмандардың ата жауы болатын.
Достарыңызбен бөлісу: