83
себептерін көрсеткендер де бар. Төменде сол дәлелдердің кейбіреулерін
ұсынғанды жөн көрдік, яғни:
А) Аллаһ Расулы уахи келе бастағанда қатты толқып, рухы қатты
қиналған. Сол себепті рухты тынықтырып, келесі уахиді қабылдауға
дайындау мақсатымен толастаған.
Ә) Пайғамбар рухын болашақта басына келуі мүмкін ауыртпалықтарға
қазірден үйрету, шыдамдылыққа әзірлеу мақсаты көзделген.
Б) Әрбір уахиды асыға күтуге, оған деген зарығу сезімін оятуға
бағытталған.
Араға қырық күн салып пайғамбарымызға Аллаһ тарапынан аян қайта
келе бастады.
Бұл оқиға хақында Мұхаммедтің (с.а.у.) өзі былайша баяндайды:
"Бір күні жолда келе жатып көктен бір дауыс есіттім. Басымды көтеріп,
төбеме қарағанда баяғы Хирада жүздескен Жебірейіл періштенің жер мен көк
арасында алып тақта отырғанын көрдім. Бойымды түсініксіз бір сезім билеп,
тұрған жерімде тіземнің әлі құрып отыра қалдым. Әлден уақытта есімді
жиып, үйге қарай бет алдым. Келе салысымен:
"Менің үстімді жабыңдар, тезірек жамылғы беріңдер", - дедім де,
қымтанып жата қалдым.
Сол сәтте Аллаһ Тағаладан мына аят түсті:
Достарыңызбен бөлісу: