Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ТАЛХА ИБН УБАЙДУЛЛАҺТЫҢ МҰСЫЛМАН БОЛУЫ



Pdf көрінісі
бет60/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ТАЛХА ИБН УБАЙДУЛЛАҺТЫҢ МҰСЫЛМАН БОЛУЫ
Хазіреті Османнан соң іле-шала Хазіреті Талха ибн Убайдуллаһ 
Исламды қабылдады. 
Ол сауда-саттықпен елден жырақта жүрген сәтінде «Бусра» базарында 
сол жердегі шіркеу басының: 
"Уа, халайық! Араларыңда Меккеден келгендер бар ма?" - дегенін 
естиді. Хазіреті Талха оның қарсысына шығып өзінің меккелік екенін айтады. 
Сонда монах Талханың бетіне бажайлай қарап алады-да: 
"Ахмет халыққа танылды ма?" - деп сұрайды. 
Хазіреті Талха: 
"Ахмет дегеніңіз кім?" - дейді. 
"Ахмет - Абдуллаһтың ұлы, Әбдімүттәліптің немересі. Ол-Меккелік. 
Өзінің соңғы пайғамбар екенін танытады. Кейінірек туған жерінен қуылып, 
от бітпейтін, тастақ бір жерге көшуге мәжбүр болады", - деп жауап берді 
монах. 
Христиан дінбасының айтқандарын ұйып тыңдаған Хазіреті Талха 
еліне келген сәтте алдынан жолыққандардан: "Мен жоқта нендей жаңалық 
болды?" - деп сұрайды. "Жаңалықтың көкесін естіртейік, Абдуллаһтың ұлы 
Мұхаммед өзін пайғамбармын деп жариялады. Ол ол ма, әлгі Әбу Кухафаның 
ұлы Әбу Бәкір де оның айтқандарын растап, иман етті", - деді жапа-тармағай 
шуласып. 
Мұны естіген Талханың жаны жай таппай, Хазіреті Әбу Бәкірді іздеп 
тапты да: 
"Сен Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) айтқандарын мойындадың ба?" – 
деп сұрайды. Хазіреті Әбу Бәкір: 
"Иә, мен оның сөздеріне шәк келтірмеймін. Егер менің тілімді алар 
болсаң, сен де бар, Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) мойынсұнғандығыңды айт. 
Өйткені оның ұстанғаны - хақ наным." 
Хазіреті Талха Бусра жәрмеңкесіндегі монахпен кездесуін, одан 
естігендерін Әбу Бәкірге айны-қатесіз жеткізеді. Мұнан кейін екеуі Аллаһ 
Расулының құзырына келеді. Сәлем-сауқаттан соң жаңа сахаба қатарына 
қосылған Талха мұсылмандықты қабылдағанын естіртіп, монахтың әңгімесін 
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) баяндап береді. Пайғамбар оның әңгімесін 
күлімсіреп отырып тыңдайды. 
Мүшріктер араларындағы Талха сынды абыройлы, құрметті адамның 
иман келтіргеніне наразылық білдіріп, балуандары Нәуфал ибн Адуианы 
араға салып, Хазіреті Талхаға дүре соқтырады. Аяқ-қолын байлаған күйі 
біраз азаптайды... 
Жастығына қарамастан ақ-қараны айыра білген Талха көзі тірісінде 
жұмақ сыйы ұсынылған он сахабаның қатарында. Пайғамбарымыз ол туралы: 
"Жер жүзінде тірі жүрген шейітті көргіңіз келсе, Хазіреті Талхаға 
қараңыз" деген. 
Мәрттігі мен қайсарлығын иман жолында ғана қолданған қаһарман еді 
ол... Ислам тарихындағы атақты Ухуд соғысы кезінде пайғамбарға атылған 
оқтарға қолын тосып, саусақтарын құрбан еткен батыр ол... Сол шайқаста 


96
сексеннен астам жарақат алса да Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) қорған болған 
ер... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет