Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет51/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды сүрлемде егіп өсіру. – Көкшетау, 2017ж.

  2. Сағалбеков У.М., Костиков И.Ф., Әленов Ж.Н. Солтүстік Қазақстанның аз таралған перспективалы дақылдары. – Көкшетау, 2013ж.

  3. Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д., Макаров В.М. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіру ұсыныстары. – Чаглинка, 2008ж.

Бақылау сұрақтары

  1. Шаруашылық маңызы.

  2. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.

  3. Өсіру агротехникасы.

Практикалық сабақ №3


Тақырыбы: Забайкал тараны – көпжылдық жемшөптік дақыл
Дәрістің жоспары:

  1. Шаруашылық маңызы

  2. Өнімділігі және өнім сапасы

  3. Өсіру технологиясы



Шаруашылық маңызы. Қазіргі ауылшаруашылық өндірісі мал шаруашылығындағы жем-шөп жетіспеушілігін қанағаттандыру үшін диқаншыларға өнімділікті 2,5...3,0 есе арттыру міндетін жүктеп отыр. Бірақ соңғы 25 жылдық тәжірибе көрсеткендей, жаңа агротехникалық әдістерді қолдану нәтижесінде, өнімділікті орташа 2-3 жылда 2,68-3,4%-ға көтеруге болады.
Бұл мәселені түпкілікті шешу үшін өндіріс процесіне Забайкальский тараны сияқты жаңа дақылдарды енгізу керек. Забайкальский таранның әртүрлі климаттық зоналарда жем-шөп ретінде қолданылуы, зерттеулер нәтижесінде оның кең экологиялық амплитудаға, жоғары өнімділікке ие екендігі аңықталды. Тағы да бір ерекшелігі, сүрлем, пішендеме, витаминді- шөптік ұн, сонымен қатар негізгі шикізатты сүрлемдегенде консервілі қосымша ретінде де қолданылады.
Забайкал таранның Ресейдің солтүстік европалық бөлігінде құнды жемшөп болатындығын ең алғаш АН КСРО Коми филиалы биология институты тәжірибе жүзінде растады. Мұнда 1957-1969 жылдар аралығында жемшөптік жаңа дақылдардың биологиялық және биохимиялық ерекшеліктері зерттелді, зерттеушілердің мәліметтері бойынша (М.И.Александрова, А.Е.Демина,1981) шаруашылық жарамды кезеңінде құрғақ зат мөлшері 17,2-19,4%, өнімділігі құрғақ зат бойынша - 100-150 ц/га.
Сібір ҒЗИ-да 8 жыл зерттеліп, ол орташа 435 ц/га жасыл масса немесе 79 ц/га құрғақ зат берген. Кейінгі зерттеулер нәтижесінде (В.Ф.Косторной,1989) Забайкал таранның негізгі биологиялық ерекшеліктері анықталады. Жемшөптік өнімділігі және фитомассаның химиялық құрамының сапалық көрсеткіші оның пішендемеге қолдануға да болатынын көрсетеді Белорусия ғалымдарының зерттеу жұмыстары забайкал таранның ерте даму кезенінде жоғары құнды шөптік ұн алу үшін өте жақсы шикізат болатынын көрсеткен. Брест облысында оны өсіру тәжірибелері - бұл дақылдың интенсивті егіншіліктегі барлық талаптарға сай екендігін көрсетті: жасыл массасының жоғары өнімділігі, жемшөп ретінде пайдалануының көпжақтылығы – силос, сенаж және де дәрумен шөптік ұн.
Қазақстан облысының орманды-дала аумағында зерттеу жұмыстары 10 жыл бойы жүргізілді.(Н.Н.Свешникова,1989). Оның өнімділігі 483 ц/га, бұл аралықта суармай өсіргенде 108-ден 696 ц/га дейін ауытқыды. Автор өз мақалаларында забайкал таранның жасыл массасы алмасу энергияның жоғарғы концентрациясымен (сонын ішінде жемшөптік ақуыз) ерекшеленетінін дәлелдеген. 1974-1982 жылдары өнім гүлденудің алғашқы кезенінде жиналып, жалпы өнімділік төмендеуі байқалған жоқ. Жүргізілген талдау нәтижелерінің негізінде солтүстік мал шаруашылығы ҒЗИ зерттеушілерінің айтуы бойынша забайкал таранның жасыл массасы протеин, дәрумен және т.б. өнімді заттармен құнарландырылған теңгерімді сүрлем дайындау үшін өте жақсы шикізат болып табылады. Қолайлы химиялық құрамы және жақсы жапырақтануы оны жоғары сапалы кептірілген жемшөп алу үшін және сүрлем сапасын жоғарлату үшін негізгі сүрлемденетін шикізатқа қосымша ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Жыл сайын сабақтануының вегетативті жаңарып отыратындығына байланысты, плантацияның ұзақ мердімді болуы, тамыр жүйесінің интенсивті жайылуының нәтижесінде забайкал таран егістіктері топырақтың беткі қабатын қатайды және тығыз шымдануың қамтамасыз етеді. Бұл ерекшелігі баурай учаскілерін су эрозиясынан қорғау үшін қолданылады. Соңғы жылдар ғылыми мәліметтерінде забайкал таранды жемшөптік дақылдан да басқа егіншілікте жаңа бағытта пайдалану туралы сидералдық дақыл ретінде де қолданады. 2001 жылы Тущинода (Ресей, Мәскеу облысы) өткен халықаралық конференцияда басқа сұрақтармен қатар жаңа және аз тараған өсімдіктердің жемшөптік және сидералдық мақсаттардағы тиімділігі қарастырылды. Зерттеушілер материалдары бойынша бұл дақылдарды сидралдық қолдану топырақты жаңа органикалық заттармен байытып, гумустың түзілуіне жағдай жасайды.
Забайкал тараны - көпжылдық өсімдік, сондықтан өндірілген өнімнің өзіндік құның төмендетуге өте қажетті шығыны аз өндірісті құруға өте тиімді. Агроклиматтық ресурстарды рационалды пайдалануға мүмкіндік беретін аймақтық агротехниканың жоқтығы забайкал таранының өндіріске енгізуді тежейтін негізгі фактор болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет