Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері



бет88/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Айқышгүлділер тұқымдасына жататын "Крамбе" туысы әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Қазіргі кезде оның 30 шақты түрі кездеседі. Бұрынғы Одақ көлемінде қатыранның 17 түрі анықталған да олардың барлығы көпжылдық өсімдіктер. Солардың ішінде мал азықтық маңызы жағынан кіндік тамырлы. Орталық кіндік тамырынан жан- жаққа тамыршалар жайылуы онша емес. Ол екі деңгейде жүреді. Топырақтың бірінші қабатында (0-50см) тамырының өсуі жақсы болса, екінші қабатында да (100-200 см) тамыры өсіп бірақта жайылуы азаяды.
Қатыранның тамырының осылй өсіп-дамып орналасуы оның құрғақшылыққа төзімділігін айқындайтын ерекшелігі болса керек. Сабағы жалаңаш келеді, биіктігі 1,5-2,5 м-ге дейін өседі, жақсы бұтақтанған. Бір түпте 3-7 сабаққа дейін болады. Сабақ түрінен өскен жапырақтары ұзынсағақты, ірі, пішіні жұмыртқа немесе жүректәрізді болып келеді. Сабағында орналасқан жапырақтары кішілеу сағақтары қысқа болады.
Гүлшоғыры ңрң шашақгүл, диаметрі 1,5-1,7 м дейін. Айқас тозанданатын өсімдік. Жемісі ашылмаған екі мүшелі бұршаққында бір, кейбір кезде екі тұқым болады. Пішіні жаңғақ секілді, қырлы, сырты жүйкеленген.1000 тұқымнын массасы 30-35 г.
Жүрекжапырақты қатыранның көк балаусасында глюкозинолаттар көбірек кездеседі де, малдар оны көктей аса сүйсініп жемейді. Сондықтан келешекте осы өсімдікпен айналасып, селекциялық жолмен жаңа сорттары мен будандарын шығарған кезде өсімдіктің осы кемшіліктерін неғұрлым азайтқан жөн.
Әр өсімдік 10 мың тұқымға дейін болады. Қатыранның көбею коэффициенті жоғары 100-ден 300-500 дейін. Әр өсімдігінен 300-500 г тұқымға дейін өнім алуға, немесе әр гектардан 20-25 ц-ге дейін тұқым жинауға болады. Сол себепті жүрекжапырақты қатыранды өсімдік майын алу үшін де себуге болады.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей қатыран тұқымның ұрығы көпшлік жағдайда тұқым піскен кезде жақсы дамыған сатыда болады да алғашқы тамыршалар мен сабақша бүрлері айқын көрініп тұрады.
Тұқымның тыныштық кезеңі болмайды, сондықтан оны жинап алған соң ертеңіне себуге пайланауға болады. Тұқымының сыртқы қабыршағы қатты, болады. Оны себер алдында тазалап алып тастау керек. Не болмаса тұқымын стратификациядан өткізу керек, немесе қыс алдында себу керек. Ол топыракта жатып сыртқы қабаты жұмсарып көктемде жақсы өніп шығады.
Катыран көктеп шыкқанда оның тұқым жарнағы топырақ бетіне шығады. Өскіндері айқышгүлділерге тән ерекше пішінде болады. Топырақ бетіне шыққан тұқым жарнағы бір айдан артық жас өсімдікке қызмет етіп күнсеулесін қабылдайтын мүше болады. Өскін шыққаннан кейін 8-1 күн өткен соң бірінші нағыз жапырағы пайда болады.
Қатыранның бірінші жылы тамыр жүйесі жақсы өсіп. қалыптасады. Бірінші жылғы вегетацияның аяғында олардың тамыры 2 м-ге дейін және одан терең бойлайды. Орталық тамырының түбінің диаметрі 6 см-ге дейін жетеді.
Келесі жылы ерте көктемде 3-4 см тереңдікте орналасқан бүршіктері өсе бастайды. Бір өсімдікте өсетін бүршіктер саны 5-9 данаға дейін болады. Жер бетіне өсіп шыққан бүршіктерден 3-4 күннен кейін жертаған жапырақтар өсе бастайды. Жер бетіне шыққан әр бүршіктен 7-15 данаға дейін жапырақ шығады. Көктеп шыққаннан бір айдай өткесін (мамырдың І-ІІ онкүндігінде) кейбір өскіндерінен жыныстық сабаю ар пайда бола бастайды. Осы кезден бастап қатыранның өсуі қарқынды жүреді. Алғашқы 20 күннің ішінде тәулік бойға өсуі 9-11, ал кейбір күндері 15 см-ге дейін жетеді. Содан кейін өсуі баяулайды да маусымның аяғында тоқтайды. 30-35 күн ішінде қатыранның сабағының биіктігі 2,5 м-ге дейің жетеді. Маусымның алғашқы жартысында қатыран жаппай гүлдей бастайды. Гүлінің тіршілігі 3-4 күндей болады. Әр-гүлшоғыры 10-13 күннің ішінде гүлдеп болады. Жалпы қатыран егістігінің гүлдеу ұзақтығы 20-22 күнге созылады. Тұқымының пісуі тамыз айының басына тура келеді, яғни гүлденгеннен кейін 40-50 күн өткесін. Тұқымы біркелкі піседі. Тұқымы пісе бастағанда сабағы сарғая бастайды. Тұқымы жоғары жағынан төмен қарай піседі. Тұқымы жақсы сақталады, өздігінен шашылмайды.
Тұқым салған өсімдіктің вегетациялық кезеңі 145-150 күндей. Тұқым жинап алғасын қатарынан сабағы мен жапырағы қурап қалады да өсімдік түбінен кайтадан жертаған жапырақтар шыға бастайды.
Өсімдіктің жыныстық -өскіндер бермеген сабақтары. көктемде шыкқан жапырақтардан басқа жаз бойы 8-17 данаға дейін жақсы дамыған жапырақтар береді. Алғашқы пайда болған көктемгі жапырақтар өліп, жазда пайда болған жапырақгар күзге дейін өсе береді.
Қатыранның көпшілік өсімдіктері жыныстық сабақтар кұрмайды да жапырақтары қарқынды өсе береді. Ал ұялап себілген қатыранның әр ұяда бір, екі немесе үш өсімдік жъныстық өскін береді. Әр ұяда өсімдік саны көбейген сайын оның көпшілігі тұқымдық өскіні азайып, вегетативтік массасының өсуі қарқынды жүреді. Мысалы, бір ұяда бір, өсімдіктен болса ол танаптың 80% өсімдігі гүлдейді, екі өсімдіқ болса - 46%, ал 5-7 өсімдік болса тек кана 20-30% ғана гүлдейді. Қатыранның өсіп-өну үзақтығы оның өсіру агротехникасына және пайдалану карқынына байланысты. Егер де оны көк азыққа жиі шауып отырмаса ол 15 жыл және одан да көп өсе береді. Орташа жиілікте себілген катыранды өнімін төмендетпей 8-10 жыл бойы пайдалануға болады. Жүрек жапырақгы қатыран басқа айқышгүлділер тұқымдастары сияқты суыкқа төзімді келеді. Көктемде оның жапырағы -5-7°С суыққа шыдайды.
Көбінесе оның өсімдігі қар астына көк жапырақ күйінде кетеді. Оның аязға төзімділігі сабағыньгң түбінде және тамырында қыс алдында көмірсуы мен крахмалдың (45%) көп қолдануына байланысты. Ол жоғары температураға да жақсы шыдайды. Қатыран жарықты жақсы көретін өсімдік. Сондықтан бірінші жылы ол арамшөптермен көлеңкеленіп калмауы керек. Катыран кұрғақшылыққа төзімді. Ол далалық аймақтың өсімдігі. Бірақ қатыран топырақ пен ауаның жақсы ылғалданған жағдайында жоғары өнім қалыптастырады. Ол су тұрып қалған, немесе ылғалы көп жерлерде сиреп кетеді де, сақталу ұзақтығы азаяды.
Қатыранның топыраққа қоятын талабы да әртүрлі. Ол орта балшықты құнарлы топырақта жақсы өседі. Құм және батпақгы жерлерде нашар өседі. Топырақтың қышқылдығын және ыза суының топырақ бетіне жақын орналасқанын сүймейді. Қатыран топырақ құнарлығын жақсы көреді, минерал тыңайтқышын бергенде өнімі 2 есеге дейін артады. Және де ол жазда үстеп қоректендіргенде жақсы өнім береді. Ескере кету керек катыранның топырақ құнарлығына талабы, минерал тыңайтқыштарыньң оның өңім құруға әсері әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет