§ 13. Клиникалық-диагностикалық зертхананың штат нормативтері
107. Зертхана санитарларының лауазымы 1 лауазым есебінен 4 дәрігер-зертханашы, фельдшер-зертханашылар және зертханашылар лауазымына белгіленеді. Зертхана штатында, жұмыс көлеміне байланысты қосымша санитардың лауазымдары белгіленеді.
§ 14. Иммунологиялық және серологиялық зертханалардың штат нормативтері
108. Дәрігер-зертханашылардың лауазымдары, жұмыс күніне әрбір 150 зерттелетін сарысуға бір лауазым белгіленеді. Зертханаға бір лауазымнан аспауы тиіс.
109. Зертханашылар лауазымы жұмыс күніне әрбір 75 сарысуды зерттеуге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
110. Клиникалық-диагностикалық зертхана құрамындағы иммунологиялық және серологиялық зертхана қызметкерлерінің лауазымы зерттеулерді жүргізу уақыты нормативтеріне сүйене отырып түзетіледі.
Бригадаға берілген зерттеу жұмыстарын жүзеге асырудың нормативі төмендегідей: 1 дәрігерден, 3 зертханашыдан, (олардың біреуі тіркеу, қабылдау және биоматериалдарды өңдеуді жүргізеді) және бір санитардан құралады және олардың әрбір жұмыс күніне 180 сериялы зерттеу немесе 90 сериялы және 30 бірлік зерттеулерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |