қызметкерлерінің штат нормативтері 257. Онколог-дәрігерінің лауазымы әр аудандық орталық ауруханада белгіленеді. 258. Цитолог-дәрігерінің лауазымы әр аудандық орталық ауруханада белгіленеді. 259. Онкологиялық кабинетінің мейірбикесі лауазымы әр аудандық орталық ауруханада белгіленеді. 260. Цитотехникалық фельдшер-зертханашының лауазымы әр аудандық орталық ауруханада белгіленеді. 261. Онкология кабинетінің санитар лауазымы бір кабинетке 1 лауазым есебінен белгіленеді. § 5. Туберкулезге қарсы диспансерлердің, ауруханалардың штат нормативтері 262. Амбулаториялық көмек көрсету үшін дәрігерлер лауазымы 1 учаскелік дәрігер-фтизиатрдың 1 лауазымы есебінен: 20 мың ересектерге; 10 мың балаларға белгіленеді; 263. Науқастарға қызмет көрсету үшін ауруханалар құрамында мамандығы бойынша тиісті бөлімшелер (төсектер) жоқ болған жағдайда дәрігерлер лауазымы төмендегідей белгіленеді: Оториноларинголог-дәрігер әрбір 250 төсекке шаққанда 1 лауазым, бірақ 50 және одан да көп төсегі бар ауруханаға кемінде 0,5 лауазым; Терапевт-дәрігер - өкпе-хирургиялық бөлімшесіне 1 лауазым; Невропатолог-дәрігер - туберкулездік менингитпен ауыратын науқастарды емдеу үшін аурухананың құрамында кемінде 20 төсек болған жағдайда 0,5 лауазым; 264. Ауруханалардың сүйек туберкулезі бөлімшелерінің медицина қызметкерлері құрамының штаттары, тек операциялардың өткізуіне арналған омыртқа жотасында трансторакальды рұқсатты қолданумен және аурулардың мекендеуі, ереже бойынша, шамамен 2 орыннан асырмайды, штаттық нормативтермен белгіленеді, өкпе-хирургиялық бөліміне арналған. 265. Өкпе-хирургиялық және урогенитиялық бөлімдерде меңгеруші бөлімшеде төсек санына қарай науқастармен тікелей жұмыс істеуден босатылады. Егер емдеуге арналған туберкулезді делбемен ауыратын науқастардың саны бөлімдер ұйымына арналған нормативтер талабына сай болмаса, бұл төсектер (палаталар) өкпе туберкулезі бөлімшесі құрамына қосылады. 266. Изоляторға қызмет етуге арналған балалар туберкулез бөлімшелерінде қосымша 1 мейірбикенің лауазымы 100 төсекке дейін орналасқан ауруханаларда және 2 лауазым 100 төсектен астам ауруханаларда белгіленеді. 267. Әлеуметтік құқығын оңалту бойынша нұсқаушылардың лауазымдары ересектер үшін және жасөспірімдердің 75 және одан да көп төсектен тұратын ауруханаларда әрбір 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 268. Сүйек-буын туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге арналған ауруханаларда (бөлімшелерде), қосымша лауазымдар белгіленеді: массаж бойынша мейірбикелердің лауазымы әр 60 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді; гипс салуға арналған кабинет мейірбикелерінің лауазымдары әр 200 төсекке 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем емес; емдік дене тәрбиесі нұсқаушының лауазымы: 100 төсекке дейін - 0,5 лауазым, 100 төсектен астам - 1 лауазым; 269. 100 төсектен астам стационарларда қабылдау бөлімінің мейірбикесі лауазымы белгіленеді. 270. Балалар туберкулез ауруханаларында изоляторға қызмет көрсету үшін санитарлар лауазымы изолятордағы мейірбикелер лауазымдарына сәйкес белгіленеді. 271. Операциялық және таңушылық жұмысын орындайтын санитарлар лауазымы операциялық мейірбикелердің және таңушылық мейірбикелердің лауазымына сәйкес болып белгіленеді. 272. Әр гипс салу кабинетіне 1 санитар лауазымы белгіленеді. 273. Дәрігерлік тіс емдеу кабинетінде жұмыс істейтін санитардың лауазымы стоматолог дәрігерлерінің лауазымдарына сәйкес болып белгіленеді. 274. Қабылдау бөлімшесі санитарларының лауазымы қабылдау бөлімшесі мейірбикелерінің лауазымына сәйкес белгіленеді. 275. Педагогикалық қызметкерлер лауазымы балалар ауруханаларының (бөлімшелерінің) нормативтері бойынша белгіленеді. 276. Диспансерлік бөлімшесі меңгерушісінің лауазымы 10 учаскелік фтизиатрия мамандарына 1,0 ставка есебінен белгіленеді. § 6. Психиатрия диспансерлерінің, ауруханаларының, бөлімшелерінің және кабинеттерінің штат нормативтері 277. Барлық психиатриялық жәрдем көрсететін (наркологиялықтан басқа) дәрігерлер лауазымының қойылған нормативтері жоқ болса 1 учаскелік психиатр-дәрігері есебінен белгіленеді: 20 мың ересек (18 жас және одан жоғары) қалалық тұрғындарына; 15 мың жасөспірімдерге және балаларға; 50 мың тұрғындарына, ауылдық аудандарына және ауылды мекендердегі халыққа, әкімшілікке бағынатын қалаларға (ауылдық аудан әкімшілігіне кірмейтін) амбулаториялық психиатриялық жәрдем көрсету үшін, бірақ бір ауданға 1 учаскелік психиатр-дәрігерден кем болмауы тиіс (осы лауазым есебімен диспансерлік бөлімшелерде (кабинеттерде) аудандық бағыныстағы қалаларда). 278. Балаларды (жасөспірімдерді) емдейтін психиатр-дәрігерлерінің лауазымы, зерделі артта қалған балаларға, мектеп-интернаттар оқушыларына, ерекше тәрбиелеу жағдайларын талап ететін оқушыларға, арнайы мектептердің және арнайы кәсіби-техникалық училищелердің, әрбір көрсетілген мекемеге 1 лауазым есебінен белгіленеді. 279. Психотерапевт дәрігерлерінің лауазымы ересектер үшін 2 учаскелік психиатрлардың лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді және учаскелік психиатрлардың ересектерге және балалар үшін 3 лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді; 280. Медициналық психологтың лауазымы тұрғындарға учаскелік психиатрлардың 3 лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді. 281. Невропотолог дәрігерінің лауазымдары амбулаториялық-емханалық жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін бір диспансерге бір дәрігер есебінен белгіленеді. 282. Консультациялық және ұйымдастырушы-әдістемелік жұмысын қамтамасыз ететін дәрігерлердің лауазымдары штатта бір облыс, республикалық маңызы бар қалалары психоневрологиялық диспансерлері есебінен белгіленеді: әкімшілік аумақтың 100 мың ересек тұрғынға 0,25 лауазым; әкімшілік аумақтың 100 мың жасөспірім тұрғынға 0,25 лауазым; әкімшілік аумақтың 150 мың тұрғын балаға 0,5 лауазым; 283. Психоневрологиялық диспансерлік бөлімше меңгерушісінің лауазымы бөлімшеге 2 лауазымнан кем емес психиатр дәрігерлері біреудің орнына барлық атаулардың лауазымы болуы керек деген есеппен белгіленеді 3,5 көрсетілген лауазымнан кем емес 0,5 дәрігер лауазымы есебімен белгіленеді. Аурухана құрамындағы психиатриялық-диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі лауазымы, психиатр дәрігерлерінің барлық лауазым атауларының 3,5 лауазымға дейін болуы тиіс, енгізілмейді, егер ауруханада психиатриялық төсектің санымен стационар бөлімше меңгеруші лауазымы қойыла алады. Егер психиатриялық бөлімше облыстық аурухананың құрамында ұйымдастырылса, оның ұйымдастырушы-әдістемелік бөлімі штатына мына лауазым орнына дәрігер-әдіскер лауазымы енгізіледі. 284. Психотерапевт дәрігерлерінің лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 285. Фтизиатр дәрігерлерінің лауазымы психотуберкулезді бөлімшесіндегі (палаталарындағы) 30 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 286. Терапевт-дәрігерлерінің лауазымы ересектерге арналған 400 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ бір ұйымға 1 лауазымнан кем болмай белгіленуі керек. 287. Педиатр-дәрігерлерінің лауазымы ауруханаға жатқызатын балалармен 14 жасар балаларды қоса санағанда 400 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 288. Учаскелік мейірбикелер мен дәрігер кабинеттердің лауазымы учаскелік психиатр дәрігерлерінің лауазымына сәйкес келетін есеппен белгіленеді. 289. Әлеуметтік жәрдем көрсететін мейірбикелердің лауазымы 5 учаскелік психиатр-дәрігерлеріне 2 лауазым есебінен белгіленеді. 390. Амбулаториялық жәрдем көрсететін ем жасайтын кабинет мейірбикелердің лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді. 291. Амбулаториялық жәрдем көрсететін мейірбикелердің лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 292. Қабылдау бөлімшесі мейірбикелерінің лауазымы 800 төсекке тәулік бойы 1 пост 1 лауазым есебінен белгіленеді. 293. Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушысының лауазымы бөлімшелердегі (палаталардағы) ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға деген мына көрсетілген төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді: орташа есеппен алғанда 100 күнге дейін төсекке болған науқастың 50 төсекке 1 лауазым; орташа есеппен алғанда 100 күннен астам төсекке болған науқастың 30 төсекке 1 лауазым. 294. Әлеуметтік жәрдем көрсететін мейірбикелердің лауазымы 200 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 295. Медициналық және педагогикалық қызметкерлер және психологиялық-наркологиялық диспансерлік бөлімшелерінің және кабинеттерінің, психиатриялық, психотуберкулезді бөлімшелерінің және стационарлық палаталарының, күндізгі стационарларының, дыбыс жазу аппаратурасын қолданып және емді-өндірістік шеберханаларда науқастармен жұмыс жасау медициналық құжаттаманы рәсімдеу үшін көрсетілген бөлімшелердің штат нормативтері бойынша диспансерлерде белгіленеді. 296. Стационар-логопед дәрігерлерінің лауазымы 30 балаға 1 лауазым есебінен белгіленеді. 297. Балалар олигофрено-педагогтарының лауазымы 50 бала төсегіне 1 лауазым есебінен белгіленеді.