Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


Ұйымның және қызмет етуін жұмыс көлемінің



бет67/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

Ұйымның және қызмет етуін жұмыс көлемінің
ұйымдастырушылық-техникалық жағдайына байланысты енгізілетін лауазымдары (мамандықтар)
Ұйымның және қызмет етуін жұмыс көлемінің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайына байланысты енгізілетін қызметкерлердің лауазымдар (мамандықтар) 1-кестеге сәйкес белгіленеді.
Ұйымның және қызмет етуін жұмыс көлемінің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайына байланысты енгізілетін жұмыскерлердің лауазымдар (мамандықтар) 2-кестеге сәйкес белгіленеді.
1-кесте



Лауазым атауы (мамандықтар)

Лауазымдар (бірліктер) енгізілетін ұйымдар, көрсеткіштер, лауазымдар саны (бірліктер)

1

Басшының ТЖ, ГО және жұмылдыру жұмысы жөніндегі орынбасары (сектор меңгерушісі)

жұмылдыру тапсырмасының нормативтеріне сәйкес

2

Бас дәрігердің техника жөніндегі орынбасары/ бас инжинер

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында дәрігерлік лауазымдар саны 200 бірліктен астам күрделі медицина құралдарымен және басқа да жабдықтармен, аппараттармен және ғимараттармен жабдықталған ұйымдарда 1 лауазым;
1-3 санаттағы ҚО

3

Бас механик

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында дәрігерлік лауазымдар саны 200 бірліктен астам ұйымдарда 1 лауазым;
1 - 2 санаттағы ҚО

4

Инженер-энергетик

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында дәрігерлік лауазымдар саны 150 бірліктен астам энергетикалық шаруашылығы бар ұйымдарда 1 лауазым;
энергетикалық шаруашылығы бар 1 - 2 санаттағы ҚО

5

Бас технолог

1 - 2 санаттағы ҚО - 1 лауазым

6

Су құбырлық-кәріздік, газдық, лифтілік, энергетикалық, кондиционерлеу және жылу қызметінің бастығы

республикалық, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында дәрігерлік лауазымдар саны 150 бірліктен астам ұйымдарда 1 лауазым.
Сонымен қатар бөлек қызметтерге бір бірден лауазым енгізілуі мүмкін:
су құбырлық-кәріздік - тәулік бойы жұмыс істейтін орташа су берілуі және тәулігіне су ағатын желі арқылы 4 текше метрден кем емес санына қарай;
газдық - газдық шаруашылық жұмысының көлемі 500 бірліктен астам болғанда;
лифтілік - 45-тен кем емес лифт болған жағдайда;
орталық және автономдық ауабаптағыштар мен желдеткіштік шаруашылық болған жағдайда;
жекелеген қызметтерге бастықтар лауазымын енгізу орынсыз болған жағдайда қызметтерге ғана бастық лауазымдары енгізілуі мүмкін

7

Жөндеу қызметінің бастығы

республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында және қызметтер бастығы лауазымы енгізілмейтін дәрігерлік лауазымдарының саны 150 бірліктен жоғары ұйымдарда 1 лауазым

8

Техникалық бөлім бастығы

1 лауазым:
дәрігерлік лауазымдар саны 50-ден 150 бірлік болатын қалалық және аудандық күрделі медициналық және басқа да жабдықтармен, аппаратурамен және ғимараттармен жабдықталған жөндеу қызметінің бастығы лауазымы енгізілуі мүмкін емес медициналық ұйымдарда:
қан орталықтарында 1-3 санатты;
шақырту саны 50 мыңнан кем емес, радиотелефондық байланысы бар жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету ұйымдарында

9

Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы

1 лауазым:
облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында және дәрігерлік лауазымдардың саны 150 бірліктен жоғары ұйымдарда 1 лауазым;
плазманың ақуыздарын фракциялау өндірісінің жылына 15 мың және одан астам литр плазма өңдейтін қан орталықтарында;

10

Жұмылдыру жұмыстары жөніндегі маман

жұмылдыру тапсырмасының нормативтеріне сәйкес


Әскери есеп жөніндегі инспектор

500 әскер міндеттілерге 1 лауазым есебінен

11

Су құбырлық-кәріздік, газдық, лифтілік, энергетикалық, ауаны кондиционерлеу және жылу, жөндеу қызметтерінің инженерлері, техниктері мен жұмысшылары

барлық ұйымдар - тиісті салааралық нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтер бойынша.
Жекелеген қызметтердің инжинерлік-техникалық қызметкерлерінің бастықтар лауазымдарын енгізу орынсыз болған жағдайда бірлескен қызметтер бойынша инженерлер мен техниктердің лауазымдары енгізілуі мүмкін

12

Инженер

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында және оны бар инжинерлік-техникалық қызметкерлер орындауы мүмкін болмаған жағдайда еңбектің ғылыми ұйымының талаптарына сәйкес кіші механизациялау және тағы басқалар ұйымдастыру құралдарын енгізу жөніндегі барлық қажет жұмыстармен қамтамасыз ету үшін қызметкерлерінің саны 600-ден астам ұйымдарда 1 лауазым

13

Қазандықтар, сору станциялары және басқа да арнайы қондырғылар, ғимараттар мен өндірістердің инженерлері мен техниктері

барлық мекемелер - тиісті салааралық нормалар және еңбек жөніндегі нормативтер

14

Есептеуіш техникаларға қызмет көрсету жөніндегі инженер

компьютерлердің саны 20-дан кем болмаған кезде ұйымға 1 лауазым. Инженерлердің лауазымын есептеу кезінде көрсетілген лауазым осы үлгілік штаттар бойынша көзделмеген ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы компьютерлердің саны да есепке алынады

15

Инженер-жүйелік әкімшісі

компьютерлік желі болған жағдайда 1 лауазым. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлар үшін 1 пост

16

Орталық қойма меңгерушісі

құрамында орталық қойма ұйымдастырылатын ұйымдар (ведомостволық бағыныстағы ұйымдарға қызмет көрсету) - қойма меңгерушісінің орнына

17

Көшірме жасау және көбейту машиналарының операторы

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында және қызметкерлер саны 600-ден астам ұйымдарда

18

ЭЕМ операторы (компьютерлер)

есептеуіш техникаларына қызмет көрсету жөніндегі инженердің және инженер-жүйелік әкімшілер лауазымына сәйкес

19

Қазақ тілінің аудармашысы

ұйымға 1 лауазым

20

Қазақ тілінің оқытушысы

50 және одан жоғары қызметкерлері бар ұйымға 1 лауазым

21

Машинист

50 және одан жоғары қызметкерлері бар ұйымға 1 лауазым

22

Гараж бастығы

гаражда жылжымалы құрамның 25 бірлігі болған жағдайда 1 лауазым (автомобильдер, тракторлар, жол және т.б. машиналар)

23

Гараж механигі

гаражда жылжымалы құрамның 15-25 бірлігі болған жағдайда 1 лауазым (автомобильдер, тракторлар, жол және басқа машиналар)

24

Гараж диспетчері

гаражда жылжымалы құрамның 15-25 бірлігі болған жағдайда 1-2 лауазым (автомобильдер, тракторлар, жол және басқа машиналар)

2-кесте



Лауазым атауы (мамандықтар)

Оларды енгізу көрсеткіштері

1

Вахтер

уақыттың үлгілік нормалары бойынша

2

Автомобиль жүргізушісі

кез келген үлгідегі автомобилге бір ауысымда санитариялық автомобильге 1 лауазым

3

Гардероб қызметкері

біреуі 150-300 нөмірге есептелген, бірақ бір ауысымға біреуден көп емес 25 төсектік участкелік ауруханалардың, дәрігерлік лауазымдар саны 10-нан астам амбулаториялардың штаттарына, балалар үйіне және сүт асханаларына гардероб қызметкері енгізілмейді. Гардероб қызметкері керек болатын уақыт бағыныштылығы бойынша органдармен айқындалады

4

Аула тазалаушы

Үлгілік нормативтер бойынша тазаланатын аумақтың көлеміне қарай жұмыс уақыты бойынша 1 лауазым:
2700 шаршы метр асфальттік жабылымдар
3000 шаршы метр жай жабындылар, таспен, грунт, қатайтылған жабындылар

5

Аурухананың жедел бөлімінің диспетчері

бір ауысымға 1 лауазым

6

Пеш жағушы

жылыту маусымында пеш болған жағдайда

7

Тас қалаушы

бір лауазым:
кірпіш ғимараттың пайдалы алаңының 30 мың шаршы метрі немесе 10 жылға дейін пайдаланылған ірі блоктық және ірі панельдік ғимараттардың 33700 шаршы метр есебінен;
кірпіш ғимараттың пайдалы алаңының 20 мың шаршы метрі немесе 10 пайдаланылған пайдалы алаңы 22500 шаршы мерт есебінен

8

Төсек-орын таратушы

дәрігерлік лауазымдық саны 25-75 болатын дербес емханаларға 0,5 лауазым;
дәрігерлік лауазымы 25-50 болатын аурухана құрамына кіретін және ауруханадан кеміне 2 км қашықтықта оқшауланған үй-жайда орналасқан емханаларға

дәрігерлік лауазымы 75-тен жоғары болатын дербес емханаға 1 лауазым.
шақыртулар саны жылына 10 мыңнан жоғары жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына;
әрбір қан орталығына.
Аурухананың құрамында 100 төсектік перзентхана бөлімдеріне.

1 - 5 санаттағы ҚО - 2 лауазым

1 санаттағы ҚО - 3 лауазым.
бір лауазым:
300 орындық балалар үйі;
150 төсектен астам 300 төсектік ұйымдарда, бірақ перзентханаларда 100 төсектен асса кемінде бір кем лауазым

9

Киномеханик

фильмдер көрсету үшін айына 8-16-ға дейін фильмдер көрсету күндеріне байланысты СӨС ұйымдарында 0,5 лауазым



фильмдер көрсету үшін айына 16 және одан артық фильмдер көрсету күндеріне байланысты СӨС ұйымдарында 1 лауазым. Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған госпитальдерде, психиатриялық ауруханаларда және балалар санаторийлерінде жұмыс істейтін киноқұрылғылар болған жағдайда науқастарға фильм көрсету үшін

10

Қоймашы

75-120 төсектік ұйымдарға, 50-95 төсектік аудандық орталық ауруханаларға 0,5 лауазым
жылына қан орталықтарында 3 мың және одан көп литр қан әзірлеуіне қарай.
Жылына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсететін станциялары 20-40 мың және одан көп шақыртулары бар.
Дәрігерлік лауазымдар саны 20-40 болатын сот-медициналық сараптама бюросында

11

Шатыр жабушы

бір адамға жиынтық есеппен:
19300 шаршы метр болат шатыр;
9200 шаршы метр рулондық шатыр (жұмсақ);
11800 шаршы метр шифермен жабылған шатыр;
16500 шаршы метр асбоцементпен жабылған шатыр;
12400 шаршы метр черепицамен жабылған шатыр.

12

Лифтер

Ауысымды лифтіге 1 лауазым

13

Сылақшы

бір адамға жиынтық есеппен:
20000 шаршы метр 10 жылға дейін пайдаланылған тастан салынған пайдалы алаң;
13500 шаршы метр - 10 жылдан астам пайдаланылған көрсетілген құрылыстарда;
16000 шаршы метр ағаштан салынған құрылыстарда пайдалы алаң;
14000 шаршы метр басқада материалдардан салынған пайдалы алаң

14

Арнайы киімді жуу және жөндеу жөніндегі машинист

бір адамға жылына 80 тонна құрғақ киім-кешек пен төсек жабдығын өңдеу есебінен:
бір ауысымда 31 кг құрғақ киім-кешек пен төсек жабдығын және арнайы киімді қолмен жуу;
бір ауысымда 100 - 120 кг құрғақ киім-кешек пен төсек жабдығын және арнайы киімді машинамен жуу;
бір ауысымда 25 кг фасонды киім-кешек пен төсек жабдығын және арнайы киімді қолмен үтіктеу;
бір ауысымда 45 кг құрғақ тегіс киім-кешек пен төсек жабдығын қолмен үтіктеу;
бір ауысымда 80 - 100 кг құрғақ киім-кешек пен төсек жабдығын және арнайы киімді механикалық үтіктеу

15

Ішкі санитариялық-техникалық жүйелер мен құрылғыларын монтаждаушы

300 санитариялық-техникалық нүктеге бір лауазым есебінен (раковина, унитаз, ванна немесе себезгі қондырғылары)

16

Шаштараз

200 төсектік 1 лауазым есебінен

17

Құжаттарды түптеуші

түптеу жұмыстарына үлгілік штаттың уақыт нормалары бойынша

18

Жасыл шаруашылық қызметшісі немесе бағбан, және ауқымды санитариялық қарау жөніндегі жұмыстармен айналысатын басқа да жұмысшылар

уақыттың үлгілік нормалары бойынша көгалдандыру, үй аумағын ұстау бойынша жұмыстармен айналысатын жұмысшыларға арналған қызмет көрсетудің типтік нормалары бойынша барлық ұйымдар

19

Балташы, құрылыс ағаш шебері

бір лауазымға жиынтық есеппен:
пайдалы алаңы 18000 шаршы метр 10 жылға дейін пайдаланылатын тастан салынған құрылыстарда;
пайдалы алаңы 11000 шаршы метр - 10 жылға дейін пайдаланылатын көрсетілген құрылыстарда;
пайдалы алаңы 8000 шаршы метр ағаш құрылыстарда;
пайдалы алаңы 10000 шаршы метр басқада материалдардан

20

Қосалқы (көлік) қызметкер

басқа мамандықтар бойынша жұмысшылар көзделмеген жұмыстар көлемі бар барлық ұйымдар

21

Жалға беру пунктінің қабылдаушысы

санаторийлерде 1 лауазым. Қабылдаушы керек болатын уақытты санаторий басшысы айқындайды

22

Құрылыстардың, жабдықтар мен ғимараттардың ағымдағы жөндеуі мен қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылар

нормативте көзделген әр бір мамандық бойынша жеке атаулары көрсетілген мамандықтар бойынша жұмысшылар белгіленбейтін жағдайда жұмысшылар (пеш жағушы, қалаушы, шатыр жабушы, сылақшы, балташы, ағаш ұстасы, ішкі санитариялық-техникалық жүйелер мен жабдықтар монтажшысы, электромонтер), мамандықтары орнына енгізіледі

23

Автокөлік бөлімшелерінің (гараждар) жұмысшылары мен қызметшілері

электрлі және автоарбалардан және т.б. құралдардан басқа 50-ден астам жылжымалы құрамы (автомобильдер, тракторлар, жол және т.б. машиналар) бар ұйымдар.
Автокөлік кәсіпорындары жұмыскерлеріне арналған нормативтер бойынша

24

Күзетші

жұмыстағы уақыттың үлгілік нормативі бойынша

25

Қызметтік үй-жайларды тазалаушы

бір лауазымға жиынтық есеппен:
250 шаршы метр ағаш едендер;
350 шаршы керамика плиткалармен жабылған едендер;
425 шаршы метр линолеуммен жабылған едендер;
550 шаршы метр ғимараттарды қосып тұратын туннельдер мен өтпелер

26

Тігінші

300 төсекке 1 лауазым есебінен

27

Байланыс электромеханигі

40 кіріс нөміріне 1 лауазым есебінен

28

Электрик-дизелист

ұйымда 1 лауазым.
Қосымша лауазымдар саны электротехникалық жабдықтардың болуына (электроқозғалтқыштар, қосқышты реттегіш аппарат, өлшеу құралдары) және оның жөндеу күрделілігіне бөлінеді

29

Электр жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі электромонтер

барлық ұйымдар. 750 жарықтандыратын нүктеге бір лауазым есебінен (жарықтандыру нүктесі оған электр патрондармен қосылған ажыратқыш немесе күндізгі жарық шамдары). Лауазымдардың қосымша саны электротехникалық жабдықтардың болуына байланысты (электроқозғалтқыштар, қосқышты реттегіш аппарат, өлшеу құралдары) және оның жөндеу күрделілігіне байланысты

Денсаулық сақтау ұйымдарының
үлгі штаттары мен штат
нормативтеріне 12-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет