Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар



бет19/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар

Радиоактивті ластану
Әлем мұхитының радиоактивті ластануының негізгі көздері:

  1. Ядролық қару сынақтары кезінде ластану.

  2. Мұхитқа тікелей тасталған радиоактивті қалдықтармен ластану.

  3. Үлкен масштабта болған авариялар.

  4. Теңіз және мұхит түбінде радиоактивті қалдықтарды көму.

Ядролық қару сынау кезінде өте көп ядролық жарылыстар өткізілді. Соның нәтижесінде атмосфераға көп мөлшерде әртүрлі радионуклеотидтер тасталды. Әлем мұхиты сулары ең қауіпті радионулеотидтермен ластанған (Cs137, Sr90, Cr144, It91, No95). Олардың жоғары биоокумуляция қабілеттілігі болады. Сондықтан олар қоректену тізбегі бойынша миграцияға қатысады және жоғары қоректену дәрежесінде теңіз организмдерінде жинақталады. Сондықтан адам үшін қауіп туғызады.
мұнаймен ластану
Мұнаймен ластану теңіз экожүйелері үшін ерекше қауіптілік көрсетеді. Өйткені, Әлем мұхитының беті 20-30%-ға мұнай қабыршағымен жабылған. Осындай жіңішке қабыршақтар теңізде жүретін негізгі физико-химиялық процестерді бұзып, ғаламдық масштабта қажетсіз салдарды тудырып, гидробиоценоздарға теріс әсер етеді. Мұнай молекулалары тұрақты болатындықтан су бетіндегі қабатта, тұнбаларда, теңіз биоталарында жинақталады, қоректену тізбегі бойынша таралады. Адамдар денсаулығына теңіз өнімдерін қолдану арқылы қауіп – қатер жасайды. Әлем мұхитының әртүрлі аудандарында мұнай өнімдерінің концентрациясы бірдей болмайды. Мысалы, Тынық мұхитында өнімдер концентрациясы 0-200 мкг/л; Атлант мұхитында 0-160 мкг/л; Солтүстік теңізінде 0-350 мкг/л; Жер Орта теңізінде 0-950 мг/л; Балтық теңізінде 0-808 мг/л. Қазіргі езде жыл сайын 3 млрд. тонна мұнай алынады екен. Ал оның 58% - ы теңіз жолымен тасымалданады. Танкер авариялары нәтижесінде жыл сайын 0,2-0,3 млн. тонна мұнай теңіз ластаушыларының қатарына қосылады. Қазақстан суларында ерекше қорқынышты Каспий теңізінің мұнаймен басылуы тудырады. Ең таза суларда мұнай онцентрациясы 2 – 15 ПДК – ға жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет