Әдебиеттер тізімі
.Әбдіров А.М. Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру. Астана КазАУ, 2 б.
2.Әбілжанұлы Т. Кормоприготовительные машины для крестьянских хозяйств и других агроформирований. Ќ Астана. 2007. 200с.
3. Рүстембаев Б.Е. және т.б. Сүт және сүт өнімдерін өндірудің жаңа техноло-гиялары мен экономи-касы. Оқу құралы. - Астана. 2007
4. Зейнуллин К.Ш., Естаев Б.З. Мал фермалары мен комплекстерінің технологиялық жабдықтары. Оқу құралы. - Целиноград. 1992
Сүтті алғашқы өндеуді механикаландыру. Сүтті салқындатқыштар және пастерлегіштер. Сүт ұқсатуды механикаландыру.
Қарастырылған сұрақтар:
1. Сүтті тазаратқышсалкындатқыштар.
2. Сүтті пастерлеу процесі.
3. Пастерлегішсалқындатқыш қондырғылар.
4. Сүт сепараторлары.
5. Сүт өнімдерін гомогенизациялау
6. Қаймақтан май шайқау жабдықтары
7. Құрғақ сүт алу технологиясы
Сүт құрамындағы ірі механикалық заттарды ұстау үшін әртүрлі сүзгілер қолданылады. Сауын аппараттарында АДМ типтес сүзгілер пайдаланылады. Олар сүт түтіктеріне орнатылады. Сүзгі сеткалар каркасынан және ауыстырмалы лапсан материалынан тұрады.
Сүт тазарту процесінің ең тиімдісі центрден тепкіш тазаратқыштарды пайдалану. Бұл тазаратқыштың басты бөлшегі тез айналатын барабан. Центрден тепкіш күштің әсерімен лас қалдықтар барабанның ішкі қабырғасына жиналып, онда лас қалдықтар сақинасы жиналады. Мұнда тарелкалар мен барабанның ішкі қабырғасының арасындағы кеңістік лас қолдықтар кеңістігі деп аталады. Тазаратқыш барабан осы кеңістік лас қалдықтармен толғанша жұмыс істейді. Мұндай тазаратқыштың үздіксіз жұмыс істеу уақыты 2…3 сағат. Соңғы уақытта центртепкіш тазаратқыштар пластикалы салқындатқыштар бірге жұмыс істейді. Мұнда сүт агрегат ішінен үздіксіз жабық күйінде өтеді. Егер сүт 40-45°С дейін жылытылса онда тазарытқыш өнімділі арта түседі. Салқындатқыштар цилиндр немесе жазық пішінді болуы мүмкін секцияларының саны бойынша, бір, екі және көп секциялы болып бөлінеді. Жылу айырбастағыш типіне байланысты тура ағынды және қарсы ағынды болып бөлінеді. Конструкциясы бойынша түтіктен, жазық беттерден және пластиналардан жасалған болып бөлінеді.
Қабырға арқылы сүт температурасын өзіне қабылдайтын салқындатқыш агент ретіндесалқындатылған су, тұз араластырылған су қолданылады. Бұл агенттер салқындатқыш қондырғылармен салқындатылады. Қарсы ағынды салқындатқыштар сүт температурасын салқындатқыш агент температурасынан 3 градус жоғары деңгейге дейін салқындатады. Кейбір жағдайларда екі сатылы салқындату қолданылады. Бірінші саты салқын сумен, екінші саты салқындатқыш құрылымдарда салқындатылған тұзды сумен салқындату. Бұл жағдай сүт температурасы 5-6 градусқа дейін төмендетуге болады, қалықты жағдайда 11-13°С.
Қазіргі сауын қондырғылары ОМ-1А және ОМ-1-5000 тазаратқыш-салқындатқыштармен жабдықталады. Бұлардың өнімділігі 1000л/сағ. Олар центрден тепкіш тазаратқыштан және пластикалы салқындатқыштан тұрады. Олар бір рамаға орнатылған центр тепкіш тазаратқыш барабаннан, жетек механизмінен және сүт қабылдағыш шығарғыш құрылымнан тұрады.
Сауын аппараттарының жұмыс істеуі үшін вакуум керек. Вакуум сауын қондырғы жүйесінде вакуум насос және арнаулы аппаратуралар арқылы алынады. Қазіргі уақытта вакуум насостардың ротациялық, поршенді инжекторлы әдістермен вакуум алатын насостар шығарылады.
Қазіргі уақытта сауын қондырғыларында УВУ-60/45 маркалі ротациялық насос қолданылады.
УВУ-60/45 насосы корпустан 2, ротордан 3, текстометтен жасалған қалақтан 4 алдыңғы және артқы қақпақтардан. Текстометтен жасалған 4 қалақ роторда радиальна жасалған 4 ойықтың ішіне бос орнатылған. Ротор айналғанда центртепкіш күштің әсерінен қалақтар корпустың ішкі қабырғасына сығылып оны сүйкелей айналады. Корпус кіндігі менротор кіндігі эксцентрично орналасқандықтан әрбір екі қалақтың арасындағы кеңістік өзгеріп отырады. Бұл жағдайда корпустың бір жағында орналасқан түтіктен ауа сорылады, ал екінші жағындағы түтіктен қалақ арасындағы ауа атмосфераға айдалады. Біліктің басына орнатылған шкивтің шабақтары қалақ түрінде жасалған сондықтан олар вентилятор қызметін атқарады. Бұл насос корпусының ауамен салқындауын қамтамасыз етеді.
Вакуум қондырғысы станинадан, электр қозғағыштан, масленкадан, глушительден, вакуум регулятордан, вакуумметрден, вакуумбалоннан, вакуумтүтіктен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |