Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-күқықгық мәртебесінің ерекшеліктері ҚР-ның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конституцияда, зандарда және халықаралық шартгарда өзгеше көзделмесе, Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (ҚР-сы Конституциясының 12-6, 4-т).
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы ҚР-ның зандары ел Конституциясына негізделеді. Соған сәйкес ҚР-дағы шетелдіктердің әкімшілік - құқықтық мәртебесіне жататын нормативтік ережелер «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР-ның 1995 ж. 19-маусымдағы заңында, ҚР-сы Үкіметінің 2000 ж. 28-қаңтардағы қаулысымен бекітілген «Шетелдік азаматтардың ҚР-сына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың ҚР-нан кетуінің Тәртібінде»және басқа да заң актілерінде, мысалы, ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған.
ҚР-дағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ ҚР-ның халықаралық шарттарымен де анықтала алады. Егер ҚР-сы ратификациялаған халықаралық шартта аталған Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттын ережелері қолданылады.
1995 ж. 19-маусымдағы Заңда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кімдер жататыны айқындалған. ҚР-ның азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар ҚР-дағы шетелдіктер болып танылады.
ҚР-да өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты ҚР-ның Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қыл-мыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шеделдіктер ҚР-да уақытша жүрген деп есептеледі. Олар ҚР-ның аумағына келген сәттен бастап үш тәуліктің ішінде белгіленген тәртіппен төлқүжатын тіркеуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң ҚР-нан кетуге міндетті.
Жоғарыда аталған заңнамалық актілерде шетелдіктердің ҚР-на келуі мен кетуінің шарттары мен тәртібі бекітілген. Шетелдіктер, егер ҚР-ның тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды паспортымен немесе оны алмастыр'атын қүжатгарымен ҚР-ның келу визасы (келу рұқсатнамасы) болған жағдайда Қазақстанға келе алады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары сияқты жалпыга бірдей заңдық міндеттер орындайды. ҚР-да түрақ-ты тұратын шетелдіктер заңдарда көзделген тәртіппен түрақты және уақытша тұратын жері бойынша әділет органдарында тіркелуге міндетті.
Шетелдіктер заңнамада қаралған кейбір жағдайларда ҚР-ның шегінен қуылуы мүмкін: егер оның іс — әрекеті мемлекеттік қауіп-сіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамДық тәртіпті қоргау мүдделеріне қайшы келетін болса; егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершілік қасиеттн сақтау, ҚР-сы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса; Қазақстанның кедендік, валюталық немесе өзге де зандарын бүзса; егер ҚР-ның азаматымен некеге тұруы оны Қазақстанда түрақты тұруга қалдыру үшін негіз болып табылып, заң актілерімен белгіленген тәртіппен неке заңсыз деп танылған жагдайда. Мүндай әкімшілік жаза шарасы ӘКБтК-тің 394-6. қаралған
«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңнын ережелері, егер ҚР-ның заң актілерінде өзгеше белгіленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Бұл Заңнын ережелері шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлерінің Қазақстанның заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген артықшылықтары мен иммунитетгеріне қолданылмайды.