Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Әсіресе ауыр түрлері- менингококкцемияның



бет30/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Әсіресе ауыр түрлері- менингококкцемияның тез дамитын түрі «найзағай тәрізді» - өте тез басталады, дене қызуы 40-41º\С, қалтырап дірілдейді, тахикардия, қан қысымы төмендейді, тыныс алу жиілейді, анурия,ДВС-синдромы, ИТШ дамиды.
Инфекциалық токсикалық шоктың 3 сатысы болады.
1- сатысы (компенсация)- науқас мазасыз, қозған күйде болады. Тынысы жиілейді, тахикардия, ҚҚ қалыпты жағдайда болады. Терісі құрғақ, жылы, ұсақ геморрагиалық бөрітпелер, мұрынның, саусақтарының ұштарында цианоз байқалады. Диурез сәл азаяды.
2- сатысы (субкомпенсация)- науқас жағдайы нашарлай бастайды. Кейде есінен тануы мүмкін. Дене қызуы күрт төмендейді. Тері салқын, мрамор суреттері дамиды. Геморрагиялық бөртпе үлкейіп, бетке жайылады. Тахипноэ, акроцианоз, тахикардия және қан қысымы 80\40 мм с\б түседі. Олигоанурия дамиды.
3- сатысы (декомпенсация) тері салқындайды, диффузды цианоз дамиды. Теріде мәиіт дақтары пайда болады. Мұрыннан, іштен қан кетуі мүмкін. Инъекция орындарында қан құйылулар болады. Науқас есін білмейді, тынысы беткей, пульсі мен қан қысымы анықталмайды, диурез тоқтайды, нәжіс еріксіз бөлінеді.
Емдеу принциптері: Антибактериалды. Менингококктар антибиотиктерге өте сезімтал. Пенициллин, тетрациклин, эритромицин, цефалоспорин (цефазолин, цефамизин, цефтриаксон) және рифампицин тағайындалады. Бензилпенициллин көк тамырға және бұлшық етке тәуліктік дозасы 200-500.000 н\е 700-800.000 бірлік/кг салмағына, 3-сағ сайын жіберіледі. Арнайы донорлық қан плазмасы жақсы нәтежие береді. Патогенетикалық, симптоматикалық, дезинтоксикациялық ем аурудың ауырлығына қарай жүргізіледі. Ауыр түрлерінде глюкокортикостероидты препараттар тағайындалады. Диспансерлік бақылау- невропатолыкта 3- жыл тұрады. 1-ші жылы квартал сайын. 2-ші жылы жарты жылда 1 рет.3- жылы жыл соңында бір рет көрінеді.
Лабораториялық диагностикасы. Бактериоскапиялық, бактериалогиялық және серологиялық зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу материалдары мұрын және мұрын- жұтқыншақ бөліндісі, қан, жұлын сұйықтығы. Зерттеу материалдарын тоңазамен кебуден қорғау қажет. Материалдар қанды, сарысулы, асцитті қоректік орталарға себіледі. Зерттеу нәтижесі 24 сағатта дайын болады. Қазіргі күн экспресс - әдістермен өте қысқа уақытта жауап алуға болады. (РПГА, ИФА, ВИЭФ, ПЦР).
Эпидемиологиялық қадағалау жүргізгенде келесі мәселелерді ескеру керек:

  1. Ауруға шалдығуды тіркеу.

  2. Айналыстағы менингококктардың серотоптарын анықтау. Тасмалдаушылық деңгейін анықтау. Бөлінген штаммалардың антибактериалды препараттарға скзімталдығын анықтау.

  3. Халықтың иммунологиялық жағдайын анықтау.

  4. Нақты аймақта халықтың иммундық статусы, ауруға шалдығу деңгейі, ең төменгі ауруға шалдығу көрсеткіші, айналыстағы серотоптарға қарай жақын болашаққа болжам жасау.

  5. Ауруға шалдығудың маусымдылығын анықтау.

  6. Ерте жастағы балаладан В серотобының бөлінуін қадағалау.

  7. Тасымалдаушылықтың жас құрылысын, серотоптылығын анықтап отыру.

  8. Қауіптілік тобын иммунологиялық көрсеткіш бойынша иммундау, оның нәтижесін бағалау.

  9. Лабораториялық қызмет саласының жұмыс сапасын бағалау. Менингококктардың серотиптерінің алмасуын анықтау.

Бұл аталған жағдайлар бойынша мәлімет жиналғанда ғана алдын алу шараларын роционалды, нәтижелі жүргізуге мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет