Эпидемиологиясы: Инфекция көзі – Құтыру ошағын екі типке бөледі: табиғи типті құтыру және антропургиялық (“қалалық”) типті құтыру ошағы. Табиғи құтыру ошағында вирус ет қоректі жабайы ит туыстығына жататын жануарлар арасында айналыста болады. Негізгі инфекция көзі қасқыр, түлкі, қорқау қасқыр, т.с.с. Бұлардан басқа табиғи инфекция көзі мысық тәрізділер, жарқанаттар, кунь тәрізділер, виверраттәрізділер. Табиғи ошақтардан вирус үй жануарларына, негізінен иттерге беріледі. Иттермен қатар құтырумен мысықтар және басқа адам жанындағы жануарларға таралады. Сөйтіп құтырудың антропургиялық ошағы қалыптасады.
Жануарларда инфекциялық процестің инкубациялық кезеңен бастап, кейде 8 айға дейін созылуы мүмкін. Инфекция көзінен вирус қоршаған ортаға оның сілекейімен бөлінеді. Жұғу кезеңі инкубацияның соңғы күнінен жануар өлгенше жалғасады. Иттер құтыру белгісі пайда болғаннан кейін 9-10 күнде өледі, мысықтар 2-4 күнде өледі. Ауру адам айналасы үшін қауіпсіз.
Қоздырғыштың жұғу механизмі. Жануарлар арасында да, жануарлардан адамға да құтыру вирусы қарым-қатынас механизмі арқылы беріледі. Өте сирек болса да вирустар адам организміне де енуі мүмкін.
Эпидемиялық процестің сипаты.Құтыру ауруы жануарлар, адам мекендеген аймақтардың барлығында кездеседі. Нәтижелі жүргізілген індетке қарсы шараларға байланысты құтырудан тазартылған аймақтар бар:
Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Португалия, Скандинавия елдері, Жапония, Жаңа Зеландия. Бұл елдерде құтыруға қарсы күрестің нәтижелілігіне негізгі әсер еткен ел территориясы мен шекарасына тосқауыл қоюға қолайлы географиялық жағдайы (аралда, жарты аралда орналасуы).
Эпидемиялық процестің көрінісі әр елдерде әр түрлі. Ол халықтың санитарлық ағару дәрежесіне, урбанизация деңгейіне, табиғи ошақтардың белсенділігіне байланысты. Ауруға шалдығуды анықтаушы басты фактор жануарлар қапқаннан кейін медициналық (антирабикалық) жәрдемге жүгіну уақыты.
Қазақстанда жылына мыңға жуық жануарлар құтырудан өледі, ал антирабикалық көмекке жүгінушілер саны 30 мыңнан асады.Ауылдық жерлерде антирабикалық көмекке жүгіну қала халқана қарағанда кештеу.
Құтыруға шалдыққандардың 70-75% үй жануарларынан ( негізінен қаңғыбас иттерден) залалданғандар, жабайы жануарлардан залалдану 30%-ға жуығын құрайды. Ауыл тұрғындары қала тұрғындарынан гөрі жиі ауырады. Ерлер әйелдерге қарағанда әлде қайда құтыруға жиі ұшырайды. Балалар, әсіресе 5-14 жас аралығындағы балалар ересектерге қарағанда жиі ауырады. Бұл ересектердің барлығы ауру жануарлармен ұшырасу жиілігіне байланысты.
Ауруға шалдығудың көтерілуі жаз мезгіліне сәйкес келеді. Бұл жануарлардың жылдың жылы кезіндегі белсенділігіне (көбеюі, популяциялардың араласуы т.с.с.) байланысты.