Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет11/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

 
Ұсынылған әдебиеттер
1.
Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту əдістемесі. Жалпы бөлім: дəріс 
курсы. Алматы, 2010. 
2.
Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту əдістемесі. Қарағанды, 2006. 
3.
Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы. 
Алматы, 1977. 
4.
Никишов А.И.Теория и методика обучения биологии. М., 2007. 
5.
Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии.- 3-
е изд. –М., 1976. 
6.
Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- 
Мн., 2004. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс №5 
 
Тақырыбы: 
Жаратылыстануды оқыту əдістемесінің ХІХ ғ. мектебінде 
дамуы.
 
Дәріс жоспары
1. А.Я.Герд, В.В.Половцов, Д.Н.Кайгородов, К.П.Ягодовский сынды 
ғалымдардың сол кездегі Ресей мен оның құрамындағы халықтардың 
жаратылыстану əдістемесінің дамуына ықпалы.
Дәріс мазмұны
Жаратылыстану әдісінің қазан төңкерісіне дейінгі даму кезеңі. 
19-шы ғасырдың бастапқы кезеңінде Ресейде халық ағарту министрлігі 
ашылып,Бас халық училищелері гимназияға айналды. Мұғалімдік семинария-лар 
– педагогикалық институттар болып қайта құрылды. Осы оқу орында-рында 
Зуевтің бағытын жалғастырушы оның шəкірті А.М.Теряев болды. Бұл ұстаздың 
ең басты қағидасы, сабақ беруде көрнкілік əдісін қолдануды жақтау еді. 
Көрнкілікті жаппай мектептерге таратумен шұғылданды. 
Осы кезеңде биология ғылымының дамуында, өсімдіктер мен жануарларды 
жүйелеу кең өріс алды. К.Линнейдің «Табиғат жүйесі» - деп аталатын еңбегі 
көпшілік қауымға танымал болды. Жүйелеу жаратылыстану пəндерін оқыту 
барысына енгізіле басталды. 
Александр І-нің үкімі, гимназияларда оқытылатын жаратылыстану 
ғылымдары морфологиялық-систематикалық деңгейде жүргізілсін- деген 
ұйғарымға келді. 
1809-шы жылы В.Ф.Зуевтің оқулығы, А.М.Теряевтің «Ботаникалық 
философияның бастапқы негіздері» деген оқулығымен алмастырылып, барлық 
оқу орындарына енгізіле бастады. 
Оқулықтың мазмұны- ботаникалық терминдер жиынтығы еді, əртүрлі діни 
мазмұндағы түсініктемелер берілді. Кейінірек тіл жəне грек тілі мұғалімі 
И.И.Мартынов «Үш ботаника» оқулығын жарыққа шығарды. Бұл оқулықтар 
əдістемелік тұрғыдан ойластырылмаған, оқушылар үшін өте қиын тілде 
жазылған. Жалпы 19-шы ғасырдың бастапқы кезеңінде жарық көрген оқулықтар, 
тек ғылымның жетістіктерінің жинақталған мазмұны еді. 
1812 жылы Отан соғысынан соң, орыс қауымындағы республикалық ойлар 
үкіметтің жаратылыстану пəндерін оқытуға көзқарасын өзгертті. Сол себепті, 
1818-ші жылғы ғылым комитетінің нұсқауында мектеп бағдарламасында физика 
мен математика пəндерін оқытуға ғана аса көңіл бөлу керек деп көрсетілген. 
Николай І-нің кезінде реакциялық күштер 1828-ші жылдары жаратылыстану 
пəнін бағдарламадан алып тастады. 1848-жылдары жаратылыстану ғылымдары 
қайтадан жаңғыртылып кадет корпустарында бағдарламаға енгізілді. 1852-
жылдардан бастап гимназияларда оқытыла бастады. 
Гимназияларда оқытылатын жаратылыстану бағдарламасы көлемді 
болғанымен ондағы жүйелілік пен кезектестік, бірізділік сақталмады. Жануарлар 
əлемі мен адам курсын оқыту аралығында үш жылдық үзіліс болды. Әрине 


жүйелілік сақталмауы методикалық қате болып саналады. Бағдарламаның 
мазмұны бойынша жаратылыстануды төмендегідей жүйемен оқыту көрсетілді: 
1-класта табиғат туралы жалпы түсінік – 2 сағат 
2-3-кластарда - зоология - 3-2 сағат 
4-5-кластарда – биология - 2-1 сағат 
6-класта – минералогия – 1 сағат 
7-класта – Адам анатомиясы мен физиологиясы – 1 сағат. 
Халық 
ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша төмендегідей 
оқулықтар жарық көрді: 
1.Профессор Шиховский – «Гимназияға арналған қысқаша ботаника курсы» 
оқулығын жазды. Бұл оқулық 460 беттік, өсімдіктердің 94 тұқымдастарының 
өкілдерінің морфологиясы менсистематикасы берілді. 
2. Математика пəнінің оқытушысы Симашко Ю.М. «Зоология пəнінен 
жетекші құрал» еңбегін жазды. 500 беттен тұратын бұл оқулықта 400 тұқым-дас, 
2000 туыстың сипаттамасы берілді. Осылай жарты ғасыр бойы жаратылыстану 
əдістемесінде тоқырау кезеңі орын алды. 
1849 жылы Даль кадет корпусына арнап «Ботаника» оқулығын жазды. 
Пəннің құрылымы методикалық тұрғыдан ойластырылған, оқушының сана –
сезімін, 
ойлауын, 
адамгершілік 
сезімдерінің 
дамуына 
бағытталып 
құрастырылды. 
1846 жылы Жемчужиннің «Адам анатомиясы жəне физиологиясы» оқулығы 
жарық көрді. Жалпы Ресейдегі 60-шы жылдардағы жаңашыл ойлар, жастардың 
тіршілікке, өмірге деген материалистік көзқарастарын қалыптастыруымен, 
табиғи объектілерді бақылауға бағытталды. Сол себепті Ч.Дарвиннің «Түрлердің 
шығу тегі» атты еңбегі ғылым сүйер қауым мен жастар арасында дұрыс 
қабылданды. Сол кездегі аса көрнекті ғылым қайраткерлері К.А.Тимирязевтің, 
М.А.Антонович жəне Д.И.Писаревтердің мақалаларында дарвинизм ойлары 
жұртшылыққа паш етілді. 
Педагог К.Д.Ушинский – «Табиғат» адамды тəрбиелеудің ең тиімді құралы
деп көрсетті. А.Н.Бекетов жаратылыстану пəндерін оқыту барысында 
оқушыларды ойлауға, байқампаздыққа, ізденімпаздыққа тəрбиелеу үшін 
мүмкіндіктердің мол екендігін көрсте білді. Бекетов «Индуктивті методтың» 
маңызын жəне соның негізінде методикалық ізденістің негізін қалады. 
Методикалық ізденіс əрі қарай зерттеу методына ұштастырылып, қазіргі 
кезеңдегі сабақтың проблемалық құрылымына жалғастырылды. 
1840-шы жылдары жаратылыстануды оқытудың əдісін Германияда Август 
Любен жалғастырды. Любен Бекетовтың ойын жалғастырды. Әдіскер 
Коменский сияқты «жаратылыстануды қарапайымнан күрделіге, белгіліден 
белгісізге, нақтыдан жалпыға – индуктивті түрде жүзеге асыруға тиіс»-деп 
көрсетті. Ол өзінің методикасында жаратылыстану пəнін оқыту барысында 
міндетті түрде төмендегідей мəселелерге көңіл аудару керектігін айтты: 
1. Өсімдік пішіндерінің алуан түрлілігін танып - білу; 
2. Алуан түрліліктің негізінде біртұтастықтың барын білу; 
3. Өсімдіктің тіршілігін танып – білу; 
4. Өсімдіктердің алуан түрлілігі мен тіршілігін қамтамасыз ететін заттар 
мен күштерді танып білу. 


Любен оқушылардың табиғаттың əсемдігін сезінуі үшін, ойлауын, 
байқампаздығын дамытуда ботаника пəні ұтымды деп есептеді. Бірақ Любеннің 
оқулығының мазмұны, оның құнды методикалық нұсқауларына сəйкес келмеді, 
оқулықта тек жүйелеу ғана берілді. 990 өсімдіктің жəне 136 тұқымдастардың 
сипаттамасы 
берілді. 
Любеннің 
методикасы 
орыс 
биологтарын 
қанағаттандырды, бірақ бір кемшілігі ботаника мен зоология оқулықтары құрғақ 
көлемді (4 бөлімі бар) болғаннан соң, оқушылардың оқып, қабылдауына қиын 
соқты. Мектеп биология пəнінің мұғалімдерінің көпшілігін табиғи 
объектілермен жұмыс жүргізу мəселесі қинады. 
А.Н.Бекетов, А.Любеннің жазған оқулығын орыс тіліне аударды. Осы 
кезеңдерде Любеннің методикасын жақтаушы оқымыстылар мен методистер 
оқулықтар жазды. 1865 жылы Н.И.Раевскийдің «Ботаника», 1862 жылдары 
Михайлов, 1869 жылы Сент-Илердің «Зоология» оқулықтары жарық көрді. 
Бұл оқулықтар шағын көлемді, əрі оқушылардың оқып-білуіне жеңіл болды. 
Бірақ любенистердің методикасы мен оқулықтарына қарсы пікірлер көбейді. 
Олардың методикалық нұсқаулары оқулық мазмұнына сай келмеді. 
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудан алшақ болды, қажетті биологиялық 
білім қалыптастыратындай мазмұнда болмады. 
Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд айналысты (1841-
1888). Гердтің еңбектері методиканың ғылыми негізін қалады. Гердтің 
мақалаларында оқытудың мазмұны ғылыми жетістіктері мен дамуына сəйкес, 
сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. 
А.Я.Герд оқытудың тəсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын 
тəрбиелеу, байқампаздығын жəне танымдық қызығушылдығын дамытуды 
көздеді.Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз 
биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму 
кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі жəне олардың құрылысын тіршілік 
қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді. 
Индуктивті жəне дедуктивті əдістерді қатар қолдану керектігін айтты. 
А.Я.Герд оқушылардың байқаған фактілер негізінде, қорытындылау, сараптау 
жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды. 
А.Я.Герд сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын «мазмұндау»
əдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын 
дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған 
мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады. А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин 
ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің «Жануарларды 
үйсіндіру жəне өсімдіктерді қолдан өсіру» атты кітабын аударып, мектеп 
зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология 
курстарын оқытудың жүйесін көрсетті: 
1. Бейорганикалық əлем (өлі табиғат); 
2. Өсімдіктер дүниесі; 
3. Жануарлар əлемі, 
4. Адам, 
5. Жер тарихы. 
Осы құрылған жүйе методикалық тұрғыдан дұрыс деп қабылданып, совет 
мектептерінде оқу процесінде қолдана бастады. 


А.Я.Герд бастауыш мектеп үшін жаратылыстанудың жаңа курсы «Өлі 
табиғат» жəне оған «Мир божий» атты қосымша оқулық жəне мұғалімдерге 
арнап оқу-əдістемелік құрал «Пəн сабақтары» еңбегін жазды. Әдістемелік 
құралдың 
бірінші 
бөлімінде 
саьақтардың 
өңделулері, 
топсеруендер, 
практикалық сабақтар жəне ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының 
əдістемелері берілді. «Минералогия сабақтары», ботаникадан қиын сабақтардың 
тақырыптық-жоспарлары берілген əдістемелік құралдары жарық көрді. Осы 
кезеңдегі 
Ресейдегі 
революциялық 
қозғалыстар 
халық-ағарту
жұмыстарына кері əсер етті. Сол себепті 1871 жылы жаратылыстануды оқыту 
ерлер 
гимназиясынан, 
қала 
училищелерде, 
əйелдер 
жəне 
əскери 
гимназияларының оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан 
гимназияның төменгі кластарына енгізілді . 
А.Я.Гердтің əдістері В.Ф.Зуевтің есімі сияқты ұмытылды. 1914 жылы 
Б.Е.Райков «Мектептегі жаратылыстану» жинағында А.Я.Гердтің еңбектерінің 
маңызын ашып көрсетті, ал1922 жылы В.Ф.Зуевтің аса маңызды методикалық 
еңбектерін жаңғыртты. 1860 жылдары жаратылыстану пəндерінің мазмұны жəне 
оны түсіндіру проблемалары тек əдістемлік жағынан ғана емес, ғылыми жолмен 
шешу мəселелері жолға қойылды. 
К.Ф.Рулье (1814-1858) ғылымда ағза мен қоршаған ортаның күрделі қарым-
қатынастары жəне түрдің өзгеруі мəселелерін насихаттады. Биология 
ғылымдарындағы жүйелеу мен морфологияның басымдылығына сын айтты. 
Органикалық тіршіліктің эволюциялық дамуын алға тартты. 
1862 жылы К.Ф.Рульенің шəкірті профессор А.П.Богданов орта мектептерге 
арнап «Зоология жəне зоология христоматиясы» деген оқулығын дайындап 
шығарды. Оқулықта жануарлар біртіндеп деңгейлерінің жоғарылау тəртібі 
бойынша беріліп, салыстырмалы анатомия, эмбриология, палентология жəне 
география пəндерінен мəліметтермен толықтырылған. Ламарк жəне Дарвин 
ілімдері мазмұндалған. 19-шы ғасырдың соңында Дарвиннің эволюциялық ілімі 
негізінде, биология пəнінің мазмұнын айқындауда, оқыту əдістерінде 
материалистік бағыт пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет