Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет21/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дәріс №10
 
Тақырыбы: 
Биологияны оқыту мен тəрбие теориясының педагогикалық 
ғылымдар жүйесінде алатын орны.
 
Дәріс жоспары
1. Биологияны оқыту технологиясының педагогика, психология, биология жəне 
т.б. ғылыми пəндермен байланысы. 
Дәріс мазмұны
Биология пəнін оқытудағы пəнаралық байланыстардың қызметі.
Биология пəнін оқытуда пəнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады:

Бірінші – методикалық қызметі. Осы қызметті оқушылардың 
табиғаттануға, оның біртұтастығы мен дамуына дидактикалық - 
материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. 

Екінші – оқушының білімдік ой – санасын қалыптастырып, алғырлығын 
дамытады. Бұл ретте пəнаралық байланыстарды игеруге мүмкіндік 
туғызады биологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде 
пайдаланылады.

Үшінші – тəрбиелік қызметі. Осы қызметті пəнаралық байланыс білім 
берудегі политехникалық бағытты іске асыруда көмектеседі. 

Төртінші – конструктивті қызметі. Оқу материалдарының мазмұнын, əдісі 
мен ұйымдастыру формаларын арттыруға көмектеседі. 
Мектеп мұғалімдері күнделікті оқыту жұмыстарына пəнаралық байланысты іс 
жүзінде пайдалану кездерінде көптеген қиындыққа кездеседі. Оның негізгі 
себебі, пəнаралық байланыстар жайлы керекті оқу əдістеиелік құралдардың 
жоқтығынан.
Биологиялық курысынан сабақ беру үшін əрбір мұғалім пəнаралық байланысты 
«іс жүзінде» орындауы тиіс. Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады. 
А) Биологияның əрбір курсының жəне басқа да пəндердің басты 
тақырыптарының арасындағы пəнаралық байланыстарды талдап, қосымша 
əдебиеттерді пайдалану.
Ә) Курстық жəне тақырыптық жоспарларды пайдаланып, пəнаралық байланысқа 
сəйкестендіріліп, сабақтың жоспарын құру.
Б) Нақтылы сабақтың тақырыбы бойынша əдістемелік тəсілдермен керекті құрал 
– жабдықтарды дайындау, тағы басқалар. Іс жүзінде орындауға қолданылатын 
əдістемелік тəсілдердің барлығы оқушылардың өз бетімен ізденіс жұмыстарын 
арттыруға арналады.
Пəнаралық байланыстар арқылы оқушыларға білім беру жəне тəрбиелеу 
процестерін қалыптастыру. «Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек. 
Тəрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық 
өміріне апат əкеледі» Әл – Фараби. ҚР Тəуелсіздік алғаннан бері жас 
өспірімдерге тəрбие беру өзекті мəселе болып келеді. Тəуелсіз Республикаға 
біліммен қаруланған, жан – жақты дамыған, шығармашылықпен еңбек ете 


алатын дарынды адамдар қажет. Тəрбие мəселелерін шешу үшін биология пəні 
мазмұны жағынан да оқыту əдістері жағынан да тиімді жəне тəрбиелеудің 
барлық түрлерін қамтамасыз етеді. Сондықтанда биологияны оқытуда 
пəнаралық байланыста өткізу оқушылардың білімін дамытумен қатар тəрбиелік 
қызметінің де қалыптасуына үмкіндік береді.
Оқушылардың білімін қалыптастырудағы пəнаралық байланыстың негізгі үш 
тобына тоқталайық: 
1.
Оқушылардың білімін дамыту. 
2.
Алған білімін іс жүзінде қолдану. 
3.
Алған білімін бағалай отырып іскерлігін дамыту. 
Әрбір мұғалім оқу материалының мазмұнын сараптай отырып пəнаралық 
байланыстарды анықтап, əр түрлі əдістерді пайдаланып, өз жұмысын іске асыру 
қажет. Ал тəрбие элементтеріне келетін болсақ, олар; 
1.
Дүниетанымдағы ғылыми көзқарасты 
2.
Ойлауды тəрбиелеу 
3.
Еңбек ету мəдениетін тəрбиелеу 
4.
Эстетикалық тəрбие 
5.
Этикалық тəрбие
Биология сабақтарында кең жəне жан – жақты пəншілік жəне пəнаралық 
бұрынғы болашақ, тура жəне кері байланыстарды пайдаланудың арқасында 
мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму 
формасы жайлы білімін жетілдіреді. Оқушылардық танымдық процестерін 
арттыру. Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тəрбие берудің 
танымдық жағын аттыру əдістерінің бірі пəнаралық байланыстарды пайдаланып, 
биологиялық есептері шығаруды үйрету. Пəн аралық танымды қалыптастырушы 
есептерді басты үш топқа бөлуге болады; 

Бірінші – оқушының танымдық білімін арттыру:а ба:ыттал:ан есептер. 

Екінші - теориялық білімдерді практикада пайдалануға бағытталған 
есептер. 

Үшінші – Оқушылардың іскерлігін, ептілігін қалыптастырыуға 
бағытталған есептер. 
Практикалық іскерлігін дамытуға арналған есептерді шығару барысында 
оқушының есептеу, өлшеу, эксперименттерді жүргізу, өз бетінше ойлану жəне 
т.б. іскерлік жақтарының дамуына мүмкіндік туады.
Оқушылардың іскерлігін, ептігін, төтенще құбылыстарды байқау жағын 
қалыптастыратын есептерде аса көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе тірі ағзалардың 
эволюциялық даму үрдісінде кездесетін құбылыстар қарапайым атомдардан – 
молекула – жасуша – ұлпа – мүше – мүшелер жүйесі – популяция – түр жəне 
одан да жоғары деңгейлеріне тоқтағанда оқушының дүниеге тірі табиғатқа 
көзқарасын 
қалыптастыратын 
нақтылы 
фактілерді, 
ғылымның 
басқа 
салаларындағы жаңалықтарды пайдаланған жөн. Тəнтану курсында пəнаралық 


байланысты іске асыруда бірінші – проблемалық жағдайларды тудыру, оларды 
талқылау, 
танымдық 
есептерді 
шығарудың 
маңызы 
зор. 
Мысалы «Бұлшық еттердің жұмысы» тақырыбында оқушылардың проблемалық 
мəселелерді шешуіне тура келеді.
«Неге адамның бұлшық еттері əртүрлі қимылдар жасаған кезде адам денесі 
қызып, жылу бөлінеді ? » Бұл жердегі шешуі талап етілген мəселелердің бірі - 
химиялық ээкзотикалық жəне эндотермия реакциялар кезінде энергияның 
өзгеруі физика пəнінен энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуы жайлы 
білімді пайдаланып, жұиыс істегенде еттен ағып шыққан көктамыр қанының 
температурасы салатамыр ( артерия ) арқылы сол етке келіп құятын қанның 
темпиратурасынан жоғары болатынын түсіну. Ал оқушылардың бір тобы 
өсімдіктер мен жануарлар курысын өткендегі тыныс алудың жасушадағы 
органикалық заттар тотығып, жылу бөлінетіндігі туралы білімін естеріне түсіріп 
жұмыс кезінде ет талшықтарындағы жаттығу үрдісінің нетижесінен бөлінген 
жылу деп жауап беруі мүмкін, ол жылуда экзотермиялық.
«Неге ет жұмыс істегенде көп, ал тұқым тыныс алғанда аз энергия бөледі ? 
» - деген сұраққа оқушылар физмка курысынан алған білімін есе алып «Жұмыс 
істеген еттерде механикалық энергия жылу энергиясына айналады» - дейді. Ал 
бұл жерде «механикалық энергия қайдан пайда болады ? » - деген сұраққа былай 
түсіндірме беруге болады: ет талшықтарындағы ақуыздар мен көмірсулар 
ыдырауының жəне тотығуының нəтижесінде химиялық байланыстардың 
түзілуінен энергия бөлінеді, қан плазмасы осының салдарынан жылуды сіңіреді, 
сөйтіп оның темпиратурасы жоғарылайды. Адам денесінде пайда болған тер 
буланғанда да артық жылуды қоса алып кетіп, адам денесіндегі жалпы 
температураны бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады.
Пəнаралық байланыстарды пайдалану арқылы проблемалывқ сұрақтарды 
шешудің мысалын келтірейік. Мысалы «Ағзаның ішкі ортасы» тақырыбын 
түсіндіру кезінде оқушыларға мынадай сұрақ қоялық. «Егер қан плазмасында 
судың мөлшері 80 % жақын болса, сол қанға суды құюға бола ма ?» Бұл сұраққа 
жауап беру үшін тəжірибе көрсетуге болады.
Картоптың мөлшері бірдей үш кесіндісін алып, олардың бірін 
дистилденген суға, екіншісін – 0.9 – тік ас тұзы ерітіндісіне, үшіншісін – 10 -ке 
ас тұзы ерітіндісіне салып, бірнеше уақыттан кейін оларда қандай өзгерістер 
болатынын оқушылардың өздеріне бақылату керек, олар екінші кесіндіде 
ешқандай өзгеріс болмай, бірінші жəне үшінші картоп кесінділерінің мөлшерінің 
өзгергендігін байқайды. Осыларды дəлелдеу үшін оқушылар химиядан алған тұз 
ерітіндісінің концентрациясына байланысты, ал физикадан сұйықтардың 
диффузиясы туралы тірек біліміне сүйене отырып, неліктен бір тəжірибеде 
картоп кесіндісінің көлемі үлкейсе, екіншілерінде мөлшері азайып, жиырылып 
кететініне жауап бабады.
Осы мəліметтерге сүйене отырып қанға суды құюға болатын, 
болмайтынын дəлелдеп беруге болады. Осының нəтижесінде ағзаның ішкі 
ортасының тұрақтылығын сақтайтын механизм өз - өзімен реттеліп отыратынын, 
ал судың қозғалу бағыты қан плазмасындағы жəне эритроциттер арқылы 
құрамындағы тұздардың концентрациясына байланысты болатынына көзін 
жеткізу керек.


Проблемалық мəселелермен қатар пəнаралық байланыс арқылы кейбір 
есептерді де шешуге болады. Оны шешуге əрине оқушылардың математикадан, 
физика, химиядан, географиядан тірек білімі жеткілікті деңгейде болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет