Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет73/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дәріс мазмұны
Сабақ-оқытудың негізгі формасы.
Оқытушы қызметінің негізгі мəні –оқушыны оқыту, тəрбиелеу, дамыту ғана 
емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені, 
мұғалім еңбегінің бүгінгі нəтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, 
болашағы сондай болмақ. 
Оқыту формасы дегеніміз
- оқыту процесінде мұғалімнің оқушыларды 
тəрбиелей отырып, оқу танымдық жұмыстарды əртүрлі жағдайда (сыныпта, 
табиғатта т.б.) өткізуді ұйымдастыру.
Биологияның пəндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру 
мен оқытып-тəрбиелеу жұмыстарының нəтижелі болуы мұғалімнің оқушы-
лармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс-əрекеттеріне байланысты. 
Биология пəндерін оқыту барысындағы мұғалімнің негізгі міндеті 
оқушылардың бойына жүйелі түрде, бірізділікпен биологиялық түсініктерді, 
ғылыми көзқарасты, өздігінен ойлау процесі мен практикалық жұмыстарды 
орындау икем-дағдыларының біртұтастығын үздіксіз дамыту болып табылады. 
Мектепте оқушыларды тəрбиелеп-оқытудың алуан түрлі формаларын 
ұйымдастыру қолданылады.
Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагогі И.Штурм, дамытып, 
теориялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясын жасаған 
А.Я.Коменский. Қазіргі кездегі мектептсгі оқытудың негізгі формасы -сабақ. Чех 
педагогы Я.А.Коменскийдің ілімінен бастап бүгінге дейін оқу əдістемесінде 
білім беруді ұйымдастырудың басты формасы – сабақ. Қазіргі сабақ – 
проблеманы дамыту сабағы. Ол үшін озық тəжірибелі ұстаздар еңбегін тарату 
керек.
Сабақ тиімділігін арттыруда мұғалімнің озық тəжірибесі аса маңызды. 
Педагогикада озық тəжірибе – ғылымға жақындаған практика деп тегін 
айтылмаған. Олай болса, озық тəжірибелі мұғалім болу жан-жақты шеберлікті 
талап етеді. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материалдың 
мазмұны оқулықтағы тақырыптың негізінде мазмұндалып, оқушыларға білім 
жəне тəрбие қалыптастырылады. Әрбір оқушы сабаққа қатысуға міндетті. 
Сыныптағы оқушылар саны тұрақты, жас шамалары бірдей болуы керек. 
Оқушылардың танымдық кызығушылығын арттыру мақсатында окытудың 
əртүрлі əдіс—тəсілдерін, формалары қолданылады. Мекетептегі биология 
пəндерін оқыту барысында оқытудың басқа да формалары қолданылады. Атап 


айтсақ: топсеруендер (экскурсия), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, 
сыныптан тыс сабақтар. 
Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық əдіс— тəсілдерін қолданады. 
Өсімдіктер мен жануарларды демонстрациялайды, зертханалық жəне 
практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың ішкі жəне сыртқы 
құрылыстарымен таныстырады. Тірі ағзалардың тіршілігін, дамуын, бір—
бірімен карым—қанытастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын 
жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытудың басқа формалары 
қолданылады ол оқытудың негізгі формасы- сабақты толықтырады.
Сапалы сабақ өткізудің талаптары: 
• Сабақ жоспары дұрыс түзілу қажет; 
• Сабақта ғылыми, педагогикалық іс-тəжірибенің озық жетістіктері 
пайдаланылуы керек. 
• Оқушылардың сабақта танымдық жəне белсенділік əрекеттерін арттыру; 
• Жүйелілік жəне бірізділік принципі; 
• Өткенді қайталау негізінде оқушылардың білім деңгейін одан əрі дамыту; 
• Пəнаралық байланыс. 
Сабақ- оқу жұмыстарының ұйымдастыру формаларының барлығын 
қамтитын, барлық оқу-тəрбие процестерінің орталық ядросы. Сабақта ғылыми 
биологиялық ұғымдар жəне практикалық қабілет дамиды. Ол даму үй 
жұмыстарында, сабақтан тыс жұмыстарда, топсеруенде жалғастырылады. 
Жүргізілетін жұмыстың сапасы еңбек мəдениетіне тəрбиелейді, ал оны 
көркемдеу эстетикалық тəрбиеге ықпал етеді. 
Сонымен барлық оқыту формаларындағы əрбір жұмыстың биологиялық 
ұғымдардың дамуына жəне тəрбие элементтеріне ықпалы болуы қажет.
Сабақта оқу-тəрбие жұмысының барлық мəселелері комплексті түрде 
жүзсге асырылады. Сабақ-оқу тəрбие жұмысының негізгі формасы мұғалімнің 
балалармен, сыныппен мемлекеттік бағдарламаға сай тұрақты сабақ кестесі 
бойынша, арнайы мектеп бөлмесінде жүргізетін оқу-тəрбие жұмысы. Сабақтың 
барысында оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен жүйелі түрде арнайы 
бағдарламаға сай теориялық білім мен практикалық икем-дағдылар жəне 
біліктері қалыптасады, сонымен бірге жеке адамның жан-жақты дамуына 
бағытталған іс-шаралар жүзеге асады. 
Нсгізгі оқу матсриал сабақта қамтылады, ал экскурсия кезінде, тірі-табиғат 
мүйісінде орындалатын тəжірибелер, сыныптан тыс өткізілетін кештер, оқу ап-
талықтары, оқушылармен жүргізілетін жұмыстың барлық формалары жүзеге 
асады. Өтілетін сабақтың мазмұны, ғылыми талаптарға сай, түсінікті, идеялық 
құрылымы, оқушыларға ғылыми көзқарастарьн қалыптастыру принциптеріне 
сай жүргізіледі. Сабақта мұғалім оқушылардың білімді қабылдау дəрежесіне, 
оқу материалының көлеміне баса көңіл аударады. Сонымен қатар жаңа сабақтың 
мазмұнын өткен сабақтың мазмұнымен байланыстыру жағын ойластырады. Осы 
көрсетілген мəселелерді жүзеге асыру барысында мұғалім жоспарлы түрде 
оқушыларға біртіндеп, сатылап биологиялық түсініктерді қалыптастырады. 
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлауы ал жоғары сыныптарда 
абстрактылы ойлауы біртіндеп дамиды. 


Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, биологиялық 
түсініктердің мазмұнына байланысты, мұғалім сабақтың өту тəсілін алдын-ала 
таңдап алады. Мұғалім оқушылардың сабақ барысында орындайтын өзіндік 
жұмыстарына да аса көңіл бөледі. Ең негізгісі, əрбір сабақта мұғалімнің көздеген 
мақсаты оқушылардың санасына оқу-материалын жеткізу болып табылады. 
Мектеп реформасы оқушылардың білімдерінің сапалы болуына, олардың 
ғылыми көзқарастарын қалыптастыру үшін мектеп оқулықтарының мазмұнына, 
көңіл бөлу керектігін баса көрсетеді. Сонымен қатар білім берудің идеялық-
теориялық деңгейін жоғарылату да негізгі мəселелерді шешеді. Бұл идеяларды 
іске асыру үшін қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі сабақтың формалары мен 
құрылымын жетілдіру керек. Сабаққа қойылатын бұл талаптар келешек 
ұрпақтың білімді, қоғамға қажетті, өз бетінше іс-əрекет жасай алатын ұрпақты 
тəрбиелеуде маңызды орын алады. 
Сабақтың мақсатын анықтау оның мазмұны мен əдісін таңдап алу, 
оқушылардың оқу танымдық міндеттернің негізінде бағдарлама мазмұнына жəне 
талабына сай жүргізіледі, жəне ол оқушылардың танымдық белсенділігін 
арттыруға бағытталады. Әрбір сабақта алуан түрлі бағыттағы тəрбие 
меселелерін комплексті түрде шешуді толық қамтамасыз ету керек
.
Сабақтың 
сапасына
 
қойылатын талап оқушылардың биология пəндеріне қызығушылығын, 
шығармашылық белсенділігін арттыруды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет