болмайды, дегенмен де оның табиғат су қоймасындағы тіршілік заңдылықтарын
зерттеуге көмекші болатыны даусыз.
Аквариумда өзен, көл, теңіз, тіпті мұхит тұрғындарының тіршілігін
зерттеуге болады. Бұл тұрғыдан қарастырғанда аквариум ғалымдардың
зертханалық сенімді құралы. Жас өспірімдер үшін, табиғатты қызықтырушылар
үшін де аквариумның маңызы зор. Су асты əлемінен оқушылар əр түрлі тіршілік
иелерінің өмірімен танысып, бақылағыштық қабілетін дамытып, табиғатты қадір
тұтып, оны сүйе білуге, сондай-ақ тіршілік кезеңіндегі небір құпияларды
бақылап, зерттеуді үйренеді. Мектептегі аквриум дұрыс ұйымдастырылған
жағдайда оқушылардың еңбек дағдысы өрістей түсіп, ұжымдық қарым-қатынас
нығая түседі, ондай оқушыларды қоғамдық пайдалы істерге тартып, еңбекке
құштарлығын қалыптастыруға болады. Әдемі балықтар мен өсімдіктер бір
қарағанда адамның жүйке жүйесін жібітіп, тіршілікке, табиғатқа деген
сүйіспеншілікті шыңдап, қалыптастырады, оқушыларды эстетикалық жағынан
қалыптастырып, тəрбиелейді. Оқушылар аквариуммен шұғылданғанда маңызды
биологиялық ұымдарды игереді. Олар аквариумды күткенде суын уақытылы
аусытырып, ол үшін су құбырының тұнған суын немесе жаңбыр суын
пайдалануы, өсімдіктерді жиі-жиі сиретіп, балыққа орынды көбірек қалдыруы,
аквариумнан жемнің қалдығын жəне балықтардың зəрін тазартып отыруы,
балықтарға белгілі бір уақытта дəл белгіленген мөлшерде жем беруі, судың
температурасының өзгеруіне жол бермеу, мінез-құлқын бақылап отыру,
зауқының жоқтығы, селсоқтық, су бетінен ауаны қалтырай жұтуы -
аквариумдағы жағдайдың жағымсыз немесе балықтың ауру екенін көрсетеді.
Тірі табиғат мүйісі террариумында əртүрлі хайуанаттар: құрбақа, шөл бақа, көл-
бөген бақасы, жалды тритон, кəдімгі су жыланы, дала тасбақасы, сергек жəне
тірі туатын кесіртке ұстайды. Қосмекенділер үшін террариумда шалшық жəне
күн сəулесінен жасырынатын пана болуы керек. Тритонға су ортасында аз уақыт
тыныстайтын алаң болуы керек. Егер мүйіс бұрышы жеке бөлмеде болса
тордағы құстар ұстауға болады. Торда шымшықтар, қараторғайлар, қызылбауыр
шымшықтар, чечеткалар, қарға, ұзақ қарға жақсы көндігеді. Тірі мүйіс
бұрышында жұмыс жасау оқушыларды жануарлар мен өсімдіктерді сүюге,
аялауға, қорғауға үйретеді, эстетикалық талғамдық қасиеттерін дамытады.
Мектепте географиялық алаң орнатудың маңызы зор, себебі, географиялық
алаңда мұғалім оқушылармен сарамандық жұмыс жүргізеді. Оқушылар таза ауа-
райын бақылай білуге үйренеді, сарамандық жұмысты алаңда өткізу
оқушылардың пəнге жəне табиғат құбылысына қызығушылығын, өзіндік ойлау
қабілетін арттырады. Дүние жүзінің өркениетті елдеріндегі мектептерде 30-ға
жуық құралдары бар географиялық алаңдар жұмыс жасайды. Оны кез-келген
мектеп алаңына жасауға болады. Ол үшін алаңға метеоролгиялық үйшік
тұрғызады, оны ағштан құрастырып, ішіне барометр, гигрометр, термометр
орналастырады. Термометрдің төменгі ұшы жер бетінен 2м биіктікте болады.
Метеоүйшіктің есігі міндетті түрде солтүстікке ашылуы тиіс, себбебі
температураны есептеп жатқан кезде күн сəулесі үйшік ішіне тікелей түсетін
болса, термометр ауа температурасын емес шыны түтіктің күн сəулесі
қыздырған температурасын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: