Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Жыныс хромосомалары мен тiркескен гендердiң тұқым қуалауы



Pdf көрінісі
бет39/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

 
2 Жыныс хромосомалары мен тiркескен гендердiң тұқым қуалауы 
Мендель заңдары екiншi рет ашылысымен-ақ, организмдердiң көп белгiлерiнiң тұқым 
қуалауы осы заңдылыққа сәйкес келгенмен, кейбiр белгiлердiң тұқым қуалауы Мендельдiң 
классикалық заңдылықтарына мүлде сәйкес келмейтiнi анықталды.
Мендельдiк тұқым қуалау, әдетте, аллельдердiң (доминантты немесе рецессивтi) 
шағылыстыруда қай ата-анадан (әкесiнен немесе шешесiнен) келгендiгiне тәуелдi емес. Яғни, 
орайлас
(
реципрокты

шағылыстырулардың
нәтижесi бiрдей болатындығы жөнiнде жоғарыда 
айтылды. Мендельдiң классикалық схемасы бойынша тұқым қуалайтын белгiлердi екi жыныстың 
да бiрдей хромосомаларында - аутосомаларында орналасқан гендер анықтайды.
Мендель заңдылықтарына сәйкес келмейтiн ауытқулар орайлас шағылыстыру арқылы 
табылды және ол әртүрлi нәтижелер бердi. Жыныспен тiркескен мұндай белгiлердiң тұқым 
қуалауы сол белгiлердi анықтайтын гендердiң жыныс хромосомаларында орналасқандығымен 
түсiндiрiледi. Жыныспен тiркескен гендердiң жыныс хромосомалары арқылы берiлетiндiгiн 
көрсететiн көптеген фактiлер тұқым қуалаудың хромосомалық теориясының негiзiн дәлелдеуде 
маңызды орын алды. Жыныс хромосомаларында орналасқан гендер анықтайтын белгiлердi 
жыныспен тiркескен белгiлер
деп атайды. Бұл құбылыс бiрiншi рет дрозофиладан табылды. 
 


Аталық жыныс гетерогаметалы болғанда жыныспен тiркескен белгiлердiң тұқым 
қуалауы 
 
Жабайы дрозофиланың көзi әдетте қызыл болады. Лаборатория жағдайында өсiрiлетiн 
линиялардың бiреуiнiң көзi ақ түстi. Гомозиготалы қызыл көздi аналықтарын ақ көздi 
аталықтармен шағылыстырудан алынған бiрiншi ұрпақтың аналықтары да, аталықтары да қызыл 
көздi болады. Демек, қызыл көздiлiк ақ көздiлiкке доминанттылық көрсетедi. 
F
2
-дегi 
аналықтардың бәрi қызыл көздi болады да, ажырау тек аталықтарында ғана болады: 
аталықтарының жартысы қызыл көздi, жартысы ақ көздi болып ажырайды. Бұл жағдай, әрине, 
Мендель заңдылықтарынан өзгеше. Орайлас шағылыстыру жүргiзiлсе бұл айырмашылық онан да 
арта түседi.
Drosophila melanogaster шыбынының жыныспен тiркесiп тұқым қуалауы
Мысалы, егер дрозофиланың ақ көздi аналықтарын қызыл көздi аталықтарымен шағылыстырса, 
F
1
-дiң өзiнде-ақ ажырау байқалады: аналықтарының бәрi әкелерiнiкi сияқты қызыл көздi, 
аталықтарының бәрi шешелерi сияқты ақ көздi болып шығады. Белгiлердiң осылайша ұрпақтарына 
берiлуiн 
айқас
немесе 
крисс-кросс
тұқым қуалау деп атайды. 
F
2
-де аналықтарының да, 
аталықтарының да жартысы қызыл көздi, жартысы ақ көздi болады. 
Дрозофиладағы қызыл көздiлiк пен ақ көздiлiктiң осылайша тұқым қуалауы былайша 
түсiндiрiледi: көздiң ақ түсiн анықтайтын рецессивтi ген 
w
(ағылшынның 
white
-ақ деген сөзiнiң 
бiрiншi әрпi) және көздiң қызыл түсiн анықтайтын оның доминантты аллелi 
(w
+
)
Х - хромосомада 
орналасқан, ал У-хромосомада оған тиiстi ешқандай гендер болмайды, сондықтан көздiң бояуына 
әсер етпейдi. Генотипi осындай организмдi 
гемизигота
деп атайды. 
Тура шағылыстыруда
аналық өзiнiң Х-хромосомасымен бiрге қызыл көздiлiктi 
анықтайтын 
w
+
генiн 
F
1
-дегi аталықтарына бередi, нәтижесiнде олар қызыл көздi болады. Ақ көздi 
аталық өзiнiң Х-хромосомасымен бiрге рецессивтi 
w
генiн, ал аналық қызыл көздiлiктi 
анықтайтын доминантты 
w
+
генi бар екiншi Х-хромосоманы бередi, нәтижесiнде 
w
+
генiнiң
доминантты қасиетiне байланысты аналық ұрпақтың бәрi қызыл көздi болады. 
w

w
w
w

w
w

w

w

w

w
F
1

F
2








w

w



 
Керi шағылыстыруда
F
1
-дегi аналықтары әкесiнен қызыл көздiлiктi анықтайтын 
доминантты аллелi бар Х-хромосомасын, ал анасынан ақ көздiлiктi анықтайтын рецессивтi аллелi 
бар екiншi Х-хромосомасын алады да, қызыл көздi болады. 
F
1
-дегi аталықтары анасынан ақ 
көздiлiктi анықтайтын рецессивтi аллелi бар жалғыз Х-хромосоманы, ал аталықтан ұқсас гендерi
жоқ У-хромосоманы алады, сонда жалғыз Х-хромосомадағы рецессивтi ген ақ көздiлiктi 
анықтайтындықтан аталық ұрпақтар тегiс ақ көздi болады.
Аталық жыныстары гетерогаметалы болып келетiн дрозофилада және басқа да 
организмдерде жыныспен тiркескен көптеген гендер дәл осылай тұқым қуалайды. Осындай 
гендердiң бiр қатары адамда да белгiлi. Адамда болатын ондай рецессивтi гендерге, мысалы, 
дальтонизм (қызыл-жасылды ажырата алмау), гемофилия (қанның ұйымауы)
гендерi жатады. 
Адамда аталық жыныстары гетерогаметалы болғандықтан, ол гендер тек ер адамдарда ғана 
кездеседi, олармен тек ер адамдар ғана ауырады. Әйелдер гомогаметалы болғандықтан, бұл 
аурулармен ауырмайды, олар тек сол гендердiң гетерозиготалы тасымалдаушысы ғана болады. 
Мысалы, гемофилиямен ауырғандар көбiнесе жас кезiнде өледi, сондықтан
гемофилик -
еркектер 
бiрен-саран болмаса, тұқым қалдырмайды. Ауру ұрпақтан ұрпаққа гетерозиготалы 
әйелдер арқылы берiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет