ДӘРІС : БАСТЫҢ, КЕУДЕ, ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАБЫҚ ЖАРАҚАТЫ.
ӨЗЕКТІЛІГІ: Сырт көзге білінбейтін ауыр жарақаттар болады.
Емдеу білімділікті қажет етеді: консервативті немесе оталық.
Өлім жағдайы жоғары және емделгеннен кейін мүгедектікке әкеледі.
БАСТЫҢ ЖАБЫҚ ЖАРАҚАТТАРЫ.
Бас жарақаты: - бас сүйектің және жабатын қабатының,- мимен оның қабының жарақаты болып бөлінеді. Мидың жарақаты механикалық күш түскен жерде немесе қарсы толқын әсерінен қарсы бетте , қан тамырының сығылунан, ықшам қан айналысы бұзылуынан, ми–жұлын сұйығының өзгеруінен ми гипоксиясы болып, ісінуі болады.