Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Тұндырып титрлеу әдісімен иондарды анықтағанда қандай шарттар сақталуы керек?
А) тұнба іс жүзінде ерімейтін болуы керек;
В) тұнба тез түзілуі қажет;
С) тұнба бетінде иондардың адсорбциясын болдырмау қажет;
D) эквивалент нүктесін анықтау үшін индикатор қажет;
Е) барлық шарттар дұрыс.
2. Мор әдісімен хлоридтерді анықтауда титрлеудің аяқталуын қандай белгілер арқылы білуге болады?
A) қызыл-қыш түсті тұнбаның пайда болуынан;
B) қоңыр-қызыл бояудың жоғалуымен;
C) ақ тұнбаның түзілуімен;
D) ақ тұнбаның еруімен;
E) ерітіндінің қызыл түске боялуынан.
3. Хлоридтерді қышқылды ортада күміс нитратымен тура титрлеуге бола ма?
A) болмайды, себебі эквивалент нүктесін анықтауға арналған индикатор жоқ;
B) болмайды, себебі қышқылдық ортада тұнба қиын коагуляцияланады;
C) болмайды, себебі күміс хлориді қышқылда біршама ериді;
D) флуоресцеин индикаторымен титрлеуге болады;
E) титрлеуге болады, егер титрлеудің соңғы нүктесі потенциометрлік немесе амперометрлік әдістермен анықталса.
4. Не себепті хлоридтерді анықтауда адсорбциялық индикатор флуоресцеинді қышқылдық ортада қолдануға болмайды?
A) индикатор қышқылдық ортада ыдырайды;
B) индикатордың адсорбциялануы оның өте үлкен артық мөлшерінде ғана өтеді;
C) индикатор тұнбамен адсорбцияланбайды, себебі қышқылдық ортада индикатордың диссоциациялануы өте аз шамада жүреді;
D) индикатордың тұнбамен адсорбциялануы эквивалент нүктесінен анағұрлым ерте жүреді;
E) барлық себептердің орны бар.
5. Фольгард әдісімен хлоридтерді анықтауға қандай иондар кедергі жасамайды?
A) NO3-; B) AsO43-; C) PO43-; D) CO32-; E) J-.
6. Қандай жағдайда хлоридтерді Мор әдісімен анықтауға болмайды?
A) нитрат-иондары қатысында;
B) рН = 7 болғанда;
C) рН = 12 болғанда;
D) сульфат-иондары қатысында;
E) натрий иондары қатысында.
7. Хлорды Мор әдісімен қандай хлоридтер ерітіндісінде анықтауға болады?
A) BіCl3; B) MnCl2; C) HgCl2; D) NH4Cl; E) CaCl2.
8. Мор әдісімен хлорды анықтаған кездегі индикатордың ролін көрсететін дұрыс жауапты табыңыз:
A) күміс иондарының артық мөлшері хромат ионымен қызыл-ыш т‰стҢ тұнба түзеді;
B) хромат-ионы күміс ионымен қызыл-ыш түстес ерітінді береді;
C) эквивалентті нүктеде күміс хлориді күміс хроматына айналады және тұнба үстіндегі ерітінді өз түсін өзгертеді;
D) күміс хлоридінің тұнбасы хромат иондарын адсорбциялайды және өзінің түсін өзгертеді;
E) дұрыс жауап келтірілмеген.
9. Не себепті хлоридтерді Мор әдісімен анықтағанда индикаторды қышқылдық ортада қолдануға болмайды?
A) күміс хлоридінің тұнбасы калий хроматын адсорбциялайды;
B) күміс хроматының тұнбасы күміс бихроматына айналады;
C) күміс хроматының аса қаныққан ерітіндісі түзіледі;
D) күміс хроматы қышқылда жақсы ериді;
E) дұрыс жауап келтірілмеген.
10. Тұндырып титрлеу қисығындағы күрт ауытқу шамасы ең көп дәрежеде неге тәуелді болады?
A) тұнбаның ерігіштік көбейтіндісі мен әрекеттесетін ерітінділер концентрациясы шамаларына;
B) ерітінділер концентрациясына;
C) титрлеу жылдамдығына;
D) индикаторды таңдап алуға;
E) ерітінді температурасына.
11. Аргентометрлік тұндыру әдісі бойынша титрлегенде қандай тұнбаның түзілуі қолданылады?
A) AgCl; B) Fe(OH)3; C) CaSO4; D) PbJ2; E) Ag2S.
12. Мор әдісімен аргентометрлік титрлеуде қандай индикатор қолданылады?
A) K2Cr2O7; B) K2CrO4; C) PbCrO4; D) Ag2CrO4; E) Ag2Cr2O7.
13. Төменде келтірілген қосылыстардың қайсысы Фольгард әдісінде индикатор ретінде қолданылады?
A) (NH4)2Fe(SO4)2.6H2O; B) NH4Fe(SO4) 2.12H2O + HNO3конц.;
C) FeSO4; D) K3[Fe(CN)6]; E). K4[Fe(CN)6].
14. Адсорбциялық индикаторларды қолдануда реакция өнімінің қандай түрі қолайлы деп есептелінеді?
A) аморфты;
B) ұсақ кристалды;
C) ірі кристалды;
D) аморфты-кристалды;
E) дұрыс жауап келтірілмеген.
15. Төменде көрсетілген ерітінділердің қайсысын AgNO3 ерітіндісімен титрлегенде титрлеу қисығының күрт өзгеретін (эквивалентті) бөлігі ең үлкен болады?
A) 1 моль/л NaCl; B) 0,1 моль/ л NaBr; C) 0,1 моль/л NH4Cl;
D) 0,1 моль/л KІ; E) 1 моль/л KІ.
16. Мырыш тұзы ерітіндісін K4[Fe(CN)6] ерітіндісімен титрлеуді қандай ортада жүргізеді?
A) аммиакты ерітіндіде;
B) азотқышқылды ерітіндіде;
C) сұйытылƒан күкірт қышқылды ерітіндіде;
D) рН>9 буферлі ерітіндіде;
E) ерітінді құрамының маңызы жоқ (әсер етпейді).
17. Мырыш тұздарын K4[Fe(CN)6] ерітіндісімен титрлеуде қандай индикатор қолданылады?
A) фенолфталеин; B) ксиленолды қызғылт; C) K3[Fe(CN)6];
D) дифениламин; E) K3[Fe(CN)6] + дифениламин.
18. Мырышты K4[Fe(CN)6] ерітіндісімен титрлеуде индикатор ретінде дифениламиннің азотқышқылды ерітіндісін қолдануға бола ма?
A) титрлеуді кез-келген қышқыл ерітіндісінде жүргізуге болады;
B) болмайды, себебі азотқышқылды ерітінділерде ферроцианид мырыш (ІІ) иондарымен тұнба түзбейді;
C) болмайды, себебі азотқышқылды ортада ферроцианид мырыш-иондарымен құрамы белгісіз тұнба түзеді;
D) болмайды, себебі дифениламин нитрат-иондары әсерінен көк түске боялады;
E) дұрыс жауап келтірілмеген.
19. Тұндыруарқылы титрлеу әдісінде қандай реакцияларды пайдаланады:
A) тотығу-тотықсыздану
B) бейтараптау
C) кешен түзу
D) ерімейтін қосылыстың түзілуіне әкелетін реакциялар&
E) еритін қосылыстың түзілуіне әкелетін алмасу реакциялары
*****
20. Мор әдісінде эквивалент нүктесін анықтауға қандай реакцияны пайдаланады:
A) Fe3++3SCN-=Fe(SCN)3
B) 2Ag++CrO42-=Ag2CrO4 &
C) Ag++NH3 = [Ag(NH3)2]+
D) Ag++Br-=AgBr
E)Ag++I-=AgI
*****
|