Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет32/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Негізгі ұғымдар: «құзіреттілік», «кәсіби құзіреттілік», «жалпымәдени құзырлылық», «оқу-танымдық құзырлылық», «ақпараттық құзырлылық», «коммуникативтік құзырлылық».
«Құзіреттілік» сөзі француз тілінен «заңға сай», ал латын тілінен «сай болу», «қабілет», «талап қою», ал ағылшын тілінен «қабілетті», «жетік» деген мағынаны білдіреді.
Құзыреттілік (компетентность) – хабардарлық, жете білушілік. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарымқатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.
Қазіргі кезде жоғары білімді мамандар кандай болуы керек? Педагог мамандар кандай талаптарға жауап беруі керек? деген сауалдар төңірегінде әр түрлі пікірлер бар. Осыған орай болашақ мамандардың рухани, адамгершілік тәрбиесіне байланысты да әр түрлі пікірлер бар. Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде
біріншіден,қоғам мүшелерінің жоғары білімге деген талаптарын қанағаттандырса,
екіншіден, қоғамның жоғары білімді педагог мамандарға кажеттігін қамтамасыз етуді көздейді. Сол негізде жекелеген тұлғалар өз қажетттіліктерін қанағаттандырады, айталық рухани материалдық.
Біз кұзіреттілік деп жүрген сөз - латын тілінде компетенция—қол жеткіземін, сәйкеспін, іске жараймын дегенді білдіреді. Белгілі бір салаға қатысты білім және тәжірибе.
Сөздіктерде, кұзіреттілік - білім, білік, дағдыларына сүйеніп мәселені өз бетінше шеше алатын мүмкіндігі бар жеке тұлға; теориялық, танымдық және тәжірибелік іскерлігін меңгеру дәрежесін көрсететін тұлғаның білімділік деңгейі. Ал педагогикалық кұзіреттілік - оқыту, тәрбиелеу, білім беруге байланысты білім, білік, дағыдалырын пайдаланып кез келген педагогикалық мәселені өз бетінше шешу мүмкіндігі бар кәсіпқойлық. Педагогикалық кұзіреттілікке жақын келетін «педагогтың кәсіби құзіреттілігі», «психологиялық кұзіреттілік», «психологиялық-педагогикалық кұзіреттілік» деген ұғымдар бар.Педагог ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда педагогикалық құзіреттілік білім, білік, дағдылар және іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілдері кіреді. Педагогикалық құзіреттілік жайлы зерттеулеріне сүйене отырып педагог ғалымдар оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Ю.Н.Емильянова кең мағынада педагогикалық құзіреттілік - белсенділіктің
әлеуметтік және жеке тұлғалық формасын жоғары деңгейде меңгерген, тұлғаға өз қабілеттері ауқымында қоғамда табысты қызмет атқаруы-дейді. Е.И.Оғаревтың пікірінше педагогикалық құзіреттілік - бұл бағалау санатына жататын ұғым. Ол бойынша адамды арнайы іс-әрекетте сипаттайды, мұндағы маңыздысы - адамның қабілеттері істі кәсіпқойлықпен орындауына, жауапкершілікті шешімдер қабылдауына, іс-қимылын жоспарлау және жүзеге асыруына алып келеді де қойылған мақсатты табысты орындап шығады. Басқаша айтқанда құзыреттілік - адамның іс- әрекетін білімдарлықпен жүзеге асыруға қабілеттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет