Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


III. Түсінікті дамыту (немесе ой-толғаныс) кезеңі



Pdf көрінісі
бет121/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

III. Түсінікті дамыту (немесе ой-толғаныс) кезеңі 
Сабақтың бұл кезеңінде оқытушы студенттердің өздерінің жаңа біліміне 
баға  беру  процесін  ұйымдастырып,  болашақта  (сабақтан  кейін,  ертеңгі  күні) 
жаңа  білімді  қалайша  өздігімен  толықтыру  және  жетілдіру  ісімен 
айналысатындығы туралы ойларымен бөлісуге шақырады. 


 
 
- Презентация. Кезекпен әрбір топтың атынан бір студент ортаға шығып, 
берілген  уақыт  ауқымында  (1,5-2  минут)  плакатта  келтірілген  өз 
тұжырымдарын  жария  қылады,  оларды  қорғайды,  оқытушы  мен  басқа 
топтардың сұрақтарына жауап береді. 
-  Қорытындылау.  Оқытушы  әр  топ  келтірген  шешімдердің  тиімді 
жақтарына  тоқталып,  қысқаша  комментарий  береді.  Өз  тарапынан  проблема 
шешудің  басқа  да  жолдарын  ұсынады,  сол  тұрғыдан  студенттерді  өз 
тұжырымдарына толықтыру мен өзгертулерді енгізуді сұрайды. 
- Толықтыру, Студенттер топ ішінде (2-3 минут) өз ұсыныстарын тағы да 
бір  рет  сараптап  шығып,  жасаған  өзгертулері  жайында  аудиторияны  хабардар 
етеді.  
-  Бағалау. Студенттердің  алған білімдерін  анықтау  мақсатында  оқытушы 
оларға  жекелей  жазу  жұмысын  орындауды  тапсырады  (6-10  минут),  Жазу 
жұмысының  Эссе,  Еркін  жазу,  Дөңгелек  үстел,  т.б.  тәсілдері  арқылы  жүзеге 
асырылуы орынды. 
-  Жариялау.  Егерде  уақыт  жеткілікті  болса,  студенттер  топ  ішінде 
өздерінің  жазғандарын  әріптестеріне  оқып  береді.  Әр  топтан  бір  жұмыс 
(студенттің  қалауы  немесе  басқа  студенттердің  тілектері  бойынша)  бүкіл 
аудиторияға  оқылады.  Оқытушы  барлық  студенттерден    жазба  жұмыстарын  
жинап    алуына  болады    немесе  тек  өзіне  тексеру  үшін  керекті  жұмыстарды 
жинап  алып  (мәселен,  оншақты  жұмыс),  қалған  жұмыстарды  қабырғаға  іліп 
қойып,  үзілісте  студенттердің  олармен  танысуды  және  бағалауды  (мәселен, 
ұнаған  жұмысқа  жағымды  комментарий  жазылған  постер  іліп  қоюға  болады) 
сұрайды. 
Оқытушы  тексеру  үшін  жиналып  алынбаған  жұмыстар  студенттердің 
портфолиосында болуы керектігі туралы ескертеді. 
-  Үй  жұмысы.  Сабақта  меңгерген  жаңа  білімдерін  тереңдету  мақсатында 
оқытушы  студенттергс  тапсырмалар  беріп,  олардың  орындалуын  жазбаша 
түрде  (мәселен,  3-4  беттік  эссе  немесе  кесте,  схема,  график,  жоспар,  т.б. 
түрінде) келесі сабақта өткізуді тапсырады. 
-  Қорыту.  Оқытушы  сабақта  қарастырылып,  өз  шешімін  тапқан 
проблемаларға  қысқаша  тоқталып,  бір-екі  студенттен  сабақтың  қалайша 
өткендігі  («Ұнады-ұнамады,  Пайдасы  бар  -  пайдасы  шамалы»  тұрғысында) 
туралы пікірін сұрайды. 
4. Практикалық сабақ 
Практикалық  сабақ  -  пәннің  теориялық  мазмұнын  толықтыратын  оқу 
процесінің  белсенді  түрі.  Практикалық  сабақ  студенттерге  теориялық  мәлімет 
бойынша  нақты  әрекеттер  арқылы  машықтанып,  сол  амалдар  негізінде 
мәліметті игеру, меңгеру, тереңдету, дамыту мүмкіншілігін береді. Студенттер 
практикалық  сабақта  өз  әрекеттерін  жалқыдан  (нақты  мәліметтер)  -  жалпыға 
(теориялық тұжырымдар) бағыттайды. 
Практикалық  сабақта  әдетте  студенттер  талдау  және  іздену 
жұмыстарымен  (семинар  сабақтарындағыдай)  айналыспайды.  Практикалық 
сабақтың мақсаты - студенттерді лекцияда келтірілген теориялық мәліметтерді 
өздерінің белсенді әрекеттерімен «тануға», «дәлелдеуге», өз қолымен «жасауға» 
жұмылдыру. 


 
 
Практикалық  сабаққа  дайындалу  барысында  оқытушы  арнайы  оқу 
материалдарын  дайындайды.  Сол  материалдар  бойынша  (идея,  проблема, 
тұжырым, ереже, анықтама, рет пен тәртіп, схема, кестс, жоспар. параметрлер, 
ақпарат,  статистпкалық  мәліметтер,  көрсеткіштер,  т.б.)  студенттер  өздерінің 
теориялық білімдерін қолданып, нақты әрекеттерді атқару дағдыларын игереді, 
өзіндік тұжырым жасайды. Сол себепті де мұндай оқу материалдарының нақты 
әрі ықшам болғаны дұрыс. 
Студенттер  лекцияда  берілген  теориялық  мәліметті  практикалық 
кеңістікке келесі әрекеттер арқылы аударады: 
1.  Теориялық  мәліметті      практикалық  тұрғыдан  жүзеге  асыру  немесе 
орындау(мәселен,  статистикалық  мәліметтерді  санау,  көрсеткіштерді  есептеу, 
есептер  шығару,  мәселелерді  шешу,  ережелерді  қолдану,  кестелерді  толтыру, 
т.б.). 
2.  Теориялық  мәліметті  дәлелдеу  (практикалық  қолданысын  көрсету 
немесе беделді нұсқаларға сілтеме жасау), 
3.  Теориялық  мәліметке  өзіндік  тұрғыдан  баға  беру(практикалық 
маңызын,  тиімділігін,  келтіретін  пайдасын,  артықшылықтарын  немесе 
керісінше/айқындау, дәлелдеу; қолдау немесе қарсы шығу). 
4.  Теориялық  мәліметті  дамытатын,  тереңдететін  ұсыныстар  жасау 
(идеялар ұсыну, оларды дәлелдеу және практикалық маңызын келтіру). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет