шекарасы белгіленеді. «
Кеңжолды қатынас»
термині арна ақпарат жіберу үшін
кеңейтілген жиіліктер жолын береді дегенді білдіреді. Ақпаратты жіберудің жоғары
жылдамдығы кең жолды пайдаланған кезде бірнеше сигал бір арнаның бойымен, бірақ
әртүрлі жиіліктерде параллельді жіберілу мүмкіндігіне байланысты. Өйткені, уақыт
бірлігінде ақпараттың мол көлемі жіберіледі. Арнаны бірнеше бөлікке бөліп, сигналдарды
жіберу
мультиплексорлау
деп аталады.
«Таржолды қатынас» терминімен дауысты жіберуге жеткілікті арна түсіндіріледі.
Кейде «кеңжолды емес қатынас» термині кездеседі. Ол арнамен мәліметтерді жіберу
жылдамдығы 64 Кбит/с-тан кем екендігін білдіреді.
Телефон желісін цифрлы мәліметтерді жоғары жылдамдықта жіберу үшін қолдануға
мүмкіндік беретін технологиялардың бірі DSL. DSL аббревиатурасы - «Digital Subscriber
Line». Бұл технология телефонмен сөйлесуге кедергі жасамай, мәліметтерді жіберуге
жоғары жиіліктерді қолдануға мүмкіндік жасайды.
DSL-технологиясы көмегімен бір уақытта Интернетпен жұмыс істеу және
телефонмен пайдалануға болады. Қарапайым модемге қарағанда, DSL-қосылу
жылдамдығы едәуір жоғары. DSL үшін жаңадан сымдар жүргізу керек емес, өйткені
телефон желісінің құрылғылары пайдаланылады.
Асимметриялы DSL (ADSL)
Интернетпен жұмыс кезінде ақпараттың негізгі ағыны Желіден пайдаланушыға
өтеді. Желіге ақпараттың едәуір аз көлемі жіберіледі. Мысалы, сіз Web-беттерді қараған
кезде, кішігірім запрос жібересіз, ал желіден мәтін ғана емес, сонымен қатар суреттерді де
қабылдайсыз. Яғни, ақпарат алмасу ассиметриялы болып келеді. Бұндай трафикті жіберу
үшін ассиметриялы арна керек.
ADSL (Asymmetrical Digital Subscriber Line) немесе ассиметриялы DSL
пайдаланушыға мәліметтерді жоғары жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді, сондай-
ақ пайдаланушыдан Желіге келген сигнал Желіден пайдаланушыға келген сигналға
қарағанда төменгі жиіліктерде жіберіледі.
Ең жаңа технологияларды пайдалануға байланысты ADSL бойынша ақпаратты
жіберу жылдамдығы басқа қатынас түрлерімен салыстырғанда өте жоғары: 8 Мбит/с
абонентке бағытталғанда, 1 Мбит/с абоненттен желіге бағытталғанда. Жоғары жылдамдық
Web-сайттармен, мультимедиа-ақпаратпен ыңғайлы жұмыс істеуге, үлкен файлдарды
жылдам тасымалдауға және интерактивті қосымшаларды толық пайдалануға мүмкіндік
жасайды.
ADSL артықшылығы болып орнатылуының жеңілдігі табылады: пайдаланушы мен
телефон компаниясын бірімен-бірін қосатын бұрыннан бар телефон кабелінің сымдары
қолданылады. ADSL Интернетке үнемі қатынасты қамтамасыз еткеннің өзінде ADSL
пайдаланушылары өткізу жолын басқа абоненттермен бөліспейді. Бірақ ADSL
кемшіліктері де бар, ең алдыңғысы – алыстықтың шектелуі. ADSL-технологиясын
қолданған кезде кері бағытта ақпаратты жіберу жылдамдығы ара қашықтыққа байланысты
болады. Егер абонентке бағытталған ақпаратты 3 км қашықтықта 8 Мбит/с
жылдамдықпен алуға болса, 5 км қашықтықта – тек 1,5 Мбит/с.
Пайдаланушы ДК-і ADSL-модемге қосылады. ADSL-модемі жұмысының принципі
24 кГц-тен 1100 кГц-ке дейінгі жиіліктер диапазоны әрқайсысына виртуалды модем
бекітілетін 4000-герцтік жолдарға бөлінетіндігіне негізделген. Соған байланысты
виртуалды модемдердің әрқайсысы өз жиідіктер диапазонымен жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: