Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер
№24. Тақырыбы: Осман империясы.
Мақсаты:
Жоспары:
1.Түркілердің Кіші Азияға келіп орналасуы және түрік ұлтының қалыптасуы.
2. Осман империясының тарихы.
«Түркия тоғыз ғасыр бойы Еуропада тұрып келеді. Түріктер әуелде Андолыда тамыр жайды да, кейін бұл олардың басты қоныс - өрісіне айналды
Анадолының өзі - ежелгі өркениет ошағы. Археологиялық қазбалар өркениет дамуының алғашқы қауым мен қола дәуірінен бастап, оның кейінректегі дамыған сатыларына дейінгі күллі кезеңдерінің болғанын дәлелдеп, дәйектеп береді. Кіші Азияда, Анадолыда пайда болған Хеттер мемлекеті ең ескі мемлекет болып табылады. Оның өмірі онша ұзақ болмаса да, артына әжептәуір мәдени із қалдырды. Ол құлағаннан кейін Анадолы ұзақ уақыт өз тәуелсіздігінен айырылады. Оның жері ұдайы: әуелі парсылардың, сонан соң грек – римдердің жортуыл – жорығынан көз ашпады».
Византияда империя құралған соң ғана оның тәуелсіздігі қалпына келтірілді, бірақ батыс, шығыстың жортуыл-жорықтары бір толастамады.
Түріктердің алғашқы ата қонысы Анадолы жерінде 1071 жылы Маласкрет шайқасынан кейін пайда болды. Сұлтан Осман 1299 жылы жаңа мемлекеттің негізін тап осы арада қолайды. Алғашқы кезде ол шағын ел болды, ал Византия империясы әлсіреген сайын оның иелігіндегі жерлер де кеңейе түседі. Хеттер сияқты түріктер де Анадолының Саяси және моральдық бірлігін нығайтуға көп көңіл бөлген. Кіші Азиядағы түріктер түркі тілінде сөйледі. Түріктің көпшілігі мұсылман – суннит дінін ұстайды. Түріктің этникалық құрамы, негізінен екі топтан: селжуктар кезінде ХІ-ХІІІ ғасыр аралығында Орта Азия мен Ираннан Кіші Азияға қоныс аударған түркілердің көшпелі тайпаларынан (негізінен Оғыздар мен Түрікпендер) және Азияның тұрғын халқынан құрылған. Түріктің біраз бөлігі Кіші Азияға Балқан арқылы (уздар, печенгтер) өтті. Түріктің тарихы жайында ежелгі жазба деректердің ең құндысы – армян деректері. Мовсес Хоренацидің (V ғ). «Армян тарихы» мен VII ғасырдағы армян «Географиясында» Түрік тайпаларының Кавказ сырты мен Кіші Азияның шығыс аймағына қоныс аудары жазылады. Мовсес Каган – катвацтың «Агван тарихында» сувер мен хазарлардың Кавказ сыртымен, Кіші Азия халықтарымен қатынасы баяндалған. ХІ-ХІІ ғасырлардағы армян жазбаларында оғыздар түркімендердің селжук шапқыншылығы кезінде Кіші Азияға өткені жазылан. Сонымен қатар түрік жайында араб, иран, грузин, түрік тілінде жазылған шығармалар өте көп. Әсіресе Селжук мемлекетінің тарихы жайындағы Ибн-Биби еңбегін, монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңді көрсететін Ақсарай жылнамасы – Түрік ұлтының қалыптасуын айқын көрсететін еңбектер. Бұған қоса Осман тарихнамасының алғашқы шығармаларының бірі – Языджиоглу Али жазған «Оғызнама» немесе «Селжукнама». Бұл шығармада Рашид-ад-Диннің еңбегі пайдаланған. Түркі тайпаларының құрамы, орналасуы жайында түрік тарихшысы А.Р.Алтынайдың Осман империясының архив құжаттарын пайдаланып жазған еңбегінде құнды деректер бар. Түрік құрамы жайында Еуропа саяхатшысы Г.Рубрук пен Марко Поло жазбаларында құнды деректер бар. Ф.Демирташ Осман империясының ХV-ХVІІІ ғасырлардағы архив құжаттарынан Кіші Азиядағы Түркімен тайпалары туралы мол дерек тапқан. Мұнда Махмуд Қашқари, Рашид –ад-Дин, Әбілғазы жазбаларындағы тайпа атауларының бәрі кездеседі. Оғыз – түркімен тайпасынан өзге қарлұқ, қыпшақ, чигиль (шігіл), ұйғыр, аққойлы, Агачері, Күман, Хазар т.б. тайпалар да аталады. Түрік этногенезінің қалыптасуына әр кезеңдерде Араб, Күрт, Рум (Рим) т.б. халықтарының да қатысы болды. ХІV-ХVІ ғасырлардағы Түрік жорықтарына байланысты олар Балқан мен Кипрге енді. Түрік халықтарының қалыптасуы шамамен ХV ғасырда аяқталады.
Түріктердің құрамында түрік, түрікмен, тахтадж, абдал, зейбек т.б. этнографиялық топтар бар. Бұлардың біраз бөлігі көшпелі, жартылай көшпелі болып тіршілік етеді, басым көпшілігі малшы болды. Өзгелері отырықшылыққа айналады.
Шыңғыс хан әскерлерінің Түркістанды жаулауға келе жатқанын естіген Сүлейман есімді бір әскер басы басқа халықтарымен бірге өз жақындарын ертіп көшіп кетеді. Сүлеймен өзеннен өтіп бара жатып, ат –матымен суға кетеді. Оның Ерторғыл атты ұлы қалады. Әкесінің сапарын ары қарай жалғастырып, Рум тарапынан жүріп кетеді.
Ерторғыл өз серіктерімен күндердің күнінде бір тау аңғарына келіп жетеді. Осы жерде екі әскер қарама –қарсы ұшырасып қалды. Қарсы жолыққан әскер соғыста жеңіліп келе жатқандықтан, бұларды көріп тағы да қашуға әзірленеді. Сол сәт Ерторғылдың оларға жаны ашып, жаралыларына көмек көрсету үшін керуеннің алдына шығып тоқтады. Кімнің пайдалы, кімнің зиянды екенін ойлап жатпастан, әлсірей келе жатқан әскерлерге көмек көрсетеді. Соның арқасында жеңіліп қашып келе жатқан жақ қайта күш жинап, жеңіп қуып келе жатқандарға қарсы соғысып, оларға күйрете соққы береді. Алғашқы соғыста жеңілгендер – селжук түркілері, ал қуғыншылар монғол – татарлар еді. Осындай себеппен әлсіздері әлділерді жеңіп шығады.
Өздеріне көмек көрсетіп, жаудан құтқарғаны үшін селжук түркілері әсіресе, олардың патшасы Ғиясаддин Көксары Ерторғыл мен оның серіктерін адал дос ретінде қабылдап, оларға Анкара жақтан қоныс береді. Түріктер өздеріне берілген жерге орналасып, малын бағып, тішілік етеді. Әр уақыт селжук түріктерімен бірге жорыққа аттанып, оларға қызмет көрсетеді. Сөйтіп Селжук мемлекетінің біраз өмір сүруіне септігін тигізеді.
Осы селжук түркілері Константинопольдік румдерге шабуыл жасап, Константинополь қаласын тартып алып, астана етеді де, Селжук өкіметі атты Түрік мемлекетін құрады.
Бұлардың басқа Иран селжуктері атты тағы бір түрік өкіметі бар еді. Осман мемлекетінің негізін құрушы Түркия сұлтандарының атасы Осман хан осы Ерторғылдың ұлы болатын. Ерторғыл 1281 жылды қайтыс болды.
Осман хан түрік шейхтарының ішіндегі ең бір сыпайы, білімді кісісінің Малхатун атты қызына үйленеді. Осы әйелден атақты Орхан сұлтан туады. Осман хан осы ұлы Орхонның басшылығымен Бурса қаласын басып алады. Жеңістің соңынан Осман хан халыққа соңғы өсиет, аманаттарын айтып, қайтыс болады. Өзінің тәж – тағының Бурсаға көшірілу және оның астана болуы керектігін сол өсиетінде айтып кетеді.
Бурса қаласының османдықтар тарапынан басып алынуы әлемдегі ұлы оқиғалардың бірі болды. Сол себепті Осман түріктердің даңқы шығып, беделі артты, іргелі үлкен мемлекеттердің қатарына енді. Бурса қаласы ол кезде әсем қала болған. Дәл осы гүлденіп тұрған шағында ол исламның орталығы болды, Осман түріктерінің астанасы осында ауысты.
Осман хан жігерлі, заманына лайық білімдар, көрген, дүниеге қызықпайтын қанағатшыл, діндар адам болған. Оның өте кедейлікте өмір сүргеніне жұрттың көзі қайтыс болған кезінде әбден жетеді. Артына қалдырған ешқандай жеке дүние – мүлкі болмаған.
Осман хан 1326 жылы 20 шілдеде 70 жэасында қайтыс болды. Қабірі Бурса қаласындағы Манастыр деп аталатын орынға жерленген.
Түрік халқының қалыптасуы мен мемлекетінің нығаюында түркі тілі шешуші рөл атқарады.
Түрік (ескі аты – Осман тілі) – түрік халқының тілі. Түркиядан басқа Жерорта теңізі мен Балқанға тараған. Бұл тілде 60 миллондай (1992 ж) адам сөйлейді. Ол түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізгі екі диалектілік топқа: Батыс немесе түрік –дунай тобына және адакалий, адрионополь, босния, македон диалектілері мен Шығыс Анатолия (айдын, измир, карман, конии, сивас) диалектілерін біріктірген топқа бөлінеді. Қазіргі түрік әдеби тілінің негізгі болған Анкара говоры мен Кипр диалектісі де шығыс Анатолия тобына кіреді. Түрік тілінде жалпы түркі тілдеріндегі сияқты фонетикасындағы дауыстыларда сингармнизм заңы, дауыссыздарда ассимиляция заңы сақталған.
Түрік тілінің негізгі сөздік қоры түркі тілдерімен негізгі сөздік қоры түркі тілдерімен төркіндес. Қазіргі түрік әдеби тілінің нормасы ХХ ғасырдың 30—50 жылдарында орнықты.
Алғашқы жазба ескерткіштері ХІІ ғасырға жатады. Жазу ісінде 1928 жылға дейін араб алфавитін қолданады. 1928 жылдан бастап латын алфавтінде көшті.
Түркі халқының қалыптасуы мен нығаюында түркі тілі орасан зор рөл атқарғаны туралы Мұстафа Кемәл Ататүрік былай деді : «Түркия мемлекеттің құрған – түркі халқы, түрік ұлты. Түрік ұлты деген сөз - түркі тілі деген сөз. Түркі тілі – түрік ұлтының қасиетті қазынасы. Өйткені, түрік ұлты өткендігі шексіз бақытсыздықтардың ішінде өзінің адамгершілігінің, дәстүрінің, естеліктерінің, мүдделерінің, қысқасы, бүгін өзін ұлт ретінде қалыптастырған барлық қасиеті тілінің арқасында сақталғанын көріп отыр. Түркі тілі - түрік халқының жүрегі, ақыл –ой».
Қорыта келгенде, Түрік мемлекет ХІV ғасырда Кіші Азия жерінде ұйымдасты. Бұл әскери – феодалдық мемлекет болды. ХІV-ХVІІ ғасырдың І жартсында оның жер аумағы кеңейеді, бұдан бұрын ежелгі заманда және ертедегі орта ғасырларда түрлі мемлекеттік бірлестіктердің – Хетт патшалығының, Мидияның Ахемен әулиеті билеген мемлекеттің, Александр Македонский державасының, Селвк әулиеті билеген мемлекеттің, Цонтий патшалығының, Пергаманың, Римнің (ежелгі), Византияның, Коний сұлтандарының тағы басқа мемлекеттердің құрамына кірді.
Түріктер Византияның Анатологиядағы соңғы иеліктерін 1326 жылы Бурсаны (Түріктің алғашқы астанасы болған) алды.
Достарыңызбен бөлісу: |