Дістемелік кешен


Азиядағы хундар күрған мемлекет



бет94/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,53 Mb.
#22337
түріРеферат
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126
2. Азиядағы хундар күрған мемлекет
"Сүй патшалығының тарихы" деген кітаптың "Жаграпиялық дерек" деген бөлімінде былай делінген: "Бесбалық күмды аймағының терістігі — алдыңғы хань патшалығы түсында (б. з. б. 223—206 жылдарда) үйсіндердің дунхудағы жері, соңғы хань патшалығы түсында (б. з. б. 225—220 жыддары) хуңдардың ордасы түрған жер. Ордадағы (хундардың, эскери лагері мен эскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хундардан шекаралық аймақты босатуды талап етті. Согыстан қауіптенген ақсакалдар хундардың көсемі Модеге дунхуларға жерді беру туралы кеңес айтты. Бүған Моде: "Жер — мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сірэ?"— деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, соңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шығысқа қарай жылжиды. Дунхуларға түтқиылдан шабуыл жасап, оларды талкандады, басшысын өлтірді, адамдарын және малдарын өзіне қосып алды". Хун тэңіркүтының алғашқы қадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.
Біздің заманымыздан бүрынғы 203—202 жылдары Моде Саян, Алтай жэне жоғарғы Енисей тайпаларын (оның ішінде Хакас аумағындағы ертедегі қырғыздарды) бағындырып, өз мемлекетінің солтүстік шекарасын түбегейлі орнықтырды. Бірак әлі де ең басты екі қарсыласы — Қытай мен юэчжилер (иран тілдес үлы жүздер) қалып еді.
Б. з. б. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталды. Ел басына Хань династиясы келді. Оның негізін калаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын кауіпсіздеңціруге тырысып, б.з.б. 202 жылдың қысында хундарға қарсы әскер шығара бастады. Бірінші қақтығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі күшінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мүны байқаған Хундар шегіністі бірден токтатып, төрт атты корпусымен императорды Байдан тауының маңында қоршауға алды. "Жеті күн бойы таудағы жэне одан сырттағы Хань әскерлері бір-біріне азык-түлік көмегін де, эскери көмек те бере алмады",— деп жазады тарихшы Сыма Цянь.— Батыстағы сюннулар атты эскері — ақ аттарға, ал шығыс беттегілер — түмсығында ак дағы бар сүр аттарға, солтүстіктегілер — қара түмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар — жирен аттарға мінген".
Императорга хундармен туыстыққа негізделген бейбіт келісім шартын жасауға уәде беруден басқа жол қалмады, яғни Модеге император үйіндегі ханшайымды беруге тура келді. Бірақ император өз уэдесін хундардың дүркін-дүркін шапқыншылығынан кейін ғана орындады, ханшамен бірге жыл сайын сыйлық беріп отыруға міндетті болды. Ол сыйлықтар — жібек маталар, шарап, күріш, эшекей бүйымдар еді. Шындығына келгенде бүл салыктар көзбояушылық еді. Хундар мен Хань арасындағы бейбіт қатынас б. з. б. 166— 163 жылдарға дейін созылды. Бүдан соң туыстық пен бейбітшілік туралы шарт кайтадан басталып, жаңарып отырды.
Моде мен оның мүрагерлері, дәлірек айтқанда, тэңірқүт Лаошаньнің ең қатал соғысты үлы жүздермен (юэчжилермен)жүргізуіне тура келді (б. з. б. 177—176 жылдары). Күрес цшрек гасырға созылды және біздің заманымыздан бүрынғы 174—167 жылдары хундар үйсіндермен одақта болудың нэтижесінде қатты шиеленіскен соғыста жеңіске жетті. Юэчилер көсемі үрыста қаза тауып, оның бас сүйегінен тэңірқут Лаошань ішімдік ішетін сүйек тостаған жасатады. Бүл жөнінде қытайдың жазба дерегінде: "Хундардың тэңірқүты Аслан (Лауошань) үлы жүздер тайпасының ханын өлтіріп, оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасаткан. Алғашында үлы жүз тайпалары Дун Хуан мен Жылан тауы арасында отыратын, енді хундардан жеңіліп, алыстағы өңірлерге қарай ауып кеткен. Үлы жүздер (юэчжилер) хундардан жеңілген соң Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жасап, оларды бағындырып, өз ордаларын күрған" делінген. Осылайша бүл жолғы шабуыддар арқылы хундар мен үйсін тайпалары үлы жүздің қоныстарын тартып алып, оларды өз боданына айналдырған.
Б. з. б. 56 жылы оңтүстік хундар тэңіркүты Хуханьенің басшылығымен шапқыншылықтан бас тартады да, қытаймен бейбіт катынастар орнатады, ал кытайлар олардың тынышталуы үшін бэрін істеді, сөйтіп 50 жылдай уақыт бойы хун — қытай шекарасында қақтығыс болған жоқ. Солтүстік хундар тэңірқүты Чжичжидің басшылығымен Орта Азияға кетіп, одақтас қаңлы мемлекетіне өтгі, бірақ бүл жерде хундар кытайдың экспедициялық корпусына тап болып, талқандалады. Өйткені қытайлар Чжичжиді қаңлы мемлекетімен бірігіп, Шығыс Түркістандағы билігіне қауіп төндіреді деп күдіктенген. Осы түстарда хун тайпалары ыдырап, оңтүстіктегілері қытайдың боданына айналып, солтүстіктегілері кытай әскерлерінен жеңіліп, батыска карай жылжиды. Біздің заманымыздан бүрынғы 49 жылы Барқол маңында билік қүрған хун тайпаларының тэңірқүты Шөже үйсіндердің терістік өңірдегі Күнбиіне елші жіберіп, оларды өздеріне қаратпақ болады. Қытай жазба деректері бул оқиға жайлы былай деп жазады: "Үйсіндер тайпасы хундардан келген елшіні өлтіріп, басын кесіп алып, қытай патшаларының өкілдігі түрған жерге жібереді. Өзі 8 мың әскерді бастап, тэңірқүты Шөжеге қарсы соғысқа аттанады. Алайда бүл жолғы соғыста үйсіндердің кіші Күнбиі атанған Өжет батыр жеңіске жетпеді".
Біздің заманымыздың 48 жылы хундар солтүстік жэне оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік хундардыңтағдыры негізінен Хань империясынатэуедді болды. Солтүстік хундар
—Енисей (ежелгі қырғыз) тайпаларынан, эсіресе дуньху — үйсін үрпақтарынан, сэнби—Манчжуриядан айырыла бастады. Хундардың ставкалары Батыс Монғолияға, солтүстік-батыс Сібірге, Шығыс Түркістанға ығыса отырып, біздің заманымыздың II ғасырының бірінші жартысында хун тайпаларының миграциясы эуелі Қазақстанның шығысына —Тарбағатайга жэне Жетісуға қарай ығысты. Осы кезде хундар өздерінің 5 ғасырдай өмір сүрген Юэбан мемлекетін күрды, ол мемлекеттің ордасы Балқаш көлінің солтүстігінде орналасты. Ал кейін хундар Батыс Сібір угор тайпаларымен бірге Орал, Каспий, Еділ маңыңдағы жерлерге коныс аударды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет