Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
3 -дәріс
Тақырыбы: ХІХғ. І-ІІ жартысы. Басқа шығыс тілдерінің қатарында түркі тілдерінің университеттер мен академия тарапынан зерттелуі
Түркі тілдерінің 19 ғ. зерттелу жайы
Түркі тілдерінің Петербург оқу орындарында оқытылуы, зерттелуі
Шығыстану орталықтары
XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ресейде едәуір етек алған түркологиялық жүмыстың тағы бір түрі түрколог кадрлар дайындау ісі болды. Алдыңғы ғасырда жекелеген мектептерде, гимназияларда ғана түркі тілдері оқытылатын болса, XIX ғасырдың басынан бастап бүл жүмыс академиялық, университеттік дәрежеге көтеріліп, кең көлемде жүргізідді. Жалпы Шығыс тілдерін, соның ішінде түркі тілдерін де оқыту, сойтіп, түркология кадрларын дайындау жүмыстарын ғылыми негізде дамыту үшін шет елдерден дарынды Шығыстану ғылымының мамандары шақырылды. Сондай мамандардың бірі – атақты Шығыс зерттеушісі Хрестиан Данилович Френ дейтін неміс ғалымы. Ибрагим Халфин, Мырза Қазамбек, Илья Николаевич Березин, Лазарь Захарович Будагов, Қызылүлы Пора Катанов, Николай Иванович Ильминский, Сергей Ефимович Малов, Феодар Евгеньевич Корш сияқты даңқты түркологтар-осы университеттің түлектері және соның оқытушылары болған, XIX ғасырдағы түркологияның дамуына зор үлес қосқан адамдар.
Шығыс тілдерін, түркі тілдерін оқытатын жоғарғы оқу орындары Мәскеу мен Петербургта болды. XIX ғасырдың бас кезінде, яғни 1811 жылы Мәскеу университетінде Шығыс және түркі тілдерінің түңғыш кафедрасы үйымдастырылып, онда араб, парсы, түркі тілдері окытылатын болған. Мүнда белгілі түркологтар Ф.Корш, А.Крымский, В.АТорделевскийлер сабақ берген, ғылыми жүмыстар жүргізген.
Шығыстанудың тағы бір орталығы- Петербургтағы Ресей Ғылым академиясы мен университеті болған. 1822 жылдан бастап университетте шығыс тілдері кафедрасы ашылды да, онда шығыс және түрік тілдері оқытылатын болды. 1855 жылы аталған кафедра негізінде шығыс тілдері факультеті ашылды. Бұл оқу орнымен қатар 1818 жылы академия жанынан «Азия музейі» дегек құрылды. Музей жазба нұсқаларын жинау, оларды зерттеу, жариялау сияқты ғылыми жүмыстармен айналысты. Бүл музей і 938 жылы қүрылған Мәскеу шығыстану институтына негіз болады.
Петербургте қалыптасқан түркологиялык орталық баска жердегіден барлық жағынан да күшті еді. Сол замандағы корнекті түркологтар-Қазамбек, Березин, Вельяминов-Зернов, Будагов сияқты ғалымдар осында істейді.
XIX ғасырдьщ екінші жартысынан былай түркологияға басшылық ететін орталықтың өзгергені мәлім. Бүрын оның мекен-жайы Қазан каласы болса, енді ол Петербургке ауысты. Петербург университетіндегі Шығыстану факультеті осындағы Азия музейі түркологиялық орталыққа айналады, шығыс халықтарының бай жазба ескерткіштері енді осындағы кепшілік кітапханасына шоғырландырылады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай түркология теориялық тереңдігі жағынан да, қамтыған тілдері мен проблемаларының колемі жағынан да, ғылыми кадрларының саны мен сапасы жағынан да үздіксіз ілгері басуда, дамуда болды. Бүл мезгілдер ішінде түркологияны дамытуға, оның даңқын арттыруға үлес қосқан ғалымдар В.Радлов, О.Бетлинк, В.В. Вельяминов-Зернов, Н.Ильминский, П.Мелиоранский , В.Бартольд, XX ғасырдың бас кезінен бастап бүларға С.Малов, А.Самойлович, Н.Ашмарин, В.Богородицкий сияқты белгілі түркологтар қосылды. Бүл мерзімнің бастапқы кезінде түркі тілдері ішінде әзірбайжан, түрік, қазақ тілдерін зерттеуге кобірек коңіл бөлінді. Әзірбайжан, түрік тілдерін оқытуға арналған шағын көлемді бірнеше оқу қүралдары, соларға қоса екі тілді создіктер бірінен кейін бірі шығарылды.
Достарыңызбен бөлісу: |