Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет57/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

«Қыпшақ Хандығы, Дешті 
Қыпшақ Даласы»
деп аталды. 
Қыпшақ хандарының жетекшілік нысанында әскери-саяси әдісін тиімді де 
шеберлікпен ұтымды пайдалану арқасында шекарасын шығысындағы 
Ертістен батыстағы Дунайға дейін кеңейітті. Сығанақ қаласын өз 
мемлекетінің астанасына айналдырды. Олар бірнеше негізгі тайпа 
топтарынан: сібір-алтайлық; орал-қазақстандық; алдыңғы Кавказды қоса 
отырып - Дондық; Қырымды қоса отырып - Днепрлік; Балканды қоса отырып 
- Дунайлық – болып ұйымдасты. Олар көптеген елдердің ортағасырлық 
тарихында маңызды рөл атқарды, мәселен: Үндістан, Мысыр (Египет), 
Қытай, Ұрым (Византия), Грузия, Бұлғар, Хорезм. Олар Киев Русімен 
экономикалық, әскери-саяси, мәдени және қандастық тығыз байланыс 
орнатады. Қыпшақтар - қазақ, ноғай, қырым-сібір татарлары, қарақалпақ, 
өзбек, қырғыз, балқар, қарачай, кумык, түркмен және басқа да түрік елдерінің 
этногенезінде белгілі рөл атқарады. Олар турциялық, венгер, грузин, болгар, 
орыс, украин, монғол, қытай, үнді, араб халықтарының құрамына кірді.
Қыпшақтардың сыртқы саяси байланыстарының ауқымы кең болды. 
Мәселен, хорезмшахтар мемлекетін қыпшақ әулеттері билеп тұрды. Ұрым, 
Ұлы Болғар, Киев Русі, Селжүк сұлтандығы тәрізді мемлекеттердің 
саясатында қыпшақтар айтарлықтай орын алатын. ХІІІ ғасырға дейін 
византиялық сарайда Циты, Караджи, Алакасен деген қыпшақтар ірі 
қызметте отырған. Крестілердің жорығын (крестовый поход) 1205 жылы 
қыпшақтар Андрианопольге жақын жерде талқандап, император Балдуинді 
тұтқынға түсіріпті. 1118жылы Грузия патшасы ІV Давид Строитель өз 
әскерін нығайту мақсатымен Грузияға 40 мың қыпшақ жауынгерін 
отбасымен шақырып, оларға жер де бөліп беріпті. Қыпшақтар 1121 жылы 
Дидгор тауларында түрік-селжүктерді талқандауға, 1122 жылы Тбилисиді 
алуға, 1123 жылы Ширванға жорыққа қатысты. Қыпшақтар ХІV ғ. дейін 
грузин деректерінде еске алынып отырады. Олар жайлы грузия топонимиясы 
мен грузин халқының аңыздарында мәлімет бар. Олар аяғы жеткен жерде 
әскери үтемдікті қолға алып, әр алуан соғыс жорықтарына қатысты. 
Мысырдағы қыпшақ қолбасшылары Айбек пен Бибарыс Мысыр елінің 


66 
мемлекет билігін қолына алып, Мамлюк әулетінің (1250-1517) негізін 
қалады.
 
Ертістен Днепрге дейінгі аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың 
тарихи-жағрафиялық кеңістікті Еділ бойы арқылы екі этникалық-аймақтық 
бірлікке бөлу есебінен қарауға болады: Тоқсоба әулеті тұрған Батыс қыпшақ 
бірлестігі және Ел-бөрілі әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты. Шығыс 
қыпшақ аймағының Ханы - бүкіл аумаққа жүргізе алатын билігі болды. Орда 
деп аталатын хан қосынында ханның дүние-мүлкі мен әскерінің ісін 
жүргізетін басқару әкімшілігі болған. Әскери-әкімшілік басқару жүйесіне 
айрықша маңыз берілген. Әулеттік топ мен тайпалардың өзі әлеуметтік 
маңызына қарай иерархиялық жүйе-сатыларға бөліну көрініс табады. 
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да бөлінді. Меншікті 
білдіретін таңбалары болған. 
Ұлан ғайыр кең өлкені билеп, әскери-саяси биліктің тізгінін қолына 
ұстаған іргелі Орда құрған қыпшақ дәуірі, бізге мирас болып қалған кешегі 
бақи өмірімен тікелей жанды байланысы бар, сөйлеу тілінің сипатынан толық 
мағлұмат бере алатын бағалы еңбек - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет