Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет62/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

4.3 ХІV-XV ғғ. саяси ұйымдасу 
Моңғолдар басып алған соң ХІІІ-ХV ғасырларда Ұлы Даланың тарихи 
шеңберінде 
бірнеше 
мемлекет 
пайда 
болады. 
Олар 
алғашында 
Шыңғысханның орталықтандырылған билігіне бағынады, кейіннен ол өлген 
соң тәуелсіз мемлекеттерге айналады. Әлемдік тарихта олар Алтын Орда, Ақ 
Орда, Көк Орда, Моғолстан және басқа атаулармен белгілі. Осы Ұлан-Байтақ 
жерлерді Шыңғысхан төрт ұлына енші етіп үлестірген болатын. Жошының 
еншілігіне Ертіс пен Жетісудың теріскейінен Дешті-Қыпшақтың бүкіл 
шығысын Төменгі Еділ бойына дейінгі алқап тиді; Шағатай еншілігіне 
Шығыс Түркістан, Жетісу және Мауараннахр; үшінші ұлы Үгедейге Батыс 
Моңғолия, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймақтары берілді; кенже ұлы 
Тулуй әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны алды. 1228-1241жылдары Ұлы 
хан болған Үгедей ұлысы 1251 жылы ыдырап, оның жерлері Тулуй ұлы – 
Мөңке ұлы хан жақтастарына үлестіріп беріледі. Мөңке 1251-1259 жылдары 
Ұлы хан болды. 
Монғолдардың Шығыс Еуропаны жаулап алу жорықтары Жошының ұлы 
Батый хан тұсында да сәтті жүріп жатты. Бұл ұсыныс 1235 жылғы Қара 
қорымда ашылған құрылтайда ұйғарылған болатын. Жеті жылдық жорық 
нәтижесінде (1236-1242ж.ж.) Батый хан Еділ бойындағы бұлғарларды, 
орыстың кінәздіктерін талқандап, Польшаны, Венгрияны, Чехияны және 
басқа елдерді құлазытып өздеріне қаратып келді. Батыйдың қоластына Батыс 
Дешті-Қыпшақ жерлері, яғни Еділдің батысынан Солтүстік Кавказ, Қырым 
Дунайдың Төменгі ағысына дейінгі жерлер қарайтын болды. Еділ сағасына 
оралған Батый хан жаңа мемлекеттің іргесін қалады, ол Алтын Орда атауына 
ие болды. Оған жаңадан жаулап алған жерлер мен Жошы ұлысының аймағы 
кірді. 1243 жылы Еділдің төменгі сағасынан (Астрахан маңында) Батый 
астананың Сарай қаласын салдырады. Кейін Алтын Орданың астанасы Берке 
хан тұсында (1257-1266) Сарай Беркеге (Волгоград маңында) көшіріледі. 
Ортақтандырылған Моңғол империясы Мөңке хан өлгеннен кейін екі ағасы – 
Арықбұғы және Хұбылай Ұлы Хан болып тағайындалады. Бірақ Жошы 
ұлысының Берке және Шағатай ұлысының Хайду батыс билеушілері, 
тағайындалған хандарды мойындамай дербес мемлекеттерге айналады. 
Алтын Орданың іргесін қаламай тұрып Батый - ағасы Орда Еженге 
Қазақстанның басым бөлігін, бұрынғы Шығыс Дешті Қыпшақ (қазіргі 
Оңтүстік, Орталық, ішінара Солтүстік-Шығыс Қазақстан) жерін бөліп береді. 
Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі 
Шайбанға берді. Ол Көк Орда деп аталды. Орыс кінәздіктері Алтын Орданың 
тәуелді еліне айналды, олар хандардан «кінәздік құруға жарлық» алып, алым-
салық төлеп отырды. Ақ Орда ханы Орда Ежен жасының үлкендігіне 
қарамастан әкесінің тағын інісі Батуға береді. Өтеміс қажы осы оқиғаға 
байланысты былай деп айтып еді: «Менің сенен жасымның үлкендігі рас. 
Бірақ біздің марқұм әкеміз сені өте қатты сүйіп, еркелетіп өсірді. Мен де сені 
еркелеттім, саған бағындым. Егер де мен хан болсам, саған бағына 


73 
алмаймын. Біздің арамызда реніш туады. Сондықтан, сен хан бол. Мен сенің 
хандығыңды көтере аламын»,-депті. 
Алтын Орда көпұлтты және әрдеңгейлі шаруашылығы бар мемлекеттік 
құрылым еді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан шыңғыздықтардың 
меншігі болып саналды. Мемлекеттік мәселелерді шешуде құрылтай 
шақырылып отырды. Елшілік жүйесін беклербек басқарды. Атқарушы үкімет 
- диуан басында уәзір тұрды. Даруғалар мен басқақтар алым-салық жинау 
міндетін атқарды. Ноян, баһадүрлар әскербасы–түмендер, мыңбасы, жүзбасы 
болып тағайындалды. Басқару мен иемденудің ұлыстық жүйесі құрылды. 
Шыңғыздықтардың барлығы да ұлыс алуға хұқы болды. Шыңғыздықтардың 
басқа өкілдері ханға қызмет атқарғаны үшін ұлыс алатын. Бірте-бірте 
иммунитетті хұққа – тархандық пайда болды. Жер-суды мұралық тарту 
ретінде иелік сипаты сойүрғал қалыптасты.
Алтын Орда кезеңі Қазақстан тарихында үш ғасырға жуық уақытты 
қамтыды. Жалпы алғанда бұл кезең Қазақстанда болып жатқан этносаяси 
процесстерге үлкен әсерін тигізді. Алтын Орда кезеңінде Ұлы дала 
экономикасы жаңа сипатта гүлдене бастады. Сауда және халықаралық 
қатынастарының орталығына айналды. Осы кезеңде қазақ елінің этникалық 
бейнесі мен құрамы қалыптасты. Алтын Орда кезеңінде Еуразиялық Көшпелі 
өркениеттің, яғни дала мен қала мәдениетінің симбиоз түріндегі саяси-
шаруашылық және мәдени байланысын түрік дәуірінен жалғасын тапты. 
Қытай хроникасыңда былай деп жазылған: «Шынғыс хан Шығыс пен 
Батысты байланыстыратын шекараларда өз мүддесін жүргізді, қамалдар мен 
бастиондарды жермен жексен етті. Осыдан кейін ғана экономикалық және 
мәдени қатынастар жақсарып, Шығыс пен Батыстың гүлдену кезеңі 
басталды». Бұл симбиоз жүйенің қан тамыры-сауда. Батыс Қазақстандағы 
Сарайшық қаласында тенге сарайы болған. ХІV ғасырға қарай қала 
камалдарын қайтадан қалыпқа келтіру ісі қолға алынады. Ислам дінінің 
таралуымен 
қалаларда 
мешіттердің, 
кесенелердің 
өсуі 
көрінеді. 
Қазақстандағы исламды таратуда, қолдауда Яссауи сопылық ордені әсіресе 
белсенді болды. Бұл мектептің діни-мистикалық идеялары «Диуани-Хикмет» 
кітабында көрсетілген. Кейін Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қазақтың ұлттық 
пантеонына айналған. Сонымен, Алтын Орда дәуірі қазақ материалдық және 
рухани мәдениетіне өз зандылықтары мен өзгешеліктерін енгізді. 
Алтын Орданың гүлденген кезеңі Өзбек хан (1312-1342ж) мен Жәнібектің 
(1342-1357ж) тұсына келіп, ортақтандырылған мемлекет сипаты тарады. 
Өзбек хан исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Әділ билік жүргізгені 
үшін халық Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атады. Шығыс деректерінің 
айтуы бойынша: «Дешті Қыпшақта оған тең әділ, әулие, қайырымды және 
кұдіретті патша болған жоқ»,-деді. 1359 жылы Бердібек хан өлгеннен кейін 
Алтын Орданы билейтін Жошы әулетінің Батый тармағынан өрбіген өкіл 
қалмады. Алтын Ордада қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар басталды. 
Күрес барысында Ақ Орданың султандары Орда Еженнің әулеттері қатысты. 
Саяси дағдарыс нәтижесінде тәуелсіз иеліктер құрыла бастады. Алтын 
Орданы қайтадан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет