Әрбір тақырып бойынша оқу мақсаттары оқушыларға түсінікті тілде беріледі;
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін «миға шабуыл» сұрақтары қойылған;
«Ойлан» айдарымен берілгентақырыпқа қатысты сұрақтар жаңа білім мен тәжірибені бекітуге, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналады;
«Есіңе сақта» айдары – түйінді ұғымдардың түсіндірмесі;
«Жаңа білім» – теориялық ақпарат;
«Сен білесің бе?» айдары қосымша пайдалы ақпарат;
«Қолдан» тәжірибелік тапсырмалар, яғни компьютермен жұмыс істеу; «Орында» жеке, жұптық, топтық тапсырма түрлері.
Бөлім аяқталғанда білім мен дағдыны пысықтауға, тексеруге арналған шығармашылық-практикалық тапсырмалар беріледі.
Әдістемелік нұсқауда берілген әрбір тақырып барлық оқушының оқу мақсатына жетуге ықпал ететін қарапайым сұрақ, тапсырмалар жүйелі түрде күрделеніп отырады. Тапсырмалар реті бірізділікпен орындалса, оқу мақсатына жету табысты жүзеге асады.