Экологиялық факторлар туралы түсінік


Биотикалық факторлар дегенімі



бет3/5
Дата21.09.2023
өлшемі117,5 Kb.
#181980
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-5164

Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-қатынаста болады. Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануар мен жануар арасында болуы мүмкін.
Антропогендік факторлар дегеніміз – қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға тарайды. Зиянды заттардың көршілігі табиғата айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су көлдерінің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеруі құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады. Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастырылуда.

Экологиялық факторлардың организмге әсері
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю. Либих (1948 ж) ашқан. Оны «Минимум заңы» дейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы аңдар мен құстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі.
Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше қолайсыз экологиялық орталарды қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Организмдердің бұл тобын эфрибионтты түрлер дейді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бұлғынды, ал кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б. көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады.
Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Оларды біз стенобионтты организмдер дейміз. Стенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық немесе биотикалық болуы мүмкін. Мәселен, Іле Алатауының шырмалы орманында тіршілік ететін ақ тиін үшін шектеуші фактор – қорек. Сол сияқты жеміс-жидегі мол тоғайларда тек дәнмен қоректенетін құстар басым болады.
Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы биологиялық көп түрлілігіне әсер етуімен бірге олардың географиялық белдеулер және табиғат белдемдері бойынша таралуына да әсер етеді. Нәтижесінде, табиғаттың әр түрлі ландшафтарында микроорганизмдер, жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір бірегей жиынтығы ортақ жағдайда тіршілік етеді.
Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей және жанама әсер етуі олардың белгілі бір биотопқа бейімделген тіршілік формаларын қалыптастырады. Организмдерді экологиялық тұрғыдан классификациялау (жіктеу) негізінен толық бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан біз организмдердің тіршілік формаларын жіктеуге олардың тіршілік ортасын (мекенін) негізге аламыз.
Тіршілік формасы дегеніміз – организмдердің өзінің тіршілік ортасының ерекшелігіне қарай морфологиялық жағынан бейімделуі. Әсіресе, жануарлар дүниесінің тіршілік формасын ажырату өте күрделі. Жануарлар тіршілік формаларын жіктеу Д.Н.Кашкаровтың (1945) жүйесі бойынша алынады:

  • жүзгіш формалар (нектон, планктон, бентос)

  • жартылай суда тіршілік ететіндер (уақытша қорек үшін сүңгитіндер)

  • қазғыш формалар (жер бетіне шықпайтындар, жет бетіне уақытша шығатындар)

  • құрлық формалар:

а) ін қазбайтындар (жүгіргіштер, секіргіштер, жорғалаушылар)
ә) жартас жануары
б)әуе формалары

  • ағашқа өрмелегіштер

  • әуе формалары

Жоғарыдағы жүйеден біз организмдердің қозғалуға бейімділігі бойынша жіктелу формасын көреміз. Академик Д.Н.Кашкаров жануарларды ылғал сүйгіштер (гидрофильдер), ал қоректену сипатына қарай: өсімдік қоректі жыртқыш, көп қоректі, өлексе қоректі, т.б. деп бөледі. Бұл жіктелулерге қарап біз организмдердің тіршілік формаларының сан алуан екенін көреміз. Ең бастысы тіршілік ортасы немесе ұқсас болып келетін организмдердің морфологиялық жағынан да ұқсас болуы бейімделушіліктің негізгі роль атқаратынын көрсетеді.
Ғалымдар өсімдіктер әлемін зерттей келіп олардың тіршілік формасын жіктеуге ұмтылған. Соның ішінде біз ботаник С. Раункиер (1905-1907) жүйесін негізге аламыз:

  1. Эпифиттер – топырақта тамыры болмайтын ағаштарға асылып, шырмалып өсетін өсімдіктер (қыналар, мүкітер).

  2. Фанерафиттер – жер бетінде өсетін барлық ағаштар, бұталар мен шөптесін өсімдіктер жатады.

  3. Хамефиттер - өркендері жер бетінен өсетін шөптесін көп жылдық өсімдіктер. Қыста өркендері үсімейтін (жүзген, қоян сүйек, тобылғы, теріскен, т.б.) өсімдіктер.

  4. Гемикриптофиттер – жер бетіндегі өркендері қыста үсіп қалатын, ал пиязшықтары сақталатын өсімдіктер.

  5. Криптофиттер немесе геофиттер – топырақтың терең қабатында тамыр түйнектері сақталып қалатын көп жылдық өсімдіктер (сәбіз, шалхан,андыз, ашкөк т.б.)

  6. Терофиттер – жер асты, жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын бір жылдық өсімдіктер (астық тұқымдастар, т.б.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет