«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Нарықтық тепе-теңдік және тепе-теңдік баға түсінгі. Икемділік түсінігі



бет44/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

3. Нарықтық тепе-теңдік және тепе-теңдік баға түсінгі. Икемділік түсінігі.

Нарықтағы тепе-теңдік жағдай сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.



Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.


График 6.5. Нарықтағы тепе-теңдік.



Мұнда: Е – сұраныc пен ұсыныс қисығының қиылысқан, тепе-теңдік нүктесі,

РЕ –теңдік баға,

QЕ – теңдік көлем.

Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.



Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгеретінің анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.

мұнда ЕPD - сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті;

∆ Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі; ∆ Р% - бағаның қатысты өзгеруі;



График 6.6.

Икемді сұраныс.



График 6.7.

Икемсіз сұраныс.









ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі молаяды және жалпы түсім өседі.

ЕPD < 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгерісі шамалы болады және жалпы түсім азаяды.

График 6.8. Бірлік икемді сұраныс.


График 6.9. Абсолюттік икемді сұраныс.









ЕPD = 1, бағаның өзгеруі сұраныстың өзгеруімен тең болады. Жалпы түсім өзгермейді.

ЕPD = ∞, бағаның тұрақтылығы сұраныстың өсуіне әкеледі.

График 6.10

Абсолюттік икемсіз сұраныс.









ЕРD=0, баға өзгергенмен, сұраныс тұрақты қалыпта қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет