39
11 дәріс. Электр техникалық персоналға қойылатын талаптар
Дәрістің мақсаты: электр қондырғыларына қызмет көрсететін
жұмыскерлер туралы, жабдықты пайдалану кезінде оларға дайындық
ұйымдастыру және қойылатын талаптар туралы мәлімет беру.
Электр қондырғыларын пайдалануды дайындалған электр техникалық
қызметкірлер жүзеге асыруы тиіс. Электр қондырғыларына қызмет көрсететін
қызметкірлер арнайы дайындалған, сау, тиісті кәсіби дағдылары болуы тиіс.
Кәсіпорынның электр техникалық қызметкірлері былай бөлінеді [5]:
- әкімшілік-техникалық - электр қондырғыларындағы жедел ауыстырып-
қосуларға, жөндеу, монтаждау және баптау жұмыстарын ұйымдастыратын
және тікелей қатысатын;
- жедел - кәсіпорынның, цехтың электр шаруашылығын жедел
басқаруды, сондай-ақ электр қондырғыларына жедел қызмет көрсетуді жүзеге
асыратын (тексеру, ағымдағы пайдалану тәртібінде жұмыс жүргізу, жедел
ауыстырып қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істеушілерге рұқсат беру
және қадағалау);
- жөндеуші - электр жабдықтарын жөндеу, қайта құру және монтаждау
бойынша барлық жұмыс түрлерін орындайтын. Осы санатқа сондай-ақ,
мамандандырылған
персонал
кіреді.
Ол
қызметтерінің
(сынақ
зертханаларының қызметтері, автоматика және бақылау-өлшеу аспаптарының
және т. б.), міндеттеріне сынақ жүргізу, өлшеу, аппаратураларды баптау,
реттеу және т. б. жұмыстар жатады;
- жедел-жөндеу - шағын кәсіпорындардың (немесе цехтардың), оған
бекітілген электр қондырғыларында жедел жұмыстарды орындау үшін арнайы
оқытылған және дайындалған жөндеу қызиеткерлер.
Электр қондырғыларында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптік
дайындығы жұмысының тиісті сипатына ие болуы тиіс. Мұндай дайындық
болмаған жағдайда бұл қызметкерлер дербес жұмысқа жіберілгенге дейін
қызметкерлер даярлаудың мамандандырылған орталықтарында (оқу-жаттығу
орталықтары, оқу комбинаттары және т.б.) оқудан өтуі тиіс. Оқыту үшін
қызметкерге жабдықтармен, аппаратурамен, жедел сұлбалармен танысу және
осы лауазым (кәсіп) үшін қажетті көлемде бір мезгілде зерделеу үшін
жеткілікті мерзім берілуі тиіс:
- электр қондырғыларын орнату ережелері, қауіпсіздік ережелері,
өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету ережелері мен
тәсілдері, қорғау құралдарын қолдану және сынау ережелері, осы ережелер;
- лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтар;
- еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар;
- осы тұтынушыда қолданылатын басқа ережелер, нормативтік және
пайдалану құжаттары.
Оқыту бағдарламасы ең аз теориялық білімдерді, сондай-ақ электрмен
жабдықтау сұлбаларын, электр жабдықтарын монтаждау және жөндеу
41
жұмыстарынан басқа), жоғары өрмелі жұмыстар, ток өткізгіш бөліктердегі
кернеудегі жұмыстар (сымдарды жөндеу, жуу, оқшаулағыштарды тазалау
және ауыстыру, сым арқандарды майлау, жалғағыш қысқыштар мен
оқшаулағыштарды өлшеу қарнағымен бақылау). Жергілікті жағдайларды
ескере отырып, арнайы жұмыстардың тізбесі кеңейтілуі мүмкін.
Электр техникалық қызметкерлер кәсіпорынның технологиялық
ерекшеліктерін анық сезінуі, еңбек тәртібін қатаң сақтауы, қауіпсіздік
техникасы ережелерін және электр қондырғыларын техникалық пайдалану
ережелерін (ТПЕ және ҚТҚ), нұсқаулықтар мен басқа да нормативтік
құжаттардың талаптарын білуі және орындауы тиіс. ТПЕ және ҚТҚ бұзған
адамдар тәртіптік және әкімшілік тәртіппен жазаланады.
Кейіннен жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларына тікелей қызмет
көрсететін электр техникалық қызметкерлер жыл сайын тексеруден өтуі тиіс.
ТПЕ және ТҚЕ бұзушылықтарына жол берген тұлғалар кезектен тыс
тексеруге жатады. Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қайта тапсыруды
тағайындайды. Үшінші рет қанағаттанарлықсыз білімін көрсететін
қызметкерлер электр қондырғыларына қызмет көрсетуге жіберілмейді, олар
басқа жұмысқа ауыстырылуы тиіс.
ТПЕ және ҚТҚ электр техникалық қызметкерлерінің орындауы үшін
әрбір кәсіпорында жауапкершілік лауазымдық нұсқаулықтармен және
ережелермен анықталады. Кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығымен (өкімімен)
электр техникалық қызметкерлері қатарынан электр шаруашылығына
жауапты адам тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: