Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет24/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

Алдар Көсенiң 
бiр қап алтыны немесе саяси уәденiң барлығына бiрдей сенуге бола 
ма?
» (ЕҚ. – 17.09.2004). Халық арасында Алдар Көсе (прецедентті 
есім) туралы көптеген аңыз-әңгімелер тараған, солардың бірі мынау: 
«Ертеде бір еріккен хан: «Кімде-кім есекті сөйлетсе, соған бір 
қап алтын беремін, ал сөйлете алмаса, басын шабамын», − деп 


68 
жаханға жар салыпты. Еcекті кім сөйлете алсын. Көпке дейін ешкім 
келмепті. Бір күні Алдар көсе ханның алдына барып, өзінің есегін 
көрсетеді де: 
− Мына есегімді сөйлете аламын. Тек ол үшін сіз маған жиырма 
жыл уақыт және алтындарыңызды алдымен беріңіз, − депті. 
Есекті сөйлетемін дегенге таңғалған хан шартына көніп, біп 
қап алтынды есегіне артқызып, «Егер сөйлете алмасаң, басыңды 
аламын!» деп, Алдарды жіберіпті. 
Алдарды көрген адамдар оны аяп: «О, ақымақ, есекті қалай 
сөйлетесің, ертең басыңды алады ғой, – депті. 
Сонда Алдар: 
– Мен емес, сендер ақымақсыңдар. Жиырма жылға дейін не хан 
өледі, не мен өлемін, не есек өледі ғой, – деген екен». 
Осы аңызды арқауға алып, автор «орындалмайтын бос уәде» 
деген жағдайға үлгі ретінде мақала атауында осындай прецедентті 
ұтымды қолданған. Тағы бір мысалды қарастырайық: «
Тартады аққу 
көкке, шортан көлге...
» (ЕҚ. – 17.11.2012). И.А. Крыловтың «Аққу, 
шортан һәм шаян» мысалындағы оқиға желісі барлығымызға да жақсы 
таныс: үшеуінің арасында бірауыздық болмай, бір жүкті үш жаққа 
тартқандықтан, оны тұрған орнынан қозғалта алмаған болатын. Осы 
прецедентті жағдайды тілші Қазақстандағы су ресурстарының 
мәселесі жүйелі жолға қойылмай келетіндігі туралы баяндаған 
мақаласының атауы ретінде бейнелі қолданған. 
Прецедентті мәтіндер
ұлттық-мәдени қауымдастықтың орта 
мүшесіне таныс болатындығын негізге ала отырып, тілшілер мақала 
атауларында аталмыш құрылымдарды да қолданып жатады. Мысалы: 
«
Қорғансыздың күнi...
» (АТ. – 02.12.2004). М.Әуезовтің осы аттас 
әңгімесінің сюжеті мен негізгі идеясы мектеп бағдарламасын аяқтаған 
әрбір адам үшін белгілі. Тілшінің шетелдерге сатылып жатқан 
мыңдаған сәбилерiмiздiң тағдыры жайлы сөз еткен мақаласына 
осындай «есім» беруі бекер емес, себебі бұл прецедентті мәтін 
оқырман санасына шығарманың басты кейіпкері, 13 жасар Ғазизаның, 
бастан кешкен ауыр азаптары, қатал тағдыр тауқыметі жайлы 
толғандырып, терең ой салады. 
Бала кезден таныс прецедентті мәтіндердің тағы бірі – Оралхан 
Бөкейдің «Біздің жақта қыс ұзақ» әңгімесі. Осыны негізге ала отырып, 
журналист Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкiмiмен су 
тасқыны, аудан экономикасы туралы сұхбат-мақаласының тақырыпаты 
ретінде осы атауды қолданған: «
Бiздiң жақта қыс ұзақ
» (ЕҚ. – 
20.10.2010). 
Кейде прецедентті мәтіндердің халық арасында кең тарайтыны 
сонша – ол мәтіннің кез келген жерінен алынған үзіндісі оқырман 


69 
үшін таныс әрі мағыналық мазмұны терең болады. Мысалы, «Ұстазым 
менің, ұстазым!» әні – мектеп жасындағы оқушылар да, білім ордасын 
баяғыда бітіріп кеткен ересек адамдар да сүйіп тыңдайтын ән. Онымен 
реципиент санасында шәкірттеріне білім беріп, мейірім нұрын 
шашқан аяулы ұстаздар, қысы-жазы оқушылары үшін есігі айқара 
ашық білім ордасы, қызықты оқиғаларға толы сабақ уақыты сияқты 
толып жатқан естеліктер келіп, ой өрбітіп жатады. Бұл әннің 
прецеденттілік феномені журналистердің назарынан тыс қалған жоқ, 
бұған себеп – әннің түрлі бөлімдерінен алынған өлең жолдарының 
көптеген мақалаларға атау болуы. Мысалы: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет